Пайдалы өнім

Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы орталық алаңда І «Халықаралық күркетауық фестивалi» ұйымдастырылды. Шараға ҚР ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары Гүлмира Исаева, ТМД елдерiнде күркетауық өсiрумен айналысатын iрi кәсiпорын басшылары, Израиль мен Канада, Ресей елдерiндегi iрi компания президенттерi мен ғылыми-зерттеу институттарының өкiлдерi қатысты.
Дайындау технологиясы Ресейден алын­ған Ордабасының құс еті өнімдері шым­кенттік тұрғындар мен шетелдік ма­ман­дар­дың назарына ұсынылды. Мәсе­лен, күр­кетауық етiнен дайындалған қазы да сатылымға шығарылыпты.
Мұрат ТАҒАЕВ, «Ордабасы құс» ЖШС-ның бас директоры:
– Шындығында, күркетауықтың еті дәмді, ерекше нәрлi заттарға толы, етте холестерин мен май аз мөлшердi құрайды. Күркетауық етi басқа жануар­лардың етiмен салыстырғанда аллер­гия туғызбайтын жалғыз тағам болып табылады. Сондықтан да оны балалар мен қарт кiсiлердiң тағамы десек, қате­леспеймiз. Әрі диеталық тағам ретiнде құс етiнiң, оның iшiнде күркетауық етi­нiң ерекше бағаланатыны рас. Осы шараны өткізуіміздің басты мақсаты – халық арасында күркетауық етiнiң ден­саулыққа пайдалы екенiн жеткiзу болатын.

Шара аясында «Қазақстан Республика­сында күркетауық шаруашылығын дамы­ту» тақырыбында дөңгелек үстел де өтті. Бас­қосуда «Ордабасы құс» ЖШС-ның бас директоры Мұрат Тағаев кәсiпорынның қа­зiргi күйi мен болашағы туралы ой бө­лісті. Күркетауық кешенiн дамытудың ал­ғаш­қы кезеңiнде, яғни биыл 5000 тонна­дай ет өндiру көзделiп отырса, 2015 жыл­дың соңына қарай, екiншi кезеңде – 8000 тонна, 2017 жылдың соңында – 20 мың тонна, ал 2020 жылдың аяғында 30 мың тонна ет өндiру жоспарланып отыр екен.
Юрий МАРКОВ, Ресей ұлттық күркетауық өсiрушiлер қауымдастығының бас директоры:
– «Ордабасы құс» ЖШС-ның бола­шаққа белгiлеген жоспары өте сенімді. Осы бағытта кәсiпорын басшылары мен мемлекеттiң қолдауы жақсы үй­лесiп отырғанын көруге болады.Осы тұрғыдан ресейлiк инвесторлардың Қазақстаннан үйренерi де аз емес.

Жиын барысында Қазақстан құс өсiрушiлер одағының президентi Руслан Шарипов елдегi күркетауық шаруашы­лығын дамыту жайлы баяндама жасады. Из­раильдегi МАД компаниясының пре­зидентi Ави Паюрский күркетауық етiн өн­дiру кезiндегi қауiпсiздiк, «Кадди Фармз Лимитед 2008» компаниясының вице-пре­зидентi Скотт Чэмберс күркетауықтың ин­кубациялық жұмыртқасын өндiру жа­йында айтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста