Қазақстан 2015 жылы қандай болады?

 Қазақстан әр жылдары ел өмірінің түрлі салалары бойынша мемлекеттік бағдарламалар қабылдады. Олардың ішінде әдетте республика қол жеткізуі тиіс нәтиже мен оның мерзімдері, орындау жолдары көрсетілген.
Vласть басылымы елде қабылданған барлық бағдарламаларға сараптама жүргізіп, келесі 20 жылда Қазақстан қандай жетістіктерге қол жеткізетінін анықтап көрді.
Оның бірінші бөлігін назарларыңызға ұсынамыз.

Экономика
Қазақстанда экономика саласын тұрақты дамыту, бәсекеге қабілетті тауар түрлерін өндіру мен экспорт деңгейін көтеру мақсатында индустриалды-инновациялық даму стратегиясы қабылданды. Оның авторлары бағдарлама аяқталғаннан кейін экономикамыздың деңгейі жыл сайын 8,8-9,2% өсіп тұрады деп уәде етті.
2015 жылға қарай ЖІӨ 2000 жылдың ЖІӨ-мен салыстырғанда 3,5-3,8 есеге артуы керек.
Сондай-ақ 2015 жылға қарай ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясының арқасында еңбек өнімділігі кем дегенде 3 есеге өсіп, ЖІӨ энергоауқымдылығы 2 есеге төмендеуі тиіс.
Дегенмен болжамдар бойынша мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезінде аталған стратегия нәтижелері экономика мен өндірістік өнеркәсіптік өндірістің құрылымын айтарлықтай өзгерпейді.

Кедейшілік пен жұмыссыздық
2015 жылға қарай кедейшілік деңгейі Еңбекпен қамту - 2020 әлеуметтік бағдарламасының нәтижесінде 6%-ға төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 5,5%-дан аспауы тиіс.

Экология
Қазақстанда 2015 жылға дейінгі экологиялық қауіпсіздік концепциясы қабылданды. Бұл мерзімге дейін, құжатқа сай, "қоршаған орта нысандарының сапа көрсеткіштері қалыпты болып, қоғам дамуының экологиялық сана-сезімі қалыптасып, қоршаған орта сапасын басқару жүйесі қалыптасуы тиіс".

Көлік
2015 жылға қарай қазақстандық қолайлы көліктік жүйе қалыптасуы тиіс. Көлік саласындағы стратегияның авторлары "барлық көлік түрлерінің қалыпты қарым-қатынасы мен отандық экономиканың бәсекеге қабілетті бөлігіне айналатын көліктік жүйенің тиімділігін арттыруды" уәде етеді.
2015 жылға қарай қазақстандықтар көліктің экологиялық және техногендік қауіптілігін төмендету арқылы қоршаған ортаның 2,5 есеге тазарғанын сезінуі тиіс.
2015 жылға қарай ЖІӨ-дегі көліктің үлесі жеке көліктерді есептемегенде 7,9 %-ды құрайды.
Ал қоғамдық көліктің саны бұл мерзімге дейін 1,1 мыңға артуы тиіс.

Интернет пен телевизия
2015 жылға қарай Қазақстан телевизиясы түгелдей сандық форматқа көшеді. Жоғарғы сапада бағдарламаларын дайындайтын отандық теле-, радиоарналардың саны 20-дан кем болмайды.
Аталған мерзімде кез-келген қазақстандық кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етіледі.

Денсаулық
"Саламатты Қазақстан" бағдарламасының арқасында қазақстандықтар 2 жылдан кейін 70 жасқа дейін жасап, өлім-жітім көрсеткіші төмендейді. Бағдарламаның басты мақсаты - еліміздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін 2015 жылға дейін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.
Аталған бағдарлама туберкулез және ВИЧ-инфекциясымен күресуді көздейді. Бұл мерзімге дейін әрбір 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен сырқаттанғандардың саны 94,7-ге дейін төмендеуі тиіс. Ал 15-49 жас аралығындағы тұрғындардың арасында ВИЧ-инфекциясы індетінің таралуын 0,2-0,6% деңгейінде сақтап тұру қажет.

Гендерлік тендік
Қазақстанда 2000-ншы жылдардың басында-ақ 2016 жылға қарай гендерлік теңдікке қол жеткізу мақсатында арнайы стратегия қабылданды. Оны жүзеге асыру "әйелдерге өздерінің жеке, адами потенциалын көрсете отырып, ерлермен бірге әлеуметтік дамудың барлық процестеріне қатысуға" мүмкіндік береді.
Бұл уақытта үкіметтегі, парламенттегі, әкімдік, мәслихаттардағы және сот органдарындағы әйелдердің үлесі кем дегенде 30% көбеюі тиіс.
Сондай-ақ 2016 жылы қыздар мен әйелдерге Қазақстан экономикасының басты салаларында (мұнай-газ өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс, көлік) қызмет етуге мүмкіндік алу үшін техникалық сала бойынша білім алуына барлық жағдай жасалуы тиіс.
Стратегия дәстүрлі патриархалды отбасынан (әке - асыраушы, қаражат табушы; ана - отанасы мен үй қызметіндегі адам) гендерлік теңдіктің қағидаларына негізделген отбасының эгалитарлы үлгісіне көшуді қарастырады.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста