Отандық сусын асқазан ауруларына шипалы

Дағдарысқа қарамастан Қазақстан әлемдік нарыққа жаңа өнімін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл сусынның аты – «Салсабил». Қазіргі күннің өзінде құрамында  денсаулыққа пайдасы мол йодтың қоспалары  бар  сусынға көп елдер қызығушылық танытып отыр. Аталған сусынды азаматтарымыз алдағы күні елдегі барлық дәріханалар мен супермаркеттерден ала алады.

Күлгін-қошқыл түсті жаңа сусынның дәмі кәдімгі күнделікті ішіп жүрген су секілді. Оның бір ерекшелігі – құрамында йоды болғандықтан, асқазан-ішек ауруларына өте пайдалы. Қазақстанда мұндай сусын тұңғыш рет өндіріліп жатыр. Қазірдің өзінде ол еліміздегі дәріханалардың сөрелерінен орын алып үлгерді. Мамандардың айтуынша,  оны ораза кезінде ішкен өте пайдалы. Себебі бұл айда адамдар ауыз ашқанша аш жүреді. Сондықтан адамдардың асқазанында қатерлі ісік немесе басқа аурулар пайда болуы мүмкін. Ал бұл сусын ондай дертке жол бермейді. «Салсабилді» өндірген  MTI Medical компаниясының Таяу Шығыс және Африка бойынша әріптесі Хыдыр Хасан Бадурдың айтуынша, ораза адамдардың денсаулығын түзеуге мүмкіндік бергенімен, қазіргі күні көптеген мұсылман елдерінде бұл айда асқазан – ішек ауруымен ауыратындар саны артқан.  Сондықтан мұсылман елдері  аталған сусынға қызығушылық танытып отыр. Компанияның  директорлар кеңесінің төрайымы Гаухар Үсенованың сөзіне қарағанда, бұл өнімнің болашағы зор, бүгінде оны өзге елдерге экспорттау үшін келісімдер жасалып жатыр. «Дағдарысқа қарамастан  біздің компаниямыз өз өнімін әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік алды.

Бұл компанияның экспортқа шығарғалы отырған үшінші өнімі. Бұрын бұл сусын тек емдік қасиеті үшін ғана шығарылған. Қазір халықтың сұранысына байланысты оның шығару көлемін арттырып жатырмыз. 2000 жылы клиникалық зерттеу нәтижесінде,  бұл сусын он күннің ішінде ішек-асқазан ауруларын жазатыны, отыз күннің ішінде гастритті жоқ қылатыны анықталды. Бұл Қазақстанның жеке өнімі болып есептеледі», – дейді Г.Үсенова. Жаңа сусынның негізін  «Возрождение» бальзамы құрайды. Ал аталған бальзам йодтың органикалық емес түрінен тұрады. Суға йодты араластыру себебін мамандар былай түсіндіреді. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарына дейін тіпті барлық ауруларды емдеу үшін йод қолданылған.  Ал АҚШ-та 60-шы жылдарға дейін көп тағамдардың құрамына йод қосылып отырған.

Сол жылдары АҚШ-та әрбір тұрғын күніне  450-500 микрограмм йодты пайдаланатын болған. Аталған ел кейін тамақтағы йодтың құрамын азайтып, оны 150 микрограммға дейін жеткізді. Бұл уақытта  йодтың жетіспеуі салдарынан әйелдердің 15 пайызы емшек сүті безімен ауырған. Ал оған дейін бұл көрсеткіш 5 пайызды құраған екен.  Қазіргі күні Жапонияның әрбір тұрғыны күніне 12,5-20 милиграммға дейін йодты пайдаланады. Сондықтан бұл халықтың өмір сүру ұзақтығы 85 жасты құрап отыр. Оларда бала өлімі, емшек сүт безі аурулары өте сирек кездеседі. Сондай-ақ адамдарға жұқпалы аурулар аса қауіпті емес. Міне, бұл тәжірибе біздің мамандарымызды ойлантқан сияқты.  

Хыдыр Хасан Бадурдың сөзіне қарағанда, ораза кезінде асқазанда бактериялар белсенді бола түседі, сондықтан асқазан жарасы қабынып, қансырауы мүмкін. «Салсабилді» адам, әсіресе,  ауыз бекітердің алдында немесе тамақтан кейін ішкені дұрыс.  Осының арқасында күні бойы адамның іш құрылысы таза болып жүреді.  Бұл өнімді енді тұтынушылар дәріханалардан 420-450 теңге көлеміндегі бағаға сатып ала алады. «Бұл өнімнің Қазақстан нарығына шыққанына аз уақыт болса да, ол ел арасында үлкен қызығушылық тудырды. Алдағы уақытта қажылық сапары келе жатыр. Адамдар Меккеге, адам қарасы мол шоғырланған жерге барады. Сонда неше түрлі ауру, тұмауға тап болуы мүмкін. Ал бұл жағдайда құрамында йоды бар сусынды ішкен өте пайдалы», – дейді Хыдыр Хасан Бадур.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста