Қауын сорттары неге құрып барады?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Күзге салым ел-жұрт жерден өнген ел-сел өнімнен ауыз тиеді. Әсіресе диқандар қауымы мәпелеп өсірген бақша дақылдарының орны бөлек. Сары ала жапырақты мезгілде таңдайыңа татырлық қауын мен қарбызды сүйсіне жемейтін адам жоқ шығар, сірә. Жылдың осы бір шағын берекенің бастауы деп бағалаймыз. Диқандар қауымы осылайша қалың елге өз тарту-таралғысын ұсынады. Осы бір кезең лезде аяқталып қалады. Себебі дақылдарды сақтайтын қоймалар жоқтың қасы. Аталған дақылдан өнім шығару ісі де өз деңгейіне жете алмай отыр.

Өнімді қайда өткізеді?
Көпшілік 90-жылдарға дейінгі көріністі әлі де жадынан жоғалта қойған жоқ. Ол шақта алқаптарда егілген дақылдарды өңдеу мәселесі де дұрыс жолға қойылған еді. Бұл мақсатта арнайы кәсіпорындар болды. Кешегі жекешелендіру жыл­да­рындағы келеңсіздік салдарынан олардың барлығы дерлік жұмысын тоқтатып, есіктеріне қара құлып ілуден басқа амалы қалмады. Бүгінгі таңда соның зардабын тартып отырған жайымыз бар. Қауын мен қарбыздан өнім шығару диқандар қауымының құр қиялынан аса алмай тұрғаны өкінішті-ақ.
Кетпен арқалаған шаруа көктем кел­геннен дала қосына шығады. Маңдайдан аққан тердің өтеуі күзде қайтады. Алайда көңілді алаңдатқан жайлар да баршылық. Диқандар қауын мен қарбыздың қандай сорттарын егіп жүр? Көпшілікті осы тақырып толғантады. Ертеректе егіншілер қауымы тұқымның тәуірін себетін. Одан қамбаға құйылатын өнім де мол еді. Елдегілер мол өнімнен ауыз тиіп жататын. Одан бері жаңа сорттар шықты ма? Осы мәселе назардан тыс қалып жүрген жоқ па?
Қандай сорттар егіледі?
Елімізде қауын-қарбыз өндірісі жөнінен Сыр өңірі алдыңғы қатарда келеді. Әлі де сондай деңгейден төмен түсе қойған жоқ. Дария бойындағы диқандар жылма-жыл 10 мың гектарға жуық бақша дақылдарын егеді. Олардың арасында қауынның қара күләбі, әміре, әңгелек, қаласиан деген сорттары бар. Қарбыздың да бірнеше түрі кездеседі. Алайда, егіс егуді ертеден кәсіп еткен кісілердің айтуынша, баяғыдай молынан жинайтын өнім жоқ. Себебі көп жыл бойы бұл мәселеге ешкім көңіл бөл­меген. Соңғы жылдары қауынның «Сыр­дария» және «Дәмелі» сорттары шыққаны­мен, олар тек тәжірибелік негізде жүзеге асып келеді. Сондықтан әзірге олар жайын­да толық қорытынды жасау қиынырақ.
Қызылорда қаласындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында бақша дақылдарының жаңа сорттарын шығарумен айналысатын бөлім бар. Мамандардың айтуынша, онда қауын-қарбыздың 500-ге жуық сорты сақталған. Оны ғалымдар кезінде тірнектеп жинады. Дегенмен өндіріске ене қоймаған. Сондықтан қазіргі күні жаңа сорттарды шығарудың маңызы артып тұр. Өйткені жаңа сорттар жердің ыңғайына қарай өнім береді. Қазір Сыр бойындағы алқаптың құнарлылығы бұрынғыдай емес. Облыста күріш алқабы жылдан-жылға артып келеді. Оның салдары да аз болып жатқан жоқ. Өңірде тұзды жерлер көлемі көбейіп барады. Бау-бақша егетін алқаптар тарыла түскен. Сортаң жерге қауын-қарбыз шыға қоймайды.
Қауын базалары қайда?
Кезінде қауын базасы әрбір ауданда болатын. Өнімдер сонда жиналатын. Қазір ондай көрініс мүлдем жоқ. Барлығының базары тарқап кеткен. Диқандар өнімін қайда алып барарын білмейді. Тіпті өнімін босқа шірітіп алып жатқан жандар да баршылық. Басқа қандай амалы бар енді? Кейде жинаған өнімін алқап басынан болмашы ақшаға сатады. Оны алыпсатар тиімді пайдаланып қалатыны да жасырын емес. Есесіне ала жаздай тер төккен еңбек­шілер зиян шегіп жатады.
Мұндай жағдайдың орын алып отыр­ғанына қаншама жылдың жүзі болды. Өкініштісі, баяғы тіршілікті қайтадан жан­дандыруға ешкім мән берер емес. Айта кетерлігі, қауын базаларының барлығы дерлік жекенің қолына өтіп кеткен деуге негіз бар. Олар өз қызметіне қаншама ақ­ша сұрайды. Сондықтан диқандар қауымы ондай орын­дарды пайдалана алмайды.
Расында, біз өзіміздегі өнімдерді өткізе алмай жүрміз. 90-жылдарда осындай базалар арқылы ауылшаруашылық өнім­дер Ресей, Украина және басқа да елдерге жіберілетін. Қазір диқандар жинаған өнімін облыс аумағынан сыртқа шығаруға қол қысқа екенін айтады. Сондай-ақ бұл өнімдерді өңдеу мәселесі де назардан тыс қалып келеді. Қысқасы, қауын-қарбыз еккен жұртшылық үшін проблема жетерлік болып отыр.
Самат Сапаров, диқан:
– Жылда мол өнім жиналады. Өкінішке қарай, оларды өткізуде проблема көп. Сондықтан бұл бағытта тиісті жұмыстар жасалса дейміз.
Дәулет Ибрагимов, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты:
– Жалпы, ауылшаруашылық өнімдер біз үшін байлықтың көзі емес пе?! Елдегі еңбекшілер сол арқылы табыс табады. Сол себепті оның сорттары мен оны өткізу мәселесіне нақты жоспар жасалғаны артық емес. Әзірге бізде осындай істер жетіспей жүр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста