Павлодар облысы әкімінің резиденциясы жекеменшікке сатылып кеткен

Павлодар облысы әкімінің Баянауылдағы резиденциясын жекеменшік иесіне сату заңсыз деп танылып, енді мемлекет меншігіне қайтарылмақ. Ол курорттық аймаққа айналдырылған. Сот үкімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі иесі бұрынғы "Жанбақты-Арнасы" резиденциясын сатып алу-сату шартын, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті беру-қабылдау актісін жарамсыз деп таныған бірінші сатыдағы сот шешіміне дау айта алмады.

 

"Сатып алу-сату шарты бойынша ЖШС мемлекеттік мүлікті - демалыс үйінің тұрғын емес үй-жайларын сатып алғаны анықталды. Алайда бұл мүлік заңнамалық тыйымға қайшы сатылған. Мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға құқығы жоқ. Демалыс үйі жекешелендіруге жатпайды", - деп хабарлады Павлодар облысы сотының баспасөз қызметі.

 

Облыс әкімінің бұрынғы резиденциясы заңбұзушылықпен сатылған.

 

"Нысан орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері мемлекеттік жер пайдаланушының меншігінен шығарылып, бір ЖШС-не заңсыз берілген, ол өз кезегінде мүлікті басқаның жарғылық капиталына өткізген. Алқаның ұйғарымы бойынша, бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, сотталушылардың апелляциялық шағымдары қанағаттандырылған жоқ", - деді облыстық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

 

Айта кетейік, даулы курорттық аймақтың қазіргі директоры апелляциялық соттың қорытындысымен келіспейді.

 

"Біз мұндай шешімді күткен жоқпыз. Әрі қарай кассациялық тәртіпте шағымданамыз, Жоғарғы Сотқа жетеміз. Бізге екі нысан ғана берілді, қазір бұл аумақта 16 нысан бар. Бұл монша, виллалар, қонақүй кешендері. Қазір демалыс аймағының жалпы құны 1,1 миллиард теңгеден асады. Салған ақшамызды кім өтейді? Бұл нысандар бұзылса да, бізге өтемақы төлеу керек", – дейді курорттық аймақтың директоры Ардақ Нұркебаев.

 

Іске қатысушы прокурор соттан айыпталушылардың өтінішін қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Павлодар облысы қаржы басқармасының өкілі Ринат Қияқбаев та бітімгершілік келісімге келуге негіз көрмей отырғанын айтты. Бұрынғы резиденцияның мемлекет меншігіне қалай қайтарылатыны әзірге белгісіз.

 

"Техникалық тұрғыдан қосымша инвестициялар үшін сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін, заң бойынша төлем облыстық резервтен түседі. Бірақ тек барлық инстанциядағы сот шешімі бойынша. Сотта біз сатып алу-сату шартын заңсыз деп тануды талап еттік. Біздің талаптарымыз орындалды. Оқиғаның қалай өрбитінін уақыт көрсетеді. Мен ол жерде не болатынын болжай аламын. Әлеуметтік нысан шығар", - деді Павлодар облысы қаржы басқармасының өкілі Ринат Қияқбаев.

 

Еске сала кетейік, биыл маусымда Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Баянауыл курорттық аймағында орналасқан бұрынғы "Жанбақы-Арнасы" резиденциясын сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныған болатын.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста