«Сергектен» түскен ақша қайда кетеді?

«Сергектен» түскен ақша қайда кетеді?

Алматыдағы «Сергек» камералары сегіз күннің ішінде 2500-ден астам жол ережесін бұзу фактісін тіркеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, көлік жүргізушілеріне 42 миллион теңге айыппұл салыныпты. «Сергек» камералары қандай ережелердің бұзылғанын тіркейді?

Алматы көшелерінде өткен жылдың соңында 400 «Сергек» бекеті орнатылып, 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Бұл шамамен 2 мың камераға жуық. «Сергек» камералар үлкен көше қиылыстарымен қатар кішкентай көшелердің бойына да қойылуда.

Жандос Мұратәлиев, қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

- Біріншіден, жылдамдықты асырып жүргізген жүргізушілерге. Екіншіден, мына жол белгілерін немесе жол сызбаларын дұрыс өтпеген фактілерді, үшінші мына бағдаршамды қызылға өтіп кетсеңіз, айыппұл салынады. Және төртінші, мына қоғамдық көліктің жүретін жолдарымен жүретін болсаңыз, айыппұл салынады.

Тыйым салынған жерлерге тоқтасаңыз да, тұрсаңыз да айыппұл төлейсіз.

Айтпақшы, айыппұлдан түсетін ақша қайда кетеді? Бұл жайында алматылықтар сан түрлі пікір айтып жүр.

Жандос Мұратәлиев, қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

- Айыппұлдардың бәрі, түсіп жатқан айыппұлдың бәрі мемлекеттің бюджетіне түседі. Айыппұлдың бір тиыны да «Көркем телекомның» бюджетіне түспейді. Әр камераның, өзінің қызмет көрсетуі дейді ғой. Сол камераларды қарау бар. Оған мысалы, әкімшіліктен кәдімгідей бюджеттен ақша бөлінеді.

Кейде апаттың кесірінен немесе жедел жәрдем, өрт сөндірушілерді жіберемін деп «Сергекке» түсіп қалуыңыз мүмкін. «Оны дәлелдей алсаңыз хаттаманың күшін жоюға болады», - дейді полицейлер.

Жандос Мұратәлиев, қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

- Кейбірде қар жауып, жол белгілері көрінбей қалады. Жол сызбалары көрінбей қалады. Сондай фактілер бойынша менің атыма шағымданып келеді. Біздің қызметкерлер жаңағы жүргізушінің қатысымен жаңағы фото-бейне камераларды қосып, өзіне көрсетіп, шынымен-ақ анықталып жатса, онда әкімшілік хаттама қысқартылады.

Әсет Ахметов, «Көркем телеком» ЖШС директоры:

- Барлық ақпарат бірден тиісті орталыққа келіп түседі. Бірақ айыппұл автоматты түрде салынбайды. Әкімшілік хаттамаларды толтырудың ережесіне сәйкес оған міндетті түрде офицер қатысуы керек. Ереже бұзу фактісін аккредитацияланған полиция қызметкері электронды цифрлық қолтаңбамен бекітеді.

Болашақта Алматы көшелеріне тағы 307 «Сергек» бекеті қойылады. «Негізгі мақсат – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету», - дейді мамандар.

Жалпы 2019 жылы Алматыда 500 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі тіркеліп, жүргізушілерге 3 миллиард 600 миллион теңге айыппұл салынған.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста