Қолжетімді баспана үміт сыйлар жасқа да

Қолжетімді баспана үміт сыйлар жасқа да

Әлеуметтік жағдайды жақ­сарту мәселесі баспанаға тіке­лей байланысты екеніне ешкім таласа алмас. Өйткені бүгінде жұ­мыссыздық көптеген мем­­л­екеттің сызжарасы бол­са, бас сақинасы баспана болып отыр. Осы орайда, қам­қорлыққа мәжбүр жан­дар­ға қолжетімді пәтер мүм­кіндігін тудыру Жолдау жүк­теген міндеттердің бірі бо­лып табылады. Сондықтан қалың бұқара Мемлекет бас­шысының тұрғын үйге қа­тысты Жолдауда айтылған бас­тамасын түбегейлі құптап, «Қол­жетімді баспана–2020» бағ­дарламасына айрықша қуа­нышты.
Әлемдегі айтулы қаржыгерлер алдағы уақытта болатын қаржы дағдарысының салдары бойынша сан түрлі болжам айтса, алпауыт  мемлекеттер әр жерде бас қосып, дағдарысқа қарсы қолданатын «иммуни­тет­ті» іздестіруде. Осы орайда, Қазақстан Рес­­пу­бликасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жыл­ғы «Әлеу­­­меттік-экономикалық жаңғырту – Қа­­­зақстан дамуының басты бағыты» атты Қа­­зақстан халқына арнаған Жолдауы қар­­жы­лық дағдарысты еңсеретін әрі таяу­да­ғы он­­жылдықта атқарылатын жұ­мыс­тар­дың нақ­ты бағдары деп айтуға болады. Бол­­жан­­ған дағдарысқа әлеуметтік-эко­но­ми­­калық даму көрсеткішін сақтай отырып қар­сы әрекет ету, жұмыс орындарын сақтап қа­на қоймай, 1,5 миллион адамды жаңа жұ­мыс орындарымен қамту – ертеңіне се­німді мемлекеттердің ғана қолынан келетін іс. Бұл орайда Орталық Азияның барысы алдағы уақыттағы қоғамымыздың қай саласының болсын дамуын басты назарға алып отыр.   
Жолдаудағы Үкіметке берілген тапсыр­ма­ларға сай, алдағы уақытта еліміздің әлеу­меттік әлеуетін арттырып, эко­но­ми­ка­сына тың серпін беретін бағдарламалар дү­ниеге келмек. Бұл бағдарламалардың бас­ты мақсаты – қазақстандықтардың күн­б­е-күнгі кездесетін мәселелерін ше­шу. Яғни өмір сүру деңгейін арттыру. Соның бі­рі – жуырда қабылданған «Қолжетімді бас­пана–2020» бағдарламасы. Оның ерек­шелігі, бағдарламада тұрғындардың үй мәселесін шешудің бірнеше бағыты қа­растырылған.
Елбасы баспана мәселесін бюджеттің бір тиынының өзі есептеулі әрі қы­­­сылтаяң уақытта жайдан-жай алға шы­ға­­рып отырған жоқ. Өйткені бұл – ха­лық­тың ең жанды жері, шетін мәселесі. Сон­дық­тан ол – дер кезінде қолға алынған тың бас­тама деуге толық негіз бар бағ­дар­лама.
Мемлекет басшысының Үкіметке жүк­теп отырған міндеті – алдағы уақытта жар­ты миллионнан астам жас отбасын жеке бас­па­­намен қамтамасыз етіп, жалға берілетін тұр­ғын үй алаңын 1 млн шаршы метрге жет­­кізу. «Оған қоса, жалға алғаны үшін жа­салатын төлем әл-ауқаты орташа отбасы мүм­кіндігіне сай болуы тиіс», – деп ел кө­кейіндегіні Жолдауда дәл тапқан. Осы орайда, жүзеге асқалы тұрған «Қолжетімді бас­пана–2020» бағдарламасы тек қана үй мәселесін шешіп қана қоймай, халықтың көп­теген әлеуметтік-экономикалық, ру­хани, мәдени, демографиялық мәселесін ше­шуге септігін тигізбек. Несін жасырамыз, бү­гінде отау құрғанымен,  басыбайлы бас­па­насы жоқ, ортақ қазанын ортайтып, пәтер жалдап жүрген жастарымыз дүниеге бала әкелуге шешім қабылдауда тәуекелге бара бермейді. Пәтер жалдап, соның ауырт­пашылығынан ажырасып кетіп жат­қан­дары да кездеседі. Ал өзінің жеке тұр­ғын үйі бар отбасының қаражаты үнем­де­ліп, тұрмысын жақсартуға мүмкіндік ала­тыны, оның демографияға да оң ықпал ететіні сөзсіз.
Елімізде бұған дейін жас отбасыларды, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік сала мамандарын тұрғын үймен қамту жөніндегі бағдарламалар жүзеге асы­рылды. Ал қолданысқа енгізілген бағ­дар­ламада ұзақмерзімді жалға алу, кейін сатып алу мүмкіндігінің қарастырылуын өзін­дік жетістік деп айтуға болады. Осы орай­да, мемлекет дүниеге келген сәбиге бай­ланысты жас отбасының жалға алған пә­те­рінің  қа­ры­зын белгілі бір мөлшер бо­йынша қысқартуды өз мойнына алуы ке­рек. Мұндай әдісті қол­да­нып отырған мем­ле­кеттердің тәжірибесін са­ралап, өзімізге енгізуге біздің де қаржылық мүмкіншілігіміз жеткілікті деп ойлаймын. Сон­ымен қатар жас отбасы деңгейінің жас ерек­шелігін 29-дан 34-ке дейін ұлғайту жа­ғын ойлас­тыр­ғанымыз жөн секілді. Себебі бұл жас мөл­ше­рі ел ертеңінің пісіп-жетілуіне, салмақты деңгейде қалыптасуына көп көмек болар еді.
Жалпы алғанда, қай жағынан қарасақ та, «Қолжетімді баспана–2020» бағдар­ламасы құрылыс саласының қарқынды да­муына әсер етеді. Тағы да жаңа жұмыс орындары ашылып, құрылыс мате­риал­да­рын шығаратын өндіріс орындары жұмыс іс­тейді. Салық түсімдерінің көлемі ұлғаяды. Мұ­ның бәрі түптің-түбінде өңір­лер­ді де да­мытуға ықпал етпек. Дегенмен бағ­дар­ла­маға сай құрылысы жаңадан жүргізілетін тұрғын үйлерде азаматтардың жайлы өмір сүрулеріне барлық жағдай жа­салынып, балалардың ойын алаңдарының кө­беюіне, үй төңірегінің абаттандырылуына ба­сынан назар аударылуы керек. Мектеп, ба­ла­бақша, демалыс, сауда орындары да на­зардан тыс қалмауы қажет.
Соңғы 10 жылда дамудың даңғыл жо­лына түскен мемлекетіміздің құрылыс саласы табыстан құралақан емес. Сәулет өнерінің озық үлгісін қолдана отырып, Астана, Алматы және басқа да өңірлердің дамуына сән қосқан көптеген ғимарат бой көтеруде. Алдағы уақытта құрылыс жұ­мыс­тары жаңа биіктерге көтеріле түспек. Ал алып құрылыс алаңына айналып отырған елімізде бұл салада бағын­ды­рылған биіктермен қатар, жіберілген кем­ші­ліктердің де болуы – ойланарлық жайт. Жер­гілікті атқарушы билік «бөлінген қар­жыны уақтылы игердік, сапасы сан соқ­тыр­майды» деп жар салғанымен, қа­рапайым халық басқаша айтады. Құрылыс жұ­мыстарын жүргізуші компаниялар қа­жетсіз жұмыстарды жүргізіп, ел арасында «чер­новой» атанып кеткен үйлерді пай­да­лануға беріп, халыққа артық күш салуда. Екі жақтың пікірі екі түрлі. Қорытындысы – бюд­жеттен бұл мақсатқа қомақты қаржы бө­лініп, игерілгенімен, нәтиже ойдағыдай емес. Бұл туралы қаншама рет БАҚ-та айтылып, жиын­дарда сөз қозғалғанымен, құла­ғы­мыздың еті өліп, елеуден қалдык. Мұның со­ңы Қарағандыдағы «Бесоба» тұрғын ке­шеніндегідей апатқа әкеліп отыр. Аталған тұр­ғын үйді салу барысы өрескел қате­лік­терге бой алдыртып, «айқайдың» күшімен біт­кені бүгінде дүйім жұртқа белгілі болды. «Ай­ранды ішкен құтылып», баспанасыз қал­ған елдің көз жасына бюджеттен бе­рі­ле­тін қаржы тыйым болса игі. Барынан айы­рылғандарға қолдан келер көмек көрсетіліп, нақты жазықтылар заң алдында өз жазаларын алуы тиіс.
Мұндай кемшіліктер құрылыс сапасына бас-көз болатын Қазақстан Республикасы Құ­рылыс істері және тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылығы агенттігінің ресурстық күшінің жетімсіз екенін дәлелдеп отыр. Өйт­кені былтырғы Жолдауында Қазақстан Рес­­публикасының Президенті Н.Ә.На­зарбаев Үкіметке қазақ­стан­дық­тар­дың өмір сапасын жақсартуға ба­ғыт­талған үш бірдей бағдарлама даярлап, оны жү­зег­е асыруды жүктеген болатын. Соның бірі – Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаң­ғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағ­дарламасы.
Бағдарламаның жүзеге асырылуына бір­ден-бір жауапты – ҚР Құрылыс істері және ТКШ агенттігі. Агенттіктің 2011 жыл­дың қорытындысы бойынша жасаған есе­бін­де бағдарлама шеңберінде рес­пу­бли­када 1,5 млн шаршы метрді құрайтын 373 көпқабатты үйге жөндеу жұмыстары жүр­гізіліпті. Бағдарлама тұрғындар тарапынан қы­зу қолдау тауып, ағымдағы жылға үй жөн­деуге мыңға жуық адамнан өтініш түс­кен. Жақсы бастаманың атқарылуын ба­қы­лау барысында атқарушы органдардың жұ­мысты дұрыс ұйымдастырмауынан да көп­теген кемшіліктің орын алғаны анық­талған. Сондай-ақ өткен жылдан бері атал­­ған агенттік жергілікті атқарушы ор­ган­дар жүзеге асырып келген мемлекеттік сәу­лет-құрылыс бақылау және лиц­ен­зия­лаудың құзыреті мен өкілеттігін де өзіне жүк­теп алды. Сондықтан бір басына ­шаш ­е­тектен функцияларды жүктеп алған агент­тіктің күшімен қордаланған мәселе­лер­ді ше­шу, жұмысты алып жүру мүмкін емес деп санаймын. Осы орайда Министр­лер кабинеті жедел түрде өз алдына Құры­лыс істері жөніндегі жеке агенттік құрып, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылығын одан бөлуді ойластырулары керек. Осын­дай қадамдарға бару арқылы ғана біз құ­рылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­­лығы саласындағы істің сапасына ба­­қы­лау жүргіземіз. Ең бастысы, басы дау­дан арылмайтын салаларды жіліктеп, жік­теп, қыруар шаруаны атқаруда қа­ра­па­йым тұрғындармен біте-қайнаса жұмыс іс­теуге мүмкіндік аламыз.
Әр нәрсе ел игілігіне жасалу керек. Бізге осыны түсінетін кез жетті. Оған ең бірінші халықтың әлеуметтік мәселелерін ше­шіп беру арқылы жақындау өте маңыз­ды. Сондықтан бұл бағытта атқарушы би­лікке халық жағына қарай ойысқан аса тиімді. Ал бұған Елбасының биылғы Жол­да­уы зор мүмкіндік беріп отырғанын жа­сыруға болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста