Қарызын өтемей отырған борышкерлердің ең көбі – біздің облыста

Елімізде қайтарылмаған несиелерді өндіріп берумен айналысатын мекемелер күн санап көбейіп келеді. Бұлардың негізгі шаруасы қандай екенін көбіміз біле бермейтініміз рас. Осы жайында білу мақсатында «Борышкерлермен жұмыс істеу бюросы» ОҚО бойынша аймақтық өкілдігінің директоры Амантай Оразтайұлы Искабаевпен кездесіп, сұхбаттасқан едік.

– Амантай мырза, халық сіздердің негізгі міндеттеріңіздің не екенін жеткілікті түрде білмейді. Шынында да, басты мақсаттарыңыз бен міндеттеріңіз туралы ұғынықты қылып түсіндіріп беріңізші.

– Біздің басты айналысатын ісіміз – кез келген банктердің қарызын қайтармай отырған борышкер клиенттермен жұмыс істеу. Көпшілік бізді бір қатал ұжым ретінде елестетеді. Алайда біздің қызметкерлер борышкерлерге қарызын уақытылы өтеу керектігін түсіндіреді. Алғашында біз борышкерлерге телефон соғып, қарызының өсіп кеткенін, уақытылы төлемеген жағдайда қарызы алты айдан асқан соң ісін сотқа өткізетіндігімізді түсіндіреміз. Кей кездерде аудандарға барып, борышкерлерді іздеп тауып, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Мүмкіндігінше қарыздарды қалай да қайтарудың әрекетіне баруымызға тура келеді.

– Бүгінде жылжымайтын мүлкін кепілдікке қойып, несие алғандар өте көп. Бұлармен де сіздер айналысасыздар ма?

– Жоқ. Біз тек кепілсіз берілген несиелерді өндіреміз. Ал әлгіндей үйін тігіп, көлігін тігіп қарыз алғандармен әр банк өздері жұмыс жасайды. Бізге ондай өкілеттік берілмеген.

– Банктердің несиені үлкен пайыздық ставкамен беруі қарыздардың қайтарылмай қалуының басты себебі деген пікірге көзқарасыңыз қандай?

– Бұл жерде анау-мынау деп түпкілікті кесіп айту қиын. Рас, біздегі банктер несиені өте үлкен пайыздық үстемемен беріп келеді. Бірақ қарап отырсаңыз, екінші деңгейлі банктердің барлығы акционерлік қоғам болып құрылған. Яғни мемлекеттік емес деген сөз. Сол себепті де жоғары жақтан қадағалау, реттеу болмаған соң, өздеріне тиімді пайыздық үстеме қойып алды. Жөн-жосықсыз, қоғамды зерттемей, үлкен тәуекелмен несиелер берудің соңы банктерге үлкен қиындықтар туғызып отыр. Дәл қазір дағдарыстың шарықтау шегіне жеткен шағы. Халық та қарызын қайтармайын демейді, ақшасы жоқ. Ілініп-салынып айлығына әрең жетіп, жан бағып жүрген қарапайым халықты қыстаудың өзі де бір қиын шаруа ғой. Алайда сол несиені алмас бұрын қарызын қалай қайтарамын деп адамдар неге ойланбайды екен. Мен осыған түсінбеймін.

– Борышкерлердің қарызын өтеуі кейбір жағдайларда тоқтатылуы мүмкін деген сөздерді естиміз. Бұл қаншалықты шындыққа жақын?

– Расында кейбір жағдайларда қарызды өтеу тоқтатылады. Біріншіден, борышкер қазаға ұшырағанда және мүгедек болып қалғанда. Осыны растайтын құжат жасалып, банкке немесе біз секілді бюроларға әкеліп табыстаса, іс жабылып, борышкердің бүкіл қарызы жойылуы мүмкін. Бұл енді – әрбір банктердің қойған шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын процесс.

– Қай банктің қарызын қайтармай отырған қанша борышкері бар екенін айтып бере аласыз ба?

– Айта алмаймын. Бұл банктердің және ішінара біздің де құпиямыз болып табылады. Ал жалпылама түрде айтар болсам, Қазақстанда ең көп несие алушылар мен оны қайтармай отырған азаматтардың көптігі бойынша біздің Оңтүстік Қазақстан облысы 1-орында. Осыған қарап отырып-ақ, қарызын қайтармай отырған борышкерлердің саны қанша екенін болжамдай беруге болады. Әрине, өкінішті-ақ. Бірақ статистикалық деректер осыны көрсетіп отыр.

– Соңғы сұрағым: сіздерді кімдер қаржыландырады, айлықты қалай төлейсіздер және бюроларыңызда қандай мамандық иелері жұмыс істейді?

– Біздің негізгі табыс көзіміз – борышкерлер. Солардан өндірілген ақшаның белгілі бір бөлігі біздің шотымызға түседі. Ол қаражаттарды біз қызметкерлердің жалақысына, борышкерлерді іздестіру кезінде кететін шығындарға жұмсаймыз. Шымкентте біз секілді қызмет жасайтын бірнеше бюро бар. Олардың барлығы да біз секілді жұмыс істейді. Бізде, негізінен, қаржы, банк және заң салаларының мамандары істейді. Алдағы уақыттарда халыққа арнайы кеңес беретін бөлім ашпақшымыз. Несиеге қатысты сұрақтары бар азаматтардың кез келгені келіп, тегін ақыл-кеңес алуына мүмкіндіктері бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста