Қоян жылы қоян бақ

Қоян жылы қоян бақ

Қоян шаруашылығы агросектордағы ең кірісті саланың бірі болуы тиіс. Расында, жылдар күткізбей, жылдам өнім беретін өндірісті дамыту керектігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Қалқан құлақтардың көл-көсір табыс көзі екеніне енді көз жетіп, қолға алына бастағанына көп уақыт өте қойған жоқ. Кезінде қоян өсірумен айналысқан адамдар бұл саланың экономикалық тұрғыдан өте тиімді екенін айтады. Расында, жылына үш-төрт мәрте төлдейтін қоянның еті де, терісі де тиімді, яғни «басынан бақайшағына» дейін тұнып тұрған ақша.  Қоян шаруашылығының тағы бір артықшылығы, егер жаңа технологиямен өңдесе, қоян терісі құнды шикізатқа айналады. Одан түрлі сырт киімдер тігіледі.
Бүгінде Алматының түбіндегі «Қоян» ЖШС-нің ісмерлері қоян терісінен ба­лалар тонын тігуді меңгергендігі соның ай­ғағы іспетті. Қоян терісінен тігілген тон­дар­дың қай кезеңде де сәннен қал­майтынын ес­кер­ген де артықтық етпес... Дүниежүзінде қояндар мен ор қояндар тұқымдасының 11 тобы тіркелген. Әлем бойынша салпаң құлақтардың 100-ге тарта түрі мекендейтін көрінеді. Қоянға қатысты мақал-мәтел шы­­ғарудан алдына қара салмайтын қа­зекемнің «Қоянның өзін көр де, қалжа­сынан түңіл» деген нақылы бүгінгі күнге жүрмейді. Расында, қалжаға қарап қапы болуға бол­май­ды. Тез көбейетін, жылына үш мәрте кө­жектеп, әр жолы 6-дан 14-ке дейін кө­жек табатын өсімтал жануарға бет бұрып, мол табыс тауып отырған ша­руа­шы­лықтар бар бүгінде.
Осы орайда оңтүстікте қолға алынып жатқан ілкімді істер баршылық. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында қолға алынған тың жаңалықтың бірі – қоян ша­руа­шы­лығы жуырда өзінің рекордтық көр­сет­кішін жария етпек. Олай болатын да жөні бар. Бес айдың ішінде қоян «отары» жеті есе­ге өскен. Көптен бері сұраныссыз ма­мандықтардың қатарынан орын алған зоотехниктер де осында екі қолға бір күрек тауып отыр. «Құнды да диеталық етпен оңтүстікқазақстандықтарды ғана емес, өзге өңірлерді де толық қамтуға мүмкіндік бар» дейді мұндағылар. Қазірдің өзінде бірлесе жұмыс жасауға Италия, Франция, Финляндия, Германиядан ұсыныстар тү­сіп­ті. 28 қосымша дәрумендер қосылған құ­нар­лы жемді Алматы облысынан сатып ала­­ды. Оны алыстан арбаламай-ақ, жа­қын­­нан дорбалауға мүмкіндік бар, осында-ақ өндіруге болады. Бірақ қолдау бол­май тұр. Сапалы әрі экологиялық таза өнім­ге сусап отырған шақта қоян еті тап­тыр­майтын деликатес болары сөзсіз. «Ха­лал» стандарты бойынша диеталық өнім­мен демалыс орындары, балалар бақшасы, ауруханаларды қамтамасыз етуге болады. Балаларға арналған тағамдардың қо­сым­ша өнідіріс ошағын ашуға да болар еді. Өйт­кені дәрігерлер бала алты айға тол­ған­нан кейін қоян етін беру қажет деп есеп­тей­ді. Мұнда акселерациялық қоян­дар­дың «ақ алып», «кеңестік шиншилла» және «күміс түсті» деп аталатын түрлері өткен жылдың қараша айында Қазан қаласынан жеткізіліпті. Мамандар МИАКРО тех­но­ло­гиясы бойынша оқып, білімдерін же­тіл­діріп келіпті. Мұндағы жұмыстың басым бөлігін «ақылды автоматтар» атқарады. Сондай-ақ облыс аумағындағы Түлкібас ауданына қарасты Керейт ауылында да биыл­дан бастап қоян өсіру қолға алынды. Бұл – өзге бизнес түріне қарағанда, аса табысты іс. Экологиялық таза ет болған соң, емдік қасиеті де мол. Аталмыш ша­руа­шылық «Оңтүстiк» ӘКК жанындағы «Оңтүстiк» асылтұқымды шаруашылығы» ЖШС-нің ықпал етуімен ашылған. Бұл қояндар бұрынғы қояндардан өзгерек, үш есе жылдам көбейеді. Ретро-қоянның бiр жылда қосатын 4-6 келi салмағын акселераттар төрт айда жинайды екен. Бұл дегенің – азғана уақыт ішінде ет өндірісін жолға қоюға болады деген сөз. Қал­қан ­құ­лақ қояндардың бір ерекшелігі – ешқашан ауырмайтындығында. Вакцина са­лын­бай­ды. Яғни артық шығын шығарылмайды. Ал етiнiң дәмді болатыны да сол – дәрі же­ме­гендіктен.
Ғани ҚАРАБЕКОВ, «Оңтүстiк» ӘКК басқарушы директоры:
– Бұрынғы қояндармен салыс­тыр­ғанда, акселераттың терiсi өте сапалы. Етін сатуға жіберсек, терiсiн Тараздағы өң­деу зауытына жөнелтiп, балаларға жә­не жастарға арналған сәндi сырт киiм­дер, көрпе және тұрмыстық заттар тi­гудi жоспарлап отырмыз.
Бұл жобаның жалпы құны 191, 836 мил­­лион теңгені құрайды. Соны шар­уа­шы­лықтың тағы бір тиімді жағы, ауыл тұр­ғын­дарына да жұмыс тауып беріп отыр. Кор­порация аталмыш ферма жанынан ин­кубаторлық-өндiрiстiк стансы ашты. Жос­пар бойынша бiр жылда 24 тонна қоян етi, 9 600 қоян терiсiн және 180 мың көжек алы­­нады деп күтiлуде. Жалпы есеп бо­йын­ша жоба үш жылда өзiн толық ақтап шы­ғады. Мамандардың айтуынша, ас­қа­зан­дарының құрылысына қарай қояндардың аузы жемнен құрғамауы керек екен. Олар­ды тәулігіне 80 рет жемдеу қажет. Күніне екі-үш рет ауқаттандырса, аштан қатуы әбден мүм­кін. Еттердің барлық түрі бойынша қоян еті белок, дәрумендердің молдығы бо­йынша бірінші орын алады. Қоянның еті адам­ның ас қорыту жүйесінде 95-96 па­йыз қорытылады екен. Ал қазекең тым жиі тұ­тынатын қой мен сиыр етінің адам ағ­засына сіңімділік көрсеткіші 50 пайыздың төңірегінде көрінеді. Сондай-ақ аллергияға қарсы көрсетілімі бар. Әдетте аналығы жылына төрт рет, 6 – 12 көжек туады. Ал еті мен тері үшін өсірілетін ша­руа­шы­лық­тарда қоян 20-ға жуық көжек туады, олардың бір тобынан 40 – 50 келі ет алы­нады. Түбіт алу үшін өсірілетін ша­руа­шылықтарда әрбір ірі қояннан жылына 350 – 500 грамм түбіт алынады.
Қоян етінен шұжық дайындау ісі бүгінде түрілмеген тың болып тұр. Алдағы уақытта жеңсік асты қолға алатындар табылып қа­лар деген де үміт бар. Сондай-ақ бұл са­ла­ның да күнгейімен қоса, көлеңкесі де бар­шылық. Қытай елі қоян шаруашылығын мем­лекеттік бағдарламаға енгізген. Ал біз­де… «Өндіріс қуаттылығын арттырып, ми­ни ферма сатып алу үшін құрылыс пен жемдеу цехын жарақтандыру үшін мем­лекет тарапынан субсидия мен жеңіл­де­тілген несие алуды қарастыру керек» дейді мамандар.

Қоян-табыс
Қоян шаруашылығы қолға алынбай тұрып-ақ үйде өсіріп, сатып, пайдаға кенеліп отырғандар баршылық. Мәселен, 20 бас қоянды сатып алсаңыз, барлық шығын, жемімен қоса есептегенде, 260 мың теңгеге жетуі мүмкін. Ал түскен табыс – екі-үш есе. Терісіне дейін ақша. 523 мың теңге таза табыс табуға болады.
Қоян-дәру
Ғалымдар үй қояны жеті айлығына дейін ядролық қалдықтарды, сондай-ақ гербицид пен пестицидті бойына сіңірмейтінін дәлелдеді. Қоян етінде холестерин мүлдем жоқ. Есесіне, қоян еті ақуызға, витамин мен минералға бай. Қоян еті – гипертония мен тағам аллергиясына шалдыққандарға, ішек құрылысы мен өт жолы ауыратындарға таптырмайтын тағам. Әрі иммунитетті көтеретін қасиеті бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста