Павлодар облысында қазақ жылқысының жаңа тұқымы шығарылды

Павлодар облысында қазақ жылқысының «Жәбе» атты жаңа тұқымы шығарылды. Текті жануарға сұраныс күннен күнге артуда. Павлодарлық шаруаларға Қостанай, Көкшетау, Семей, Қарағанды және Алматыдан атбегілер келіп жатқан көрінеді. Павлодарлық Мұса Жанатаев: «Атбегілік өнер – атадан-балаға қалған мирасым», – дейді. Ол жазда жайлауда, қыста қыстаққа шығып, кең даланың байтағында қамбар ата баласын баптау ісімен айналысады. Жуырда өңірдің үздік жылқышысы атанған Мұса жүлдеге темір тұлпар еншілеп, табынын енді дүлей дауылда да еш кедергісіз бағуда. Мұса Жанатаев, жылқышы -Енді жылқышы болу үшін жылқышының баласы болу керексің. Ол өзінің атын ұстай алмаса, қамшы-жүген өру білмесе, бие саумаса, жылқы сою білмесе ол кісі жылқышы емес былай айтқанда. Әкем солай айтатын. Оның қол астында қазір 6 адам жұмыс істейді. Әрбір қызметкерді өзі таңдаған. «Жылқы асырау кез келгеннің қолынан келмейтін шаруа болғандықтан, ең алдымен жігіттердің атбегілік өнерін, жануармен қарым-қатынасын сынадым», – дейді ол. Ризолла Аязбаев, табыншы -Мұсадан көп нәрсеге үйрендік. Енді осындай жылқы боранда баққанда, қай жағынан қалай шығу керек, қай жерге дейін баратынын үйрендік. Солай-солай бізге өз білгенін үйретіп келеді. Мұсаның қызмет етіп жүрген шаруашылығы тек асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысады. Бірнеше жыл ішінде бұнда «Әсем», «Зов» және «Қолшатыр» атты тұқымды арғымақтар шыққан. Будандастырылған соңғы тұқым – қазақ жылқысының бір түрі. Оған Мұса «Жәбе» деген ат берген. Мұса Жанатаев, жылқышы -Әкемнің бастап кеткен жұмысы ғой – жәбе. Сол жалғастырып келеміз. Негізі бір жылда істейтін жеңіл жұмыс емес. Оны бірнеше жыл жасап келеміз. Ата дәстүрін жандандырып, келер ұрпаққа өнеге болып жүрген Мұсаның ерен еңбегін жергілікті аудан басшылығы да жоғары бағалап отыр. Жаңа жыл қарсаңында Жанатаевтар отбасын шаруашылық директорының өзі де құттықтады. Авторлары: Жұрағат Баман, Салауат Темірболатұлы, Марат Игіліков және Алексей Омельницкий
khabar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста