Қаржы әлеміндегі АҚШ-тың абсолюттік күші неге азайды?

Қаржы әлеміндегі АҚШ-тың абсолюттік күші неге азайды?

Жаһандану парадоксы: қаржылық дағдарыс және Триффин диллемасы

Халықаралық есеп және ұлттық валюталық резервте тек қана бір мемлекеттің валютасын қолдану қаржылық дағдарысқа әкелетінін 1960 жылдардың басында Роберт Триффин дәлелдеп берді. «Алтын стандарты» кезеңінен бастап, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қаржының еркін айналуына қарамастан, жүйе бірыңғай болғандықтан қаржылық дағдарыстар болып тұрды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін алғашқы үш онжылдық бойы Бреттон-Вуд келісімшартының кезеңі болды. 1945 жылы Нью-Гэмпшир демалыс аймағында АҚШ, Англия мемлекеттерінің өкілдері кездесіп ортақ ғаламдық қаржылық келісімге қол қойған болатын. Келісімшарттың негізгі мақсаты соғыстан кейінгі әлем экономикасын тез арада қайта қалпына келтіру еді. 1944 жылдың шілде айында өткен Бреттон - Вуд конференциясы ақша қатынастары мен сауда ұйымдастырылуының жаңа халықаралық жүйесін қалыптастырды. Конференция атауы АҚШ-тың, Нью - Гэмпшир штатындағы Бреттон - Вуд шипажайына байланысты пайда болды. Конференция Халықаралық Қайта құру, Даму Банкі, Халықаралық Валюта Қоры сияқты ұйымдардың құрылуына ұйытқы болды. АҚШ доллары алтынмен қатар әлемдік ақша түріне айналды. Бұл сұраныс пен ұсыныс негізіндегі алтын стандарты жүйесінен еркін конвертацияға өтпелі кезең еді. Қаржылық келісімшарттың негізгі ұстанымдары: негізгі валюта бағамына қатысушы мемлекеттердің тұрақты айырбас бағамдары орнатылды; негізгі валюта бағамы алтынға сәйкес тұрақтанды; орталық банктер негізгі валюта және валюта интервенциясы көмегімен (+/- 1% шамасында) ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын сақтады; валюта бағамының өзгеруі ревальвация және девальвация негізінде іске асырылды. Тұрақсыз валютаны демеу мақсатында төлемақы балансы молшылығын өтеу үшін Халықаралық Валюта Қоры шетел валютасымен несие береді. Халықаралық Валюта Қорына мүше елдердің қаржы жүйелері ұстанымдардың іске асырылуын қадағалайды, мемлекеттердің валюта ынтымақтастығын қамтамасыз етеді. АҚШ доллары үшін алтын стандарт орнатылған болатын: 1 унциясы 35 доллар. Сөйтіп АҚШ өзінің бұрынғы бақталасы Ұлыбританияны шетке ығыстырып валюта гегемониясына ие болды. Бреттон – Вуд жүйесі шеңберінде халықаралық валюта жүйесінің доллар төрешілігіне негізделген стандарты тұрақтанды. Сол кезеңде АҚШ бүкіл дүниежүзілік алтын қорының 70% - ын иемденген болатын. Алтынға айналатын валюта – АҚШ –тың ұлттық валютасы - доллар, валюталық паритеттердің негізіне, халықаралық есеп айырылысудың валюталық интервенциясы мен қор активтерінің құралына, әлемдік ақшаға айналды. 1970 жылдардың басында алтын қорларының бөлінуі Еуропаның пайдасына шешілді, халықаралық айналысқа АҚШ-тың қолма – қол және қолма – қол емес доллары қатыса бастады. Алтын өндірісінің халықаралық сауда көлемінің өсуінен аз болуы халықаралық тұрақсыздықта шешілмес мәселелер туғызды. Қор валютасы ретіндегі долларға деген сенімнің азаюы АҚШ-тың төлем балансындағы жоқшылық пен теңсіздіктен пайда болды. Уақыт өте келе Батыс Еуропада, Жапонияда жаңа қаржы орталықтары пайда болып және олардың ұлттық валюталары біртіндеп қор валютасы ретінде қолданыла бастады. АҚШ-тың қаржы әлеміндегі абсолюттік күштілік жағдайы жоғала бастады. Бұл парадоксты Триффин диллемасы былай түсіндіреді: негізгі валютаның эмиссиясы эмитент - мемлекеттің алтын қорына сәйкес болуы тиіс. Алтынмен қамтамасыз етілмеген шамадан тыс эмиссия, оған сенімсіздік туғызатын дағдарысты туындататын негізгі валютаның алтынға айналуын әлсірете алады. Негізгі валюта халықаралық келісімдер көлемінің, ақша массасы өсуіне байланысты жетерлік көлемде шығарылуы тиіс. Негізгі валюта эмиссиясы эмитент – мемлекеттің шектеулі алтын қоры өлшеміне қарамастан жүруі керек. Қазіргі кездегі қаржылық сарапшылардың пікірінше, ұлттық экономикалар мен жаһандық экономика арасындағы қарым-қатынас қаржылық-құқықтық тұрғыда реттелуі тиіс. Қаржы нарығындағы әрбір институттың рөлі айқындалып, құқығы мен міндеті айшықталмаса, тең әрекет ету принціпіне нұқсан келеді. Ұлттық валютаның халықаралық институттар тарапынан емес, керісінше үкіметтік институттар тарапынан болатын ықпалына әрқашан дайын болу керек.

Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова.
Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста