Қадірін білгенге, кәдімгі қамыстың да қажет тұстары аз емес. Бағасы арзан, салмағы жеңіл, жылу өткізгіштігі мен ылғалға төзімділігі, радиоактивтілігі тағы бар. Құрылыс жұмыстарында көп кәдеге асатын қамыстан жайлы жиһаз да жасалады. Негізгі шикізаттың жергілікті жерден табылатыны да қамысты кәдеге жаратқысы келгендердің пайдасына шешіледі. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламалар аясында Атырау облысының Құрманғазы ауданында іске қосылған қамыс зауыты отандық кәсіпорындар санын арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясын дамытуға ықпал етті.
«Құралай» корпорациясына қарасты «Досжан және Компания» ЖШС-нің қамыс плиталарын шығаратын зауытта 70 адам жұмыс жасайды. Неміс технологиясының негізінде қамыс арнайы қондырғыда уатылып, ұнтақталады, ыстық пеште ұсталып, желімделеді. Осылайша, дайын өнімге айналады. Зауыт өнімі бүгінде облыстан асып, Орал мен Ресейдің Орынбор қалаларында сұранысқа ие болып үлгерді.
Осы ауданда, сондай-ақ «Ақ қамыс» ЖШС-нің жергілікті қамыстан түйіршіктелген биологиялық отын дайындау зауытының құрылысына да жер телімі бөлініп отыр. Болашақта «Ақ қамыстың» өнімі Батыс Еуропаға экспортталатын болады. Құрылыс жұмыстарына 400-ге жуық адам алынады, жұмыссыздық проблемасын шешуге бұл да үлкен көмек.
Қамыс та қажетке жарайды
Последние статьи автора