Швецияның Йёнчёпинг қаласының 81 жастағы тұрғыны газеттен өзінің өлімі жайлы қазанаманы оқып, қайран қалған. Қазанаманы оның 90 жастағы әпкесі жариялапты.
Lenta.ru-дың хабарлауынша, ауруханада жатқан Свен-Олаф Свенссон өзіне келген досының не себепті таң-тамаша болғанын әуеліде түсіне алмайды. Сөйтсе, досы жергілікті басылымнан мұның қайтыс болғанын оқыпты. Ауруханаға «марқұмның» заттарын алып кету үшін келген. Кейін бәрін бүлдірген Свенссонның 90 жастағы әпкесі екені белгілі болды. Ол емдеуші дәрігердің сөзін қағыс естіп, інісін қайтыс болды деп ұққан. «Менің өлімім жайлы қауесеттер сәл асыра айтылған» деп, Марк Твен айтпақшы, бұл – күлкілі жағдай. Есіміміздің некрологқа түбінде бір жазылатыны анық. Мен 81 жыл тамаша ғұмыр кештім, өмірге еш өкпем жоқ», - дейді ақсақал. Швецияда мұндай жайт осымен екінші рет жария болып отыр. Бір жыл бұрын 35 жастағы әйел де баспасөзден өзі туралы некрологты көріп, таңғалған.
(Сурет lifenews.ru сайтынан)
Өзі жайлы некролог оқып, таңқалды
Последние статьи автора