Қапшықтың да түр-түрі бар

Қапшықтың да түр-түрі бар

Кәдімгі полиэтилен қапшықсыз өмір сүру қиын. Үйде де, түзде де пай­даланамыз оны. Пакет деген пәлекет тіпті ит тұмсығы қияндағы ну ормандарда, теңіздерде, шөлдер мен көлдер­де, таулар мен бауларда да жата береді. Орташа есеппен 20 минут қана пайдаланатын мұндай дорбалар шірімей 400 жылға дейін теңкиіп жата беретін көрінеді. Жерорта теңі­зінде 500 тоннадан астам целлофан қалдығы жүзіп жүр деседі. Жер бетіндегі теңіз-мұхиттардың түбіндегі қалдықтардың 60 пайызы – өрке­ниеттің осы «жетістігі».
Былай қарағанда, пакеттер мен құс­тар­дың, балықтардың, басқа да жан-жа­нуар­лардың бір-біріне қатысы жоқ сияқты. Бірақ әлемдегі әр құстың құрсағында пластикалық қалдық бар екен, бір жылда бір миллион қанатты полиэтилен қал­ды­ғын жеп өледі. Жыл сайын осы пакеттерді қорекке ұқсатып жұта беретін бейшара киттердің, су тасбақасы мен итбалық­тардың 100 мыңнан астамы өледі. Зерттеп көргенде өлген киттердің асқазан­дары полиэтилен пакеттерге толы екендігі анықталған. Құрлықта да пакет жұтып түйнеліп, пышаққа түскен жануар­лар жөніндегі дерек көп.
Жыл сайын дүниежүзінде 3 триллион түрлі қапшық пайдаланылады. Оның бар болғаны 5-10 пайызы ғана қайта өң­де­­летін көрінеді. Қалғаны қалған жерінде қалады. Жер бетіндегі қоқыстардың 10 пайызы — осы полиэтилен өнімдер. Оның көзін құртпасаң, «өгіз өледі»: жантайып жатып жерге зиянын тигізеді, өртесең, «арба сынады»: жанып жатып аса улы орга­ни­калық қосындылар бөліп шығарады. Сенсеңіз, сол полиэтилен дорба­ла­ры­ңыз­дың қоршаған ортаға, жалпы тіршілік ие­сіне жаһандық жылынудың қаупіндей қаупі бар екен.
Қазір әлемнің бірқатар елінде бұл өнімге қарсы «соғыс» жүріп жатыр. Өткен ғасырдың 80-90 жыл­да­ры селдің салда­рынан пакеттердің бүкіл канализация жүйесін саңылау қалдырмай бітеп таста­ғандығы себепті Бангладеш астана­сында оны қолдануға нүкте қойыл­ды. Тайвань да сөйтті. Германия, Ирландия, Италия, Сома­ли секілді елдер де солай жасады. Оңтүстік Африка, Кения, Уганда өте жұқа полиэтилен қапшықтарды пай­да­ла­нуды қойды. Біріккен Араб Әмірліктері қорша­ған ортаға, әсіресе жануарларға, соның ішінде түйенің өміріне қаупі бар деген себеппен алдағы жылдан бастап ыды­рамайтын пакеттерді біржола на­рық­тан алып тастауға белін бекем байлап отыр.
Біздің елімізде де былтыр полиэтилен пакеттерін өндіруді, пайдалануды қою керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ оған еш­кім құлақ асқан жоқ. Алайда бұл өнімді шығарумен айналысатын отандық өнді­ріс­ке тыйым салу арқылы ештеңені шеше ал­май­тынымыз анық, себебі қазіргі нарық­та, негізінен, басқа елдерде, әсіресе Қытайда жасалған пакеттер пайдаланылады. Қазақ­станның әр қаласында полиэтилен қапшықтарын шығаратын өндіріс орын­да­ры бар болғанына қарамастан, жағдай осындай. Ақтөбедегі «Поливест» ЖШС – Қазақстанның батыс өңіріндегі осындай өнім шығаратын бірден-бір өндіріс орны. Және Қазақстандағы биологиялық жолмен ыдырайтын, яғни шіріп кететін пакеттер шығаратын санаулы өндіріс орындарының бірі. Төрт жылдан бері, негізінен, «майка» түріндегі полиэтилен пакеттері, орайтын бума қапшықтар, қоқысқа арналған көле­мі әртүрлі дорбалар, полиэтилен плен­калары т.б. полиэтилен өнімдерін өнді­румен айналысады. Өндіріс орны, негізінен, Ақтөбедегі «Дина», «Олжа», «Ан­вар» секілді супермаркеттердің, Аты­рау, Батыс Қазақстан облыстарындағы ірі сауда орындарының, жеке тұты­ну­шы­лардың сұраныстарын өтеп отыр.
Болат ЖҮСІПОВ, «Поливест» ЖШС дирек­торы:
– Біз жылына шамамен 60 тоннадай қапшық шығарамыз. Ал Ақтөбеде жыл сайын 150-200 тоннадай полиэтилен пакеттерін пайдаланады. Біздің өнім­дер жергілікті нарықтың тек 15-20 пайы­зын ғана «жабады». Қалғаны – Қытай­дың өнімдері. Рас, бұлардың сапасы бірдей. Бірақ қытайлықтар пакет­терге тез ыдырататын қоспа қос­пай­ды. Себебі бұл – өте қымбат тұратын технология. Жұрт Қытайдан шыққан бұл өнімдерді арзан деп алады. Бірақ өздерінің алданғандарын білмейді. Оның үстіне, мысалы, 500 пакет деп сыр­тына жазып қойған ораманың ішінде 120-130 пакет қана болады. Оны санап жатқан ешкім жоқ. Біз осыны анық­тадық, —
дейді
Мұндай қапшық жасайтын шикізат, негізінен, Ресей, Корея, Сауд Арабиясынан, ал оларды тез ыдырататын қоспа Англия­дан, Швециядан әкелінеді. Алдағы жылы Атырауда полиэтилен шығаратын өндіріс орны іске қосылады. Шикізатты жақын жерден алу өнімнің өзіндік құнын арзан­дат­пақ. Ал, жалпы, полиэтилен әлемдік рынокта биржалық тауар болып есептеледі.
Тегін дүниенің қашанда құны бол­май­ды. Мысалы, Алматы, Ақтау тағы да бір­қатар қалаларда супермаркеттерде пакет­терді тегін береді. Бұл, меніңше, дұрыс емес. Экологиялық тұрғыдан қарағанда пакеттерді сату керек. Сатып алған нәр­се­нің құны болады, оны адам әр жерге лақтыра бермейді. Тегін алса, текке тастай береді. Кей елдер мұндай полиэтилен қап­шықтар өндірісіне тыйым салды. Бізде де сондай ұсыныстар болды. Әйтсе де олай істесек, базардағы бұл өнімнің орнын Қытай­дан келетін зиянды пакеттерге  босатып бергеннен ештеңе ұтпаймыз. Керісінше, ыдырататын қоспа қосу арқылы өндіруге, осындай өнідірістерді қолдауға бар күшті салу керек. Біз өнімдерімізді Англияға жіберіп, арнайы сараптамадан өткізіп, сертификат алдық. Біздің өнімдер бір жылдың ішінде ыдырап бітеді, — дейді ЖШС директоры.
Қолдау демекші, аталған серіктестік бұл жетістікке «Даму» қорының қар­жы­лан­дыру бағдарламалары ұсынып отырған жеңілдіктер арқылы жетіп отыр. 2008 жылы алдымен несиеге пакет өндірісі бойынша желі алды, содан соң лизингілік мәмілелерді қаржыландыру бағдар­ла­ма­сының артықшылықтарына иек артты. Кәсіп аясы кеңейіп, өндірілетін өнім саны артты.
Келесі кезең — қолданылған пакет­тер­дің қалдығын қайта өңдеу. Ол үшін қалада полиэтилен пакеттерін салатын арнайы қоқыс жәшіктері қойылмақ. Бұл да «Даму» қо­рының қолдауы арқасында жүзеге аспақ.
– Жылына 200 тонна пакет қол­да­ны­латын болса, 200 тонна пакет қалдығы шығады деген сөз. Сондықтан тұты­ну­шы­лардан пакеттің 1 келісін 30-35 теңгеден са­тып алатын боламыз. Егер осының ізіне түсетін адам болса, біршама табыс табуына да бо­лады, — дейді Б.Жүсіпов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста