Қаржы мекемелерінің бірігуі жауапкершілікті күшейтеді

Қаржы мекемелерінің бірігуі жауапкершілікті күшейтеді

12 сәуірде Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрмен қарай жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды.  Осы құжатқа сәйкес, Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі таратыл­ды. Олардың қызметі Ұлттық банктің құзырына берілді.
Қазір кейбір сарапшылар Ұлттық банк пен агенттік бөлінгенге дейін бірқатар кіріккен компанияларды бір мезетте реттеу әрі қадағалау мүмкін болмағанын айтады. Екінші реттеуші мекеменің бөлек шыға­рылғаны да – содан. Оның негізіне елдің бас банкі мен қадағалау органы бөлек әрекет ететін ағылшын жүйесі алынды. Ал бірігу туралы мәселенің қозғалуына банк­тердің қызметін бақылаудан (әсіресе, дағдарысқа дейінгі сыртқы қарызды шектеусіз алуына қатысты) тыс қалдырған Ұлттық банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі тарапына айтылған сын-ескерт­пелер ықпал еткенге ұқсайды.
Оның үстіне қаржы саласын реттеудегі тәсілдер мен механизмдерді қайта қарау мәселесі дағдарыс жағдайында өзекті бола түсті. Бүгінде әлемдегі барлық дерлік мемлекет дәл осыған көңіл бөлуге мәжбүр.
Еске түсірсек, Ұлттық банк пен Қаржы­лық қадағалау агенттігінің басын біріктіру жөнінде 2009 жылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын басқарып тұрған Қайрат Келімбетов ұсынған бо­латын.
Оның пікірінше, мұндай қадам қаржы саласындағы қадағалауды күшейтіп, банк жүйесінің қолайлы кезеңде қаржы жи­нақтап, қиыншылық кезеңде экономи­каны қаржыландыруына түрткі болады. Сонда экономиканың қалыпты дамуы жағдайын­да «мықты реттегіштің» банктерге қояр талабы күшті болып, олардан «қауіпсіздік жастығын» дайындап отыруды талап етер еді. Әрі дағдарыс кезінде заемшыларға қоятын талаптар тым қатаймас еді. Мұндай реттегіш банктер қаржыландыратын жоба­ларды тиімді бақылауға, қаржы мекеме­лерінің оффшорлық юрисдикциясын қатаң қадағалайтын еді.
Бірақ бұл бір күнде атқарылатын шаруа емес екені белгілі. Сондықтан Қ.Келімбетов бұл мәселені 2010-2011 жылдары талқы­лауға шақырған-тұғын.
Жақында Қаржылық қадағалау агент­тігін басқарған Елена Бахмутова екі меке­мені біріктіру жайында «бұл тартымды, бірақ тиімсіз» деп бағалады. «Бақылау мәдениеті кез келген мәдениет секілді сиқырлы таяқшаның көмегімен пайда болмайды. Ол үздіксіз, біртіндеп, көп адамның еңбегі мен тәжірибесі арқасында жүзеге асады», – деді ол.


Оразалы СӘБДЕН, экономика ғылы­мының докторы:
«Ұлттық банк те, ҚҚА да қаржы на­рығын рет­теу­ші. Бі­ріншісі Ұлт­тық банк туралы заң­ға сәйкес, банк қызметі са­ла­­сын­дағы мем­ле­кет­тік бақы­лау­ды жү­зеге асы­рады, екін­шісіне бақылау-қа­дағалау қызметі жүктел­ген. Екі құрылым да медальдің бір жағы іспетті.
Қазіргі кезде экономика­дағы ақша мас­сасының көлемі Ұлттық банк тарапынан реттеледі. Ал оның қаржы жүйесіндегі қоз­ғалысын ҚҚА реттейтін. Экономикада ақ­шаны осылайша реттеудің тиімсіздігі соңғы жылдары Ұлттық банктің қайта қаржы­ландыру мөлшерлемесінің өзгеруі банк­тердің несие мен депозит мөлшер­лемесінің өзгеруіне ықпал етпеуінен көрінеді. Реттеу­ші, бақылаушы және қадағалаушы орган­дардың бытыраң­қылығы инфляция көр­сеткіштерінің өзгерісіне де әсер етеді. Әри­не, соңғы жыл­дары тауарлар мен қыз­мет көрсету бағасының өсуіне қарай туындайтын баға инфля­ция­сының пробле­масы жиі айтылады. Сонымен қатар қаржы институт­тарының әрекеті ақша массасының өзгеруіне әсерін тигізетінін де ескерген жөн. Себебі қаржы институттары несие бойынша жо­ғары мөлшерлеме арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағасының көтерілуіне, сондай-ақ экономикадағы ақша масса­сының көбеюіне әсер етеді.
Қаржы нарығын реттеуші Ұлттық банк пен ҚҚА-ны біріктіру қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етіп, реттеу нәтижесіне қатаң жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл қаржы нарығын реттеуде жүйелілікке жетуге және мемлекет қаржы секторына бөлген қаржының пайдала­нылуын және оның қайтарымын бақылауға мүмкіндік береді. Әлемдік реттеуге келсек, бұл арада қатаң бір қағида жоқ. Нәтиже біреу-ақ бо­луы тиіс – қаржы жүйесінің тұрақтылығы. Эконо­миканы мемлекеттік реттеуді күшейту тұр­ғысынан осы екі құрылымды біріктірудің маңызы бар. Ендігі мәселе – жұмысты тиімді жүргізу. Қаржы саласында мемле­кеттік саясат болуы керек. Дүниежүзілік процестерді мониторинг жасайтын қо­ғамдық пікірлесу қажет».

Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, экономика ғылы­мының докторы:
«Бұл бұ­рын­нан бері қолға алы­натын мә­се­ле еді. Агенттік әу бастан-ақ өз бе­тін­ше дербес ме­кеме болған жоқ. Оны Ұлт­­тық банк­тің бюд­­жетінен қар­жылан­ды­ратын. ҚҚА ешқа­шан өздігінен шешім қабылдаған емес. Ұлттық банктің мамандарымен ке­ңесіп барып қа­былдайтын. Заңды түрде бірігуі дұрыс, себебі жауапкершілік артады. Бір-біріне сілтеп отырмайды. Алайда Ұлттық банк уақытының көбі банк саласын қадағалауға кетсе, оның ақша-несие саясатына әсер ете ме деп ойлаймын. Ал өңірлік қаржы орта­лығының қызметін реттеу агенттігін о бастан-ақ ашпау керек еді. Оған жүктелген қор нарығын қадағалау қызметі Ұлттық банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі атқара беретін шаруа. Сондықтан бұл да өзегі жеткен мәселе деп ойлаймын.

P.S.
Бір қызығы, Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко былтырғы сәуір айында осы бірігуге қарсы екенін айтқан.
Бас банкир: «Агенттік пен Ұлттық банкті біріктіру қадағалау шараларын жүргізу кезінде мүдделер қақтығысына әкеулі мүмкін», – деген еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста