Қазақ-қытай шекарасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Қазақстан-Қытай шекарасындағы тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы министрлігі өкілдерінен арнайы құрылған жұмыс тобы қазақ-қытай шекарасында тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру тек қана уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар импорттаушыларға қатысты.

 

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шаралар қабылданады.

 

Бұл тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді және адал бизнес сыртқы экономикалық қызметті шектеусіз жүзеге асырады.

 

2021 жылдың қорытындысы бойынша нарықта ҚХР-мен импорттық операцияларды жүзеге асыратын 7241 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы бар. Оның ішінде 17 субъекті - УЭО, оларға импорттың барлық көлемінің 18% тиесілі.

 

Бұл ретте 5 УЭО – өз мұқтаждығы үшін өнімдерді импорттайтын өндірістік сектор және 2 УЭО квазимемлекеттік сектор («Қазпочта» АҚ және «ҚТЖ» АҚ еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ).

 

Сондай-ақ «KTZ Express» АҚ - кедендік өкіл және халықаралық экспедитор. Қазақстан-қытай шекарасында өзіндік инфрақұрылымы бар.

 

Орталық Азиядағы ең ірі «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ портымен жұмыс істейді, сондай-ақ KIF Warehouses А класты қоймалары бар. Оператордың басты артықшылығы – тапсырыс берушілер үшін де, фискалдық органдар үшін де ашық қызметі.

 

Жалпы қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері мен тауарларды кедендік тазартудың өзге де орындары белгіленген жұмыс режиміне сәйкес қызметін жалғастырып жатыр.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста