Қарапайым адамдардың қажырлы еңбегі

Меркі өңірінен ғылым мен өнер қайраткерлері көптеп шыққан. Ел басқарған Мемлекет және қоғам қайраткерлері де аз емес. Біз тарихи тұлғалар туралы көп айтамыз. Бірақ ел халқының басым көпшілігінің еңбегінсіз, қарапайым адамдарсыз ешқандай тарих болуы мүмкін емес!

 

1950 – 1990 жылдары ауыл шаруашылығының экономикасы жыл өткен сайын жақсара түскен. Олардың басы-қасында өз ісін жетік білетін басшылар, жетекші мамандар, қарапайым жұмысшылар болды. Сондай аймақтардың бірі, мәдениеті мен экономикасы өркендеген Меркі ауданы. 1928 жылы құрылған, негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. 1896 жылдың өзінде-ақ Меркіде қазақ-өзбек мектебі болған. Табиғи емдік қасиеттерге бай, шілденің аптапты күндерінде де ыстық болмайтын, ағып жатқан өзені мен тау самалы ауа райын салқындатып тұратын «Меркі» шипажайын кім білмейді.

1932 жылы Меркі қант зауытының іргетасы қаланған. Зауыт сол жылдардан бастап тоқтаусыз жұмыс істеп Меркі, Қордай, қазіргі Т. Рысқұлов аудандарында өндірілген қант қызылшасын өңдеп, халық тұтынатын шекер шығарып келді. Қазіргі май ірімшік зауыты алғаш «Союз молоко» атымен құрылып, жұмыс істеді. Нарық заманында өндіріс тиімді қызмет етеді, қазіргі шақта «Меркі май – ірімшік» зауыты өз өнімдерін сапалы шығарудың нәтижесінде 70 мемлекетпен сауда-саттық жасайды.

1939 жылы Меркіде Ақтоған, Жаңатұрмыс, Жаңатоған, Мыңқазан, Кеңес, Қызыл таң, Қызыл октябрь, Ленин жолы, Тәтті ауылдық округтер құрылды. Соғыстан кейінгі жылдары экономикасы құлдыраған шаруашылықтар еңсесін қайта көтере бастады.
Негізі 1923 жылы қаланған «Тұтыну кооперациясының несиелік серктестігі» жыл өткен сайын дами түсті. Кейіннен аудандық тұтынушылар Одағы болып құрылған. Меркінің сауда мекемелері Республика, Одақ көлемінде тауар айналымының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді. Бірнеше мәрте Одақтың, Республиканың ауыспалы Қызыл Туына ие болды.

Ауылда өз ісін сүйіп атқаратын, жетік білетін басшылар, мамандар, қарапайым жұмысшылар жеткілікті еді. Атап айтқанда Ыдырысов Қайсарбай, Әбжапаров Жақан, Спанқұлов Сейтжан, Төлебаев Сейтжан, Спанқұлов Сейтқазы, Бейсеналиев Тоқан, Бейсенқұлов Ақберген, Тұрғымбаев Еңсебек, Ниязалиев Қайсарбай, Көпбаев Айжарық, Болатбекұлы Бетен, Есеналиев Қамқабай, Қоңқабаев Әбдімомын, Ақмолдаұлы Тұрар, Сағадиева Күлшат, Мамырбаев Қырықбай, т.с.с. азаматтар қызмет жасаған шаруашылықтардың экономикасы шарықтады десек артық айтқандық болмас.
Осы адамдардың еңбек қызметінің аяқталғанына 30-40 жыл өтті, тіпті бір адамның өмірі деп те айтуға болады. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше әлемде өмір сүреміз. Нарық экономикасы шарықтап тұр. Еңбек нарығындағы қатынастар өзгерді. Жерлестерміз мемлекет өміріндегі ең қиын қалыптасу кезеңінен сүрінбей өтті. Меркі ауданы соңғы жылдары өзінің бұрынғы атақ-даңқын қайтадан қалпына келтіру үшін көрікті, сәулетті елді мекенге айналуда.

Ләззат Сейтқазықызы СПАНКУЛОВА,
экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста