Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4, 87 теңгеге қымбаттады. 1АҚШ долларының орташа бағамы – 469, 26 теңге. Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464, 16 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 464,28 теңге, сатып алу – 471 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 463,50 теңгеден болса, сатып алу құны – 467, 46 теңге.
ҚазАқпарат