Қазақстанда кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі қосымша пакет әзірленді

Қазақстанда кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі қосымша пакет әзірленді

4 наурызда Үкімет басшысы Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.

 
Отырыста Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов баяндама жасады.

2020 жылдан бастап ұлттық экономикадағы қалпына келтіру серпінін қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді, кәсіпкерлік қызметті жандандыруды, цифрландыруды, АӨК әлеуетін ашуды, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық, көлік, әлеуметтік және сауда инфрақұрылымын дамытуды көздейтін дағдарысқа қарсы шаралардың бірнеше топтамасы қабылданды.

2020 жылы COVID-19 пандемиясының салдарынан экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының бірі - шағын және орта бизнес. Осыған байланысты, биыл «Атамекен» ҰКП 50 мыңнан астам кәсіпкерге қосымша қолдау шараларына қажеттілік тұрғысынан сауалнама жүргізді.

Сауалнама нәтижесінде 4 бағыт: бизнеске жүктемені азайту, қаржыландыруға, сұраныс нарықтарына және сапалы адам ресурстарына қолжетімділікті кеңейту бойынша 24 шарадан тұратын қосымша пакет әзірленді.

Жаңа шаралар топтамасы 26 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында қаралды.

Шаралар кешені экономиканың зардап шеккен салаларындағы ШОБ субъектілерінің ЭҚЖЖ тізбесін 1 маусымға дейін жеңілдікті шарттармен қайта қаржыландыру үшін 29-дан 174-ке дейін кеңейтуді, мемлекеттік мүлік объектілері және квазимемлекеттік сектор мүлкі бойынша жалдау төлемдерін есептеуден 1 шілдеге дейін ШОБ зардап шеккен субъектілерін босатуды ұзартуды, ағымдағы жылдың соңына дейін мүлік салығын төлеуден босатуды ұзартуды, жұмыс берушіден алған қорғау қаражаты түрінде кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің табыстарын ЖТС-дан босатуды, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бастамасы бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығына мораторийді 1 шілдеге дейін ұзартуды, отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қолжетімділігін арттыруды, «Даму» КДҚ» АҚ кепілдік беру құралын Ұлттық банктің жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына таратуды қамтиды.

Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне 25 наурызға дейін Мәжіліске енгізу үшін қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер топтамасын ағымдағы жылдың 12 наурызына дейін Үкіметке енгізуді тапсырды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста