Қазақтың қара суының өзі тұнып тұрған байлық

Абзалында, «жер байлығын ұқсату тұрғысында мамандардың дені әрбір талды қадірлеп, қастерлесек соның өзінен ұтымды дүние шығаруға болады. Тіпті қазақтың қара суының өзі тұнып тұрған байлық» деседі. Бұл ретте еліміздің Гидрогеология және геоэкология институтының мамандары тарапынан жүргізіліп отырған арнайы зерттеулер де бар.

Мысалы, ғылыми зерттеулерге жүгінсек, елде Іле Алатауының маңынан, Шымкент қаласынан жер астынан ыстық сулардың шығу көрінісі бар. Олардың жоғары қысымы 80-100, 40-45 градусты көрсетіп отыр. Павлодар облысында жер астында 20-25 градустық жоғары қысымда ыстық сулардың бары белгілі болып отыр. Маңғыстаудың маңында ыстық сулар бар. Бірақ әзірге бұл ыстық сулардың қасиеті, құрылымы толық зерттеліп болған жоқ. «Осы жерде бір айта кетерлігі, біздің еліміздегі жер асты суларында сирек кездесетін металдар, химиялық элементтер көп. Еліміздегі жер астынан шығатын минералды сулардың құрамы тіптен ерекше. Қазір біз тек «Сарыағаш» минералды суын ғана пайдаланып жүрміз. Ал елде қаншама минералды сулардың қасиеті зерттелмей жатыр» дейді мамандар.

Қорлан Апсалықова, химик-ғалым:
- Бізде Батыс Қазақстан облысы бойынша жер асты суларының ішінде кездесетін сирек металдар тіптен құнды. Мұндай сирек кездесетін металдарды әлемдік тұрғыда «судан алынатын рудалар» дейді. Әлемдік нарықта судан алынатын сирек кездесетін металдардың бағасы мұнай мен алтыннан да қымбат. Болашақта біз осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға күш салуымыз керек. Қазір Қытай елі сирек кездесетін металдар алуда әлемдік беделге ие болып отыр. Осындайда өзіміздің бейқам қалыпта отырғанымызға қарап еріксіз қынжыласың.
Иә, осыдан соң амалсыз «аспан асты елінің ұқсатпайтыны жоқ» деп іргеміздегі Қытай еліне қызыға қарайсың. Ғалымдарымыз бұл тұрғыда бізге іздену мен еңбектену қажеттігін тағы бір мәрте баса айтып отыр.
Аралды ұқсатсақ иод тапшылығынан арылар едік
Табиғи байлық дегенде тағы бір басымдық беріп айта кетер жайт, қазір елімізде қазір йод тапшылығы мықтап орын алып тұр. Ал сол йод тапшылығын біздегі табиғи байлық көзі арқылы жоюға әбден болады. Ғалымдардың дәлелдеуінше, Аралдың суының құрамында йод ресурсы тұнып тұр. Біз бұл мүмкіндікті де құр жіберіп отырмыз. «Негізі, жерден шығатын ыстық суға халық бекерден-бекер сеніп емдік қасиетіне бас ұрып барып жатқан жоқ. Денсаулыққа пайдасы болған соң халық ыстық суға қарай беттеп жатыр. Есебін тауып зерттесе ол судан да қаншама сирек кездесетін металдар табылатын еді. Өкініштісі осыны зерттеу жоқ» дейді отандық ғалымдарымыз. Бұл пікірлерге қатысты пайымдасақ, көптеген жекелеген мұнай өндіруші компаниялар сапалы мұнай алу үшін де, мұнай құбырларының үстінен ыстық су жүргізіп қоятыны да мәлім. Демек, бұл ойланатын нәрсе.

Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
- Біз Аралды сорға айналып кеткен экологиялық аймаққа жатқызамыз. Қазір Аралда ашық тұз жатыр. Егер оны ұқсатсақ, ол жерлерге арнайы зертханалық жұмыстар жүргізілсе иод тапшылығынан халықты ада ету мүмкіндігі туатын еді. Әрине, егер біз болашақта су көзі арқылы табысқа кенеліп, өзіндік бренд жинаймыз десек, осы саланы зерттейтін ғалымдарға қолдау көрсетілуі керек. Ғылымға жастарды жасақтауға тиіспіз. Қуатты технологияны ғылымға жұмылдыру қажет. Әсіресе су мәселесі қуатты технологияны қажет етіп отыр. Жер асты суларын зерттеуде нанатехнологияға жүгіну, осы арқылы жаңашылдыққа ұмтылу біз үшін ауадай қажет.
Болашақтың наноматериалдарын зерттеу керек
Жалпы, біз бұған дейін де негізді ғылыми жаңалықтардың өмірге енуі, мемлекетаралық саяси қарым-қатынасқа, әлемдік сауда айналымына, өндірістің дамуына үлкен әсерін тигізетінін сөз еттік. Бұған қатысты ғалымдарымыз «бір ғана графен наноматериалының қолданысқа келуі космос, әуе кемелері, машина жасау, электроника, байланыс жүйелерінен темір атаулыны түгелдей ығыстырып шығарады» дескен. Ендігі кезекте біз осы болашақтың наноматериалдарын зертетуге күш салғанымыз жөн. Мәселен, бұл ретте ғалымдар бүгінде жер бетіндегі темір рудасы таусылуға таяу екендігін, 40-50 жылдан кейін темір тапшылығы орын алатынын алға тартады. Осы тұста темірдің орнын алмастыратын композиттік материал базальттан жасалған бұйымдар болмақ. «Бұл материал өте жоғары температураға шыдамды және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз. Алмаздың тығыздығын шартты есептік көрсеткіш бойынша 10 деп алсақ, базальттікі 8-9 құрайды. Осыдан-ақ оның берік материал екенін байқаймыз. Базальт өзінің формасын еш уақытта жоғалтпайды. Соңғы кездері ірі бетон конструкцияларын жасайтын құрылыс компаниялары панельдердің арасына базальттан жасалған арматураларды сала бастады. Өйткені базальттан жасалған арматура қолданылған панельдер жер сілкінісіне төзімділігін байқатты. Базальттың мұндай артықшылықтары жетіп артылады. Сол себепті біздер базальтты болашақтың материалы деп атап жүрміз» дейді ғалымдар.
Қалай десек те біздегі барды ұқсатудың көзі ғылымда жатқаны белгілі. Ғылым өркендемей елдің дамымайтынын бізге ұғынатын кезең әлдеқашан жетті. Біреулер қаржы институттарымен, технологиясымен, электронды құралдарымен атын әлемге әйгілеп жатқанда бізге де шектеліп қалуға болмайды. «Ендігі біздің ойымыз, ұлан-ғайыр жеріміздің байлығын орнымен игере білуде болу керек. Оған қоса, мәдениетіміз, әдебиетіміз дами түсуі қажет. Мәдениет, өнер, ғылым, спорт, әдебиет, экономика саласындағы жетістіктерге қолдау көрсетілуі тиіс. Жалпыұлттық саясат осындай деңгейде болғанда ғана Қазақстан дамыған елдердің көзін қызықтыратын болады» дейді еліміздің сарапшылары.

"Алаш айнасы"

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста