Қарағанды-Балқаш күре жолының құрылысы қашан аяқталады

Қарағанды-Балқаш автобанының құрылысы кестеден бір жылға кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Елдің оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыратын күре жол биыл мамыр айында тапсырылуы керек еді. Алайда пандемия салдарынан, әрі материалдың күрт қымбаттауынан құрылыс жұмыстары біраз уақыт тоқтап қалды. Қазір қайта жанданды. Жыр болған жоба қашан аяқталды?

 

Қарағанды-Балқаш бағытындағы жолдың құрылысы биыл мезгілінен ерте басталды. Себебі жыл соңына дейін автобанды түгел тапсырып үлгеруі тиіс. Ал әзірге жыр болған жобаның тек 70 проценті ғана аяқталған.

 

Қазір құрылыс басында 300-ден астам техника мен 400-ге жуық адам жүр. Жұмыс 8 учаскеге бөлінген. Бүгінгі таңда екі бағыттағы 726 шақырым жолдың 586 шақырымына асфальт төселген.

 

Дамир Ошақпаев, жобаның бас инженері:

 

- Ауа райы 10-15 градус жылыда уже асфальт салуға болады. Сол енді бастап жатырмыз. Биыл Алла жазса үлгереміз 4 полоса асфальт салып, движение жіберіп. Қазір енді 70 пайыз материал уже дайын именно асфальт жұмыстарына. Мостовые сооружение материалы 100 пайыз дайын. 

 

Ауқымды жобаның әу бастағы құны 248 миллиард теңге. Бұл жобалау-сметалық құжат 2016 жасалған. Алайда одан бері материал бағасы бірнеше есеге өсті. Осыған орай, бас мердігер жобаға түзету енгізуді ұсынып, тапсырыс берушіден қосымша қаржы сұраған. Былтыр мемлекеттік аудит жүргізіліп, талаптың орынды екені расталып, құжатты қайта қарауға жөнелткен. Ал әзірге мердігер құрылысқа өз қаражатын құйып жатыр екен.

 

Мұсабек Манаш, мердігер:

 

- Сметный-проектный документациядан қазірге дейінгі аралықта материалдардың қымбаттауы 35 пен 50 процент арасында болып отыр. Біз осы аралықтағы бағаны өзіміздің заказчиктерге, министрлікке айтып, өзіміздің пікірімізді білдірдік. Қазір осының гос.экспертизасы қайта қаралып жатыр. Нәтижесі оң жағынан болады деп сенеміз. 

 

Негізі кестеге сәйкес автобан биыл мамыр айында тапсырылуы керек еді. Алайда пандемия салдарынан, әрі материалдың қымбаттауына байланысты жұмыс тоқтап қалып, жоба бір жылға ұзартылды. Енді жауапты мамандар жыл соңына дейін 4 жолақты ашып, қалған қосалқы жұмыстарды келесі жылдың жазына дейін аяқтаймыз деп ант су ішіп отыр.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста