Сарыағашта экзотикалық жемістер өсірілуде

Сарыағашта экзотикалық жемістер өсірілуде

Анар, киви, лимон және банан секілді елімізде бұрын соңды өсірілмеген экзотикалық жемістер Оңтүстік қазақстан облысындағф Сарыағашта өсіріле бастады. Мұндай тәжірибе жасап көруді Танабай Шынтасов деген азамат қолға алған. Оның айтуынша, біздің елде өсірілген мұндай жемістердің өнімі импорттық жемістерден кем емес.

Сарығаш ауданының егіс даласында анардың өсуі қиял-ғажайып дүние емес, шындық. Мұндай ерекше жемістер аудандағы ірі жылыжайда өсіріледі. Жылыжайдың қызметкерлерінің бірі Сапаркүл Елемісова былай дейді: «Мен бұған дейін қияр, қызанақ секілді түрлі көкөністер өсірген болатынмын, бірақ анар өсіремін деп ойламаппын. Қазір үйрендім, көшеттерді баптаумен айналысамын».
Танабай Шынтасовтың өзі әр көшетке жіті назар аударып, мұқият қарайды. өйткені экзотикалық жемістерді өз жерімізде өсіру өзінің идеясы. Ол жергілікті анардың дәмі қандай болатынын білгім келді дейді маман. Тәжірибе жүргізетін алаңды біраз уақыт зерттеп, ғалымдардан жерсініп кететін сұрыптар туралы кеңестер алған.
Танабай Шынтасов жетекшілік ететін жылыжай жемістерін келісін 300 теңгеден алады. Ал әзірге көшеттерге сұраныс аз. Диқандар өздеріне таныс емес жеміс түрлерін өсіруден жүрексінетін көрінеді. Анарды, киви мен бананды қыстың аязынан қорғау үшін жақсылап жасырады. Негізінен бұл жылыжайда экзотикалық жемістерден басқа жүзімнің ондаған түрі, алма түрлері өсіріледі. Экзотикалық жемістерді Танабай Шынтасов қызығушылық ретінде, тәжірибе жасап көру мақсатында өсіріп жүргенін айтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста