«Шугаринг» жасап байыған астаналық ару өз кәсібінен еш ұялмайтынын айтты

Астаналық Баян Рамазанова елордада алғашқылардың бірі болып шугаринг жасап, қыруар табысқа жеткен. Бүгінде отбасылы келіншек аталған кәсібі үшін "еш ұялмаймын" дейді. Керісінше, осы бизнестің арқасында ол пәтер мен көлікке қол жеткізген деп хабарлайды NUR.KZ.

Наоми есімді қызды тәрбиелеп отырған астаналық Баян Рамазанова бұл кәсіпке қалай келгендігін айтып берді.

"Мен Астанада өз кәсібімді ертеректе, жұрттың бәрі "шугарингтің" не екенін білмеген кезде бастадым.
Сөйтіп бар-жоғы 7 минуттың ішінде барлық процесті бітіріп, өз тәжірибеммен өзгелермен де бөлісе бастадым. Қазір шугарингті екінің бірі жасайды және бағасы да бұрынғыдай емес, қолжетімді бола бастаған. Туыстарым мен жолдасым, енем "бұл кәсіпті меңгердің" деп ешқашан сөккен емес, себебі менің клиенттерім тек қана әйел адамдар. Олар керісінше менің әр бастамама қолдау көрсетіп, мені демеп келеді. Енем маған келін ретінде емес, туған қызындай қарайды. Құдайға шүкір, арамызға ешқашан сызат түскен емес", - дейді астаналық келіншек.

Баян Рамазанованың айтуынша, аталмыш кәсіппен айналысуға өзінің ата-анасы да қарсы болмапты.

"Алғашында анам маған барлық материалдарды сатып әперген еді. Ата-анам менің студент кезден бастап өздерінен ақша сұрамай, табыс тапқаныма қатты қуанды. Егер мен осы кәсіпті дұрыс меңгермесем, клиенттерім де көп болмаушы еді. Алайда, шүкір, қазір клиенттер жетіп артылады, оларға қашанда барлық жағдайды жасап, тіпті, жеңілдіктер ұсынып отырамын. Сөйтіп жүріп өз салонымды аштым, көлік пен пәтер сатып алдым. Қуанатыным, басқалар сияқты таңнан кешке дейін кеңседе отырмаймын, бос уақытым көп, сондай-ақ, табысымыз да отбасымызға жеткілікті", - дейді Баян.

Сондай-ақ, ол бойжеткендердің көпшілігі аталған процедурадан ұялатынын да айтты.

"Алғаш келгенде әрине бәрі ұялады. Мен оларды жақсы түсінемін. Ондай кезде мен қыз-келіншектерді әңгімеге тартып, көңілдерін басқаға аударуға тырысамын. Негізі бойжеткендердің барлығы бірдей шугаринге келеді деп айта алмаймын, бірақ кейде тіпті хиджаб киетін арулар да келіп жатады. Адамдар әр түрлі, бірі мұндай процедураны жақтыртса, енді бірі жақтыра бермейді", - дейді астаналық келіншек.

Баян Рамазанова қандай кәсіп болмасын, оны арланбай істеп, табысқа жету керек дегенді алға тартады.

"Армандай білу керек. Ешкімнің пікіріне қарамай, өзіңе ұнайтын іспен шұғылданып, алдыға қойған мақсатыңа қалай да жету керек. Шын тырысып баққан адамның армандары қашан да орындалады. Адал еңбекпен тапқан табыстың еш ұяты жоқ", - деп сөзін аяқтады ол. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста