Қарызға батқан Ресей енді Қазақстанға салмақ сала бастай ма?

Қарызға батқан Ресей енді Қазақстанға салмақ сала бастай ма?

Бүгін Ресейдің сыртқы қарызынан үріккен Чехия экспорт банкі Ресейге ірі көлемді тауар экспорттайтын фирмаларына, кәсіпорындарына, компанияларына жеңілдікпен несие беруді тоқтатты. Ондағы себеп Ресейдің сыртқы қарызының тым көбейіп кеткендігі. Қарызды қайтара алмау күдігінің қоюлауы. Осыдан барып Чехия экспорт банкі «Ресейге тауар экспорттаушыларға ірі көлемді несие бергенімен, Ресейде қалыптасып отырған ахуалға орай оны кәсіпкерлеріміз қайтара алмай қалуы мүмкін» деген тұжырымға келіп отыр. 

Бұған қатысты банктің халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Петр Кржижан «Ресейде қалыптасқан қаржылық-экономикалық құлдырауға орай біз Ресейге тауар экспортаушыларымызға несие беруді тоқтаттық. Себебі Ресей мен арада сауда-қатынас жасайтын кәсіп иелері қарызды қайтаруда қазір тым қиналып отыр. Әрине, бұл уақытша құбылыс деп үміттенеміз. Бірақ қазіргі жағдай осыған әкеліп отыр» деді.
Сөйтіп, қазірде Ресеймен сауда-әріптестік қатынасын тереңдеткен біраз елдердің жағдайы қиындап тұр. Ресейге тұс-тұстан санкция салып, Ресейдің біраз тұтыну тауарынан бас тартқан Батыстың өзі де қазір шығын көруде. Есептеп көрсек, еуропалық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жыл сайын Ресейге 11 млрд. доллар көлемінде тауар тасымалдайды. Еуропаның жеміс-жидегінің 29 пайызы, ауыл шаруашылығы шикізатының 33 пайызы Ресей нарығында саудаланады. Ал енді Еуропа мен Ресей арасындағы санкциялар «соғысынан» осынша тауардың Ресейге тасымалы тізгінделіп қалды. Тіптен қайсыбір Еуропа елдерінің жекелеген кәсіпкерлері тауар тасымалдаудың 80 пайызға жуық шектеліп қалғанын, осыған байланысты дөңгелетіп отырған шаруасы шатқаяқтап кеткенін алға тартуда. Осылайша санкция алмасу бір қыспаққа алса, енді келіп жылдың соңында Ресейдің сырт елдерге қарызын қайтара алмау қауіпі де Батысты сансыратып отыр.
Біз Ресейдің сыртқы қарызының көлемі қазірде 732,046 млрд долларға жеткенін, егер Ресей экономикасы одан әрі тұралай берсе, бұл тек қана Ресей үшін емес, халықаралық экономика үшін аса қауіпті екенін бұған дейін де жаздық. Қалыптасқан жайтқа қатысты мамандарымыз «мұнша қарызды қайтара алмай Ресей құрдымға кетсе, онда Батыстың Ресейге қарыз берген қаржы институттары да құрдымға кетеді. Мұның соңы орасан зор халықаралық экономикалық дағдарысқа апарып соқтырады. Сондықтан бұл жерде «болып жатқан ахуалдың бізге де, Батысқа да қаупі жоқ. Бұл Ресей мен АҚШ-тың шаруасы» деп бейқам отыруға болмайды» деп өз пікірлдерін де білдірді. Міне, қазір айтса айтқандай, Батыс Ресейдің қарызын қайтара алмау қаупі үдеп кеткеніне алаңдап отыр. Тіпті Батыстың қайсыбір банктері Ресейге несие-қарыз беруді әлдеқашан шектеп те тастады.
Жалпы, Ресейдің қаржы саласының мамандары да, халықаралық сарапшылар да болашақта бұл елдің қарызы еселене беретінін мойындап та отыр. Мәселен, РФ қаржы министрлдігінің болжауынша, 2015 жылы Ресейдің мемлекеттік қарызы ЖІӨ -нің 14,4-14,7 пайызын құрауы әбден мүмкін. Ал бұл дегеніңіз – Ресейдің қарыздың үстіне қарыз жамап ала беретінін айқындайды.

Мұны біз төменде арнайы инфографикамен көрсетуді жөн көрдік:

 

Ал көрші елдің бұлайша қарызға батуына қатысты отандық сарапшыларымыз бұл біз үшін оңтайлы жағдай емес екенін алға тартуда. Себебі болашақта Ресейге Батыстың несие бермеуі, тауар енгізбеуі, сауда-әріптестік қатынасты орнатпауы үдей түссе, онда Ресейдегі 170 млн халықты одақтас ел ретінде мына бізге асырауға тура келеді.

Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
– Біз осыдан шамамен алты ай бұрын Ресейге азық-түлік, арақ-шарап, кондитерлік өнімдері бар, құс еті бар тағы басқа өнімдерді алғанда 18,3 млрд доллардың тауарын тасымалдаппыз. Ал қазір санкциялар құрсауында қалып, Еуропадан азық-түлік тасымалы шектелгелі бері Ресейге біз шамамамен 25,6 млрд доллардың көлемінде тауар экспорттаппыз. Мұның барлығы сол азық-түлік, кондитерлік заттар, тағы басқа тұтыну тауарлары. Ал осы 183 млрд доллар мен 25,6 млрд доллардың арасында айырмашылық бар ғой. Демек бұл Ресейге сакнциялар салынған сайын Ресей бізден тауар алуды үдеткенін көрсетіп отыр. Біздегі сапалы тауарлардың дені Ресейге кетіп жатыр. Себебі сапасызсын жібере алмаймыз. Сапасыз тауарды «Кедендік одақтың техникалық регламентіне сай келмейді» деп көрші елдің енгізбейтіні тағы анық. Келешекте Ресей бізге әлі де салмақ салады. Себебі Қазақстанда Ресеймен біріккен кәсіпорындар, фирмалар, фабрикалар өте көп. Бұл өз алдына бізде Ресеймен бірігіп жасалып отырған инновациялық жобалар да баршылық. Бір ғана Байқоңырдың аясында Ресеймен бірігіп көптеген шаруалар жасалып отыр. Ресеймен бірігіп трансұлттық компаниялар құрылуда. Міне, болашақта осы біріккен компаниялардың аясында Ресей енді бізден барлығын алады, сұрайды. Тіпті инновациялық жобаларын да бізбен бірлесіп істейді. Бұған қоса қазір тығырыққа тірелген Ресей біраз елдердің өзіне деген қарызын кешіріп жатыр. Жеңілдіктер ұсынып отыр. Ресей осылайша ол елдерден өзіне қолдау таппақшы. Міне, бізге де осындай жеңілдіктер ұсынамыз десе, әрине біз бұған келісеміз. Солай жеңілдіктер ұсыну арқылы Ресей бізге одан әрі салмақ сала бастайды. Бұдан соң нақ қазір Ресей Финляндия, Чехия, Словакия, Хорватия тәрізді біршама елдердің қарызын қайтарды. Бұлай қарызды қайтарудың өзі экономикасы шатқаяқтап тұрған Ресейге ауыр тиіп отыр. Ал енді Батыстың ауқымды қарызын қайтару Ресейге аса қиын. Сондықтан келешекте Ресей Қазақстанға салмақ салады. Өзінде жоқ дүниесін Қазақстан арқылы толықтыруға күш салады. Себебі болашақта да Ресей біршама елдерге қарызын қайтаруға мәжбүр. Ал қайтара алмаса онда дағдарыс тереңдеп, ол тіпті асқына түседі. Қайсыбір елдердің өзіне қарызын кешіруге мәжбүр. Қалай десек те, Ресейдегі жағдайдың бізге әсері болмай қоймайды. Бұл келер жылдың басында нақты көріне бастайды.

Төменде Ресей қарызын кешірген және қарызын қайтарған елдердің тізімі:

Сөйтіп мамандардың пайымдауынша, енді қарызға батқан Ресей Қазақстанға салмақ сала бастайды. Бұған қатысты мамандар «Ресейдегі жағдайға қарап тез арада қазақстандық өндіріс орындарының, отандық өнім өндіруші кәсіпорындардың жұмысын жолға қою керек. Кез келген ірілі-ұсақты өндіріс орындарын жаңғыртуға күш салсақ, біз әлдеқашан еңсе тіктер едік. Мысалы, ірі мұнай өндіретін зауыттардың маңынан шағын жанар-жағармай шығаратын зауыттар ашу, астық сақтайтын орындардың қасынан ұн тартатын диірмен орындарын ашу, мал бордақылайтын орындардан тері-жүн өңдейтін цехтар ашу тиімді болар еді» дейді.
Жалпы, экономикалық жағдайдың әлі де құбыла түсетінін алға тартқан мамандар келер жылы бірінші кезекте отандық өнім өндіруші саланы мемлекеттік қолдауға басымдық берілуі тиіс екенін алға тартуда...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста