Қой жүні кәдеге жарайды

Жеңіл өнеркәсіптің негізгі құнды шикізаты саналатын жүн өңдеу ісі қазақта қашаннан бар. Қырқылған жүнді аналарымыз жуып, тулаққа салып сабап тазалайтын, сосын киіз басып, сырмақ жасайтын, жіп иіріп, киім тоқитын. Енді бұл қол еңбегінің бәрі жаңа технологияға негізделетін болды.

Алматы облысындағы «Үштөбе Отау» ЖШС қой жүнін өңдей бастады. Мұндағы жүн алдымен құрамы әрқилы алты түрлі ваннада жуылып,тазартылады. Сонан соң өз зертханаларына жіберіледі. Онда май­лылығы, ұзындығы мен жіңішкелігі, мине­рал­дығы, дымқылдығы арнайы тексерістен өтеді. Ерекшелігіне байланысты сұрып­та­лып, цехта жеке-жеке орам болып тақталанып шығады.
Облыста жүн өңдейтін жалғыз кәсіп­орын саналатын бұл серіктестік қазір күніне 5 тонна жүн өңдеуде. Цехтан шыққан жүн тал­шықтарын Италия, Қытай, Түркия елінің кәсіп­керлері талдауға алып кеткен, десе де, өнім әзірге тек Қытайға жөнелтіліп отыр. Болашақта экспорттау географиясы кеңеюі мүмкін.
Зауыт басшылығы келер жылы екінші желінің іске қосылатынын айтып отыр. Бүгінгі күні 50 адам жұмыс істесе, кәсіп­орын кеңейтілген соң жұмысшылар саны 150-ге жетіп, өнім көлемі де едәуір артады деп жоспарланған. Сонымен қатар «Қаз­Агро­Өнім» АҚ-мен келісімшарт жасасып, соның негізінде өңірдегі фермерлермен қоян-қолтық жұмыс істеуге мүмкіндік тумақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста