Құрылыс емес құрыған іс болды

 Құрылыс емес құрыған іс болды

Жер-жерде салынып жатқан құрылыс қарқынын көріп, көңілің көтеріліп қалатыны рас. Бұл еліміздің экономикасының қарыштап дамып жатқанының бір көрінісі деп санасақ та артық емес. Еліміздің қай қиырында да көркі көз тартатын ғимараттар бой көтеріп жатқаны қандай ғанибет. Алайда үйдегі көңіл-күйді базардағы нарық бұзатыны секілді сол құрылыс нысандарында орын алып жатқан кейбір келеңсіздіктер еріксізден еңсеңді түсіріп жібереді. Кейбір кемшіліктер құрылыс сапасына да кері әсерін тигізіп, жұртшылықтың ренішін туғызып жатады. Осындай олқылықтар Қызылорда облысындағы құрылыс саласында да орын алып жатады. Жақында облыстық құрылыс басқармасының мамандары құзырлы орындарымен біріге отырып, сол нысандардың сапасы жөнінде тексеру жүргізген еді. Нәтижесінде көптеген олқылықтар орын алғаны байқалды. «Алаш айнасы» осы мәселені қозғап кқөрген еді
Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сержан Нәметшаның айтуынша, облыстағы мемлекеттік мекемелер бірқатар жұмыстар атқарғанымен, жекелеген жағдайда мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу кезінде қабылданған шешімдер бойынша заңнама талаптарының бұзылуы байқалып отыр. Бұл деректер 2013 жылдың басындағы ҚР Бас прокуратурасының кешенді тексеруі барысында анықталды.
Осындай заң бұзушылықты болдырмау және азайту мақсатында облыс әкімінің 2013 жылдың 6 наурызында өкімі қабылданып, облыстық құрылыс басқармасы құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып белгіленді және оған қосымша штат бірліктері бөлінді.
Басқармада өткен жылы 21 млрд. 486 млн. теңгені құрайтын 224 конкурс өткізілді. Оның 92-сі құрылыс-монтаж жұмыстарына, 89-ы жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға және 43-і нысандардың техникалық қадағалауына қатысты болды. Конкурстың нәтижесінде 175 млн. 513 мың теңге бюджетке кірістелді. Оның 152 млн. 427 мың теңгесі баға салыстыру бәсекелесі бойынша үнемделген қаржы саналады. Ал 1 млн. 945 мың теңгесі баға ұсынысы берілмеуіне байланысты және 21 млн. 141 мың теңгесі конкурс бойынша жеңімпаз атанса, келісім-шарт жасасқаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде банктік кепілдікті енгізбеуге байланысты болған. Жұмыссыздар санын азайту және облыстық бюджетке түсетін түсімді ұлғайту мақсатында заң талабына сәйкес жергілікті құрылыс және жобалаушы компаниялары жеңімпаз болып танылды.
Дегенмен, осы мердігер мекемелердің ішінде 20 пайызы өз міндеттемелерін уақытында дұрыс орындамауына жол берді. Мысалы, Арал қаласында «Инжстрой-Қызылорда» ЖШС жүргізген 300 орындық мектеп пен осы ауданға қарасты Жалаңаш ауылындағы 90 орындық балабақшаның құрылысы, Арал ауданы, Тоқабай ауылындағы «Global Constraction» ЖШС жүргізген 140 орындық мектептің құрылысы, Қосаман ауылындағы «Шах и К» ЖШС жүргізген 100 орындық мектептің құрылысы, Қарашалаң ауылындағы «Гемакасес» ЖШС жүргізген 100 орындық мектептің құрылысы және «Ерсикон» ЖШС-ның Жалағаш аудандық орталық аурухананың кәріз жүйесінің құрылысы да шартта белгіленген мерзімде аяқталған жоқ.
Осыған байланысты басқарма тарапынан аталған нысандар бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз келтірілді. Көрсетілген мердігер мекемелердің барлығы сот шешімдеріне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды, яғни заңға сәйкес бұл мекемелер 2 жыл көлемінде конкурстарға қатыса алмайды. Қазіргі уақытта Жалағаш аудандық орталық аурухананың кәріз жүйесі мен Қарашалаң ауылындағы мектептің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, Арал қаласындағы 300 орындық, Тоқабай ауылындағы 140 орындық мектептердің және Жалаңаш ауылындағы 90 орындық бала бақшаның құрылыстарын салуға жаңадан конкурс өткізілді. Басқа мердігер мекемелер құрылыстары осы жылы аяқталады.
Өткен жылы тапсырылуға тиіс болатын Қамыстыбас пен Аралқұм ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар мен Жалағаш кентіндегі 250 келушіге арналған емхананың құрылыстарын кешіктірген «Майдан-құрылыс» және «Достық-Н» серіктестіктеріне заңда көзделген шаралар қолданылып, жұмыстары осы жылы аяқталатын болады. Бұдан басқа Қазақстандық мазмұнды растайтын тауарлар бойынша жалған СТ КЗ сертификаттарын конкурсқа ұсынған «Тана БМ», «Арман Қызылорда» мекемелері сот шешімдерімен жосықсыз қатысушы деп танылды.
Сол сияқты 14 жалған банктік кепілдіктерді ұсынған 9 мердігер мекеме, яғни 2012 жылғы конкурс бойынша «АқтауИнжстройИндустрия», «УМР», «ҚАЗқұрылыссервис» және «Дәнекер ҚК», ал 2013 жылғы конкурс бойынша «Стройсервис Б.А.Ж.», «Мелиоратор», «Гемакасес», «Майдан-құрылыс» және «Қасиет-Ал» серіктестіктері бойынша сотқа талап арыз беру жөніндегі шаралар қолданылды. Бұл екі жағдай бойынша жинақталған құжаттары облыстық қаржы полициясы мен ішкі істер органдарына жолданған.
Бұдан басқа өткен жылдардан келе жатқан Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы 900 орындық мектеп, Арал ауданы, Сексеуіл стансасындағы 150 орындық клуб, Қызылорда қаласындағы «Сыр цементі» зауытына сыртқы инженерлік желілерін тарту, сонымен қатар Қызылорда қаласы, Талсуат ауылындағы 300 орындық психоневрологиялық интернат нысандары қаржы полициясы органдарымен тексерілуде. Қазіргі уақытта Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы 900 орындық мектептің құрылысын «Сұңқар ССК» ЖШС жүргізуде, ал Арал ауданы, Сексеуіл стансасындағы клубтың құрылысы бойынша шарттарды бұзу туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін, нысанды аяқтауға конкурс өткізілетін болады.
Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қатысты тоқтала кетсек, келісім-шарттың міндеттеріне сәйкес әзірленуге тиіс болған 89жоба-сметалық құжаттаманың ішінде 40-ы мерзімінен кеш орындалған. Атап айтқанда, «Проммедконтракт» ЖШС – 12, «АбзалпроектКонсалтинг» ЖШС – 10, «СанжарпроектСервис» ЖШС – 6, «Сартөбе» ЖШС – 3, «Проект Сервис» ЖШС – 3, «Жоба» ЖШС – 2, «ҚызылордаЖобаҚұрылыс» ЖШС – 1 және «Sreda» ЖШС 1 жоба-сметалық құжаттама бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз беріліп, айыппұл өндірілді. Ал, «Промстройпроект» ЖШС 2 жобаны мерзімінде әзірлемегені үшін сот шешімімен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылған.
Сотқа талап арыз беру арқылы шаралар қолданылған шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған кейбір мердігер мекемелер өздерінің жіберген қателіктерін мойындады. Осы жағдайларды қоспағанда, өткен жылы қосымша 28 мердігердің шарттағы міндеттерін орындамай, нысанды уақытында тапсырмағаны үшін сотқа барлығы 141 талап арыз беріліп, 815 млн. 219 мың теңге өндірілді (оның ішінде 59 млн. 471 мың теңгесі бюджетке кірістелді).
Үнемі жүргізілетін мониторинг барысында 2013 жылы төмендегі тапсырыс берушілер өкімнің талабын сақтамай, конкурстарды жариялағанын анықтады. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының құрылыс бөлімінің басшысы М.Әлсеріков 2013 жылдың 11 сәуірінде 50 пәтерлік үш үйдің құрылысын салуға конкурсты, Қызылорда қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Молдабаев 2013 жылдың 14 маусымында «Қызылорда қаласы, Бейбарыс көшесін қайта жаңғырту» жұмыстары бойынша конкурсты, Шиелі кентінің әкімі Н.Мырзабеков Шиелі кентіндегі орталық стадионды күрделі жөндеуге қатысты конкурсты, Жаңақорған ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тәжіғұлов «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылындағы 90 орындық балабақша құрылысы» нысандары бойынша конкурсты өткізу туралы хабарламаның жариялануына жол берген. Ал, бас дәрігер Г.Жұмашева өзі басқаратын Қызылорда қалалық перзентханасы нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына өткізілген конкурсқа қатысқан мекемемен емес, керісінше конкурсқа қатыспаған мердігер мекемемен келісім-шартқа отырған. Нәтижесінде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабында көрсетілген әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы туралы талаптары сақталмаған.
Үстіміздегі жылы облыстық құрылыс басқармасы бірыңғай ұйымдастырушы ретінде бүгінгі күнге дейін 48 млрд. 791 млн. теңгені құрайтын 193 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Оның ішінде 65-і жобалық-сметалық құжаттама дайындау, 21-і техникалық қадағалау, 2-і проблемалық нысандарға күзет қою және 105-і құрылыс-монтаж жұмыстары, оның ішінде 50-і құрылыс басқармасының нысандары болса, қалған 54-і облыстық, қалалық және аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің нысандары болып табылады. Осы өткізілген конкурстардың нәтижесінде әлеуетті өнім берушілер арасында баға салыстыру бәсекелесі бойынша 171 млн. 469 мың теңге қаржы үнемделген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста