Өзіңізді өлтіруге арналған у сатып алып жүргеніңізді білесіз бе?

Өзіңізді өлтіруге арналған у сатып алып жүргеніңізді білесіз бе?

Қазақтан қазірде Өзбекстен мен Тәжікстанның көкөністерін ең көп тұтынатын елдердің қатарына қосылып отыр. Бұл туралы «Қамшы» порталы жазады. Мысалы, біз өткен жылы Тәжікстаннан жалпы құны 20 млн долларды құрайтын 180 мың тонна көкөніс импорттаппыз. Ал өзбектерден жалпы сомасы 15 млн доллар тұратын 183 мың тонна көкөніс тасымалдағанбыз. Біздегі ішкі нарықтың 77 пайызын осы екі елден келетін өнімдер құрайды.
Негізінен, өзбек пен тәжіктің өнімдері ыстық-суыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Шіремейді, көп сақталады. Осынысымен де тұтынушылардың сұранысына ие. Бірақ мамандардың айтуынша, егер біз болашақта денсаулығымызды жақсартқымыз келсе, ең алдымен сырттан келетін өнімдердің проблемаларын сезінгеніміз жөн.
Қазірде әлем халқының басым бөлігі гендік модификацияға түскен өнімдерді тұтынудан басын алып қашуда. Осыдан болар бүгінде әлем бойынша халал өнімдерді тұтынатын халықтың саны 3,5 миллардқа жеткен. Ғалымдар жыл сайын халал өнімдерді тұтыну үрдісі 30-40 пайызға өсім беріп отырғанын алға тартады. Десек те ас-ауқатты будандастыру деңгейінің өсімі әлі де жоғары. Генетиктеріміздің нақты есебінше, қазір әлемде 2000 түрлі өсімдік тектес көкөніске гендік будандастыру жүргізу мүмкіндігі бар. Олардың ішінде ең көп будандастырылатыны - қызанақ, қияр, соя, жүгері, арахис, бидай, картоп. Былайша айтқанда адамның ағзасына қажетті, халық ең көп тұтынатын азықтар. Ал мамандар мұндай өнімдерді шамадан тыс тұтыну ұлт денсаулығына қауіпті екенін жасырмайды. Бұл ретте сарапшы-маман Марал Төртенова былай дейді:
- Біз өзіміз көп тұтынатын Өзбекстан мен Тәжікстанның көкөністерінің бір ерекшелігі - бұл өнімдер суыққа үсімейді, ұзақ уақытқа дейін солмайды, құрт түспейді, шірімейді, өңін де бермей, түсін қанық күйде сақтайды. Былайша сырттай бәрі жап-жақсы. Ал іші ше? Қазір аталмыш елдер осындай көкөністерін бізге көптеп өткізіп жатыр. Білесіздер, әлемдегі тамақ тапшылығын шешу үшін басын тасқа да, тауға да ұрған ғалымдар жоқтан бар жасап, трансген, гендік модификацияға ұшыраған тағамдар түрін ойлап тапты. Мысалы, 2 млрдқа жуық халықты асырау үшін мұндай өнімдерді тұтыну Қытайға таптырмайтын амал-айла еді. Қазір будан өнімді көп тұтынатын Қытайда аурудың неше атасы бар. Өзбекстан мен Тәжікстан да саудаларын еселеу үшін түрлі дәрілер егілген өнімдерін бізге көптеп енгізуде. Ал біз мұны сезінбестен, ойланбастан сол өнімдерді тұтынамыз. Меніңше, бізге сырттан келетін өнімдердің сапасын бақылауға күш салу керек. Олай етпесек, бұл бізге төнген қауіптің ең зілдісі.

Будан асқа бұғауланған болашақ
Жалпы, мамандар «гендік модификацияланған өнімді тұтынудың «жемісі» бір күннің ішінде білінбейтінін, ол адамзаттың бойында түрлі аурулар арқылы көрініп, ұзақ жылдар бойы сақтала келе адам генін өзгеріске ұшырататынын баса айтуда. Сондай-ақ табиғи өнімдерге қарағанда, бұлардың бағасы арзан болғандықтан бұл өнім түрінің нарықта тез таралатынын алға тартқан мамандар «ұлтымыздың саулығын ойласақ, будан өнімдерге болашақта барынша шектеу қойғанымыз абзал» деседі.

Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
- Біз қазір көбінесе синтездеуден өткен, химиялық қоспалары көп тағамдармен ауқаттануға әуеспіз. Білесіздер, қазір біраз қауым рухани тазалықтан ада болып барады. Әйелдер арасында жасанды түсік жасату, адамдардың бір-біріне озбырлық жасауы, алауыздық көбейіп кетті. Міне, осының дені адамдардың синтезделген аспен тамақтануына тікелей қатысты. Харам тамақты жеген адамның бойында қорқыныш болмайды. Харам тамақтың құрамындағы нәрсе адам ағзасына қоса сіңеді де, адамның мінез-құлқы бұзылады. Бұған қоса қазірде халал өнім деп саудаға шығарылған өнімдер мен тұтыну заттарының өзі сапасын тексеру барысынды жалған болып шығады. Сондықтан біз бұл ретте алдымен сапа стандартын қадағалауға, бақылауға мән берген жөн.
Ой салар: Қазірде көптеген құс өсіруші кәсіпорындар сойылған тауықтың бас-сирақ, тұмсық-тұяқ, қалдық етін далаға төгіп тастамай, оны ұнтақтап, химиялық зат қосып, жем жасап тірі тауықтарға беретіні мәлім. Мұндай қандасының етін жеп үйренген тауықтар алда-жалда араларынан біреуі сәл жарақаттанып, қан шықса болды, жапа-тармағай жабыла кетіп, дереу жеп те қоюға бар. Осыған байланысты бұл саланы зерттеп жүрген ғалымдардың біразы «малға, құстарға, жалпы жануарларға тірі ағзаның гені будандастырылып дайындалған азықты беруге болмайды. Соңғы жылдары пайда болған мал ауруының көбеюіне себеп осыдан болуы да мүмкін» деп те күмәнданады. Жасыратыны жоқ, модификацияланған, синтездеген өнімдер өндіріле бастағаннан бері әлемдік тұрғыда түрлі ауру-сырқаулар көбейе бастаған. Сонымен қатар, азық-түлік, көкөністерден болатын аллергиялар да күрт өскен. Демек біз бұған алаңдауымыз керек. "Ол үшін атқарушы билік сырттан келетін өнімдердің сапасына сақтықпен қараса» дейді мамандар.

Қарлығаш Сайлаубаева
«Қамшы» сілтейді 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста