Наурыз көже жасауды отандық кәсіпорындарға міндеттеу керек пе?!

Наурыз көже жасауды отандық кәсіпорындарға міндеттеу керек пе?!

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі жақындағанда әр отбасы наурыз көже жасауды міндетіне балап, тіпті көженің жасалу технологиясын білмейтін жас келіндер үлкен кісілерден оның жасалу тәсілдерін сұрастырып қал-қадірінше мейрамға қамданып-ақ жатады...

Негізінен, тереңіне үңілсек, наурыз көженің қасиеті, құрылысы, жасалу тәсілдері тым ерекше. Бойына айрықша қасиет жиған бұл асты жасау оңай шаруа емес. Дәмі тіл үйіру үшін оған міндетті түрде сүр ет қосу керек. Сондай-ақ көжеге қосылатын басқа дәмдерді де нақпа-нақ дәл қоса білу үлкен шеберлікті талап етеді. Жасыратыны жоқ, қазірде Наурыз мейрамында дайындалып жүрген қайсыбір көженің технологиясы, құрамы, дәмі көңілімізден шықпай жатады. Көжені кім қалай естісе немесе бір жерден оқыса болмаса біреуден үйренсе солай жасап жүр. Ал жылдар өте келе осы дәміміздің сапасы одан әрі төмендеп кетпесіне кім кепіл?! Мұндайға жол бермес үшін не істеу қажет?
Көжені брендке айналдыру керек...
Негізінен наурыз көже ең алдымен ұлтты біріктіретін ас. Кезінде ата-бабаларымыз халықты дастарқан басына тоғыстыратын ынтымақ құралы ретінде нақ осы наурыз көжені пайдаланған. Үлкен «қара қазанға» әзірленген көжеден бүкіл ауыл-аймақ дәм татып, ел-жұрттың ырыздығы кіріп, берекесі жарасқан. Ендеше осы көжені ұлттық брендке айналдыруға біз неліктен асықпай отырмыз?! Мүмкін, наурыз көжені дайын өнім ретінде нарыққа шығаруға отандық кәсіпорындарды міндеттеу қажет шығар?! Бұл жайында экономист-сарапшы Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ былай деді:
- Жалпы, Наурыз көжені ұлттық брендке айналдырудың мынадай бірнеше тетіктері бар:
а) Бірінші Наурыз көженің ішіне жеті түрлі ас қосылатындықтан көжені жартылай өнім ретінде шығаруға кәсіпорындары міндеттеу қажет. Бұл үрдіс қарпайым отбасы қауымына да үлкен көмек болады. Егер көжені жартылай дайын өнім ретінде шығарсақ, көжеге деген сұраныс артып, Наурыз көже тек наурыз келгенде ғана емес, жылдың басқа мезгілдерінде де сұранысқа ие болмақ;
ә) Егер біз отандық кәсіпорындарға наурыз көжені жасауды міндеттесек, оның жасалу технологиясы да дами түсетіні даусыз. Мәселен, қымызды, шұбатты, қымыранды қазірде дайын өнім ретінде шығаратын кәсіпорындар бізде бар. Бүгінде олар қымыздан, шұбаттан емге дәру құрғақ таблеткалар да жасай бастады. Осы тәрізді наурыз көжені бір даярлап көріп табысқа қол жеткізгеннен кейін кәсіпорындар оның жасалу технологиясын дамыта түседі деп сену керек. Кейін наурыз көжеден дертке дауа құрғақ таблеткалар жасалып жатса бұл құптарлық жайт.
б) Үшіншіден, Наурыз көжені кәсіпорындар сатылымға арнайы қорапшалармен, шығара бастаса, қораптың сыртында көженің құрамы, қасиеті, оған қосылған тағамдардағы дәрумендер толық жазылады. Осыдан барып көженің қасиеті мен құрамының құндылығынан хабарсыз қауым өзіне қажетті дерек алады;
Міне, маманның пайымдауынша, наурыз көжені брендке айналдырудың түп-төркінінде осы үш тетік жатыр. Сарапшылар бұған қоса «көже жасаумен айналысатын кәсіпорындарды жыл сайын наурыз айында салықтан босатып, олар төлеуі тиіс қосымша құн салығын алып тастап отырса кәсіпорындар тек қана пайда көрер еді. Бұдан соң сол мекемелер өздері-ақ наурыз көжелерін жарыса нарыққа шығарып бәсекелестік орта тудырады» деседі...
Наурыз көженің емдік қасиетін білеміз бе?
Ал енді біз жеті түрлі ас қосылатын көженің емдік қасиетін білеміз бе? Бүгінде көптеген қауым «көжеге жеті түрлі ас қосылса болды» деп, бұл астың стандарттау жүйесін бұзып, әркім қалағанын қосып жүр. Абзалында «көжеге міндетті түрде сүр ет қосылып, малта езіліп, бидай, тары салынуы тиіс ал қалған үш түрлі тағамды әркім көңіл хошына байланысты үлестірсе де болады» дейді мамандар. Жалпы, көженің емдік қасиеті турасында ғалымдарымыздың пікірі оң. Біз бұл жөнінде наурыз көженің құрамын, емдік қасиетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп жүрген диетолог-маман Гүлназ БАЙМАҒАМБЕТОВАМЕН пікір алмастық:
- Наурыз көженің құрамындағы су тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Сондықтан наурыз көжені жасарда су молынан құйылуы қажет. Көженің құрамына сүр ет міндетті түрде салынуы керек. Сүр еттің дәмі әр алуан тағамдармен жақсы үйлеседі. Сүр етте адам ағзасында кездесетін амин қышқылдары түгелдей кездеседі. Негізінен адам ағзасына қажетті заттардың 25 пайызы осы сүр еттің сорпасында... Бұдан соң көжеге қосылатын негізгі тағам айран. Айран сүт қоректі жануардың сүтінен жасалатын сұйықтық. Бұл ас қорыту жұмысын дамыту үшін өте пайдалы тағам. Төртінші көжеге міндетті түрде малта езілгені абзал. Малта өкпе ауруында, тыныс жолдарына суық тиіп ауырған кезде ыстықтай ішкізіледі. Малтаның сарысуын ауырған малға ішкізеді. Көжеге қосылатын тары, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды. Бидай көмірсу мен ақуыздың негізі болып табылады. Құрамына назар аударсақ, ақуыздың 10-15 пайызы; көмірсудың 59 пайызы; майдың 38 пайызы; фосфордың 3,6 пайызы бидай мен тарының құрамында бар...
Сөйтіп, диетологтардың пікіріне жүгінсек, наурыз көже асқазан, өкпе, ауруларына таптырмас ем. Ол адамның қан алмасу процесін жақсартуына да өзіндік ықпал етеді. Көженің құрамында минералды заттар-кальций, фосфор, калий болса; сүт және ет тағамдарынан-ақуыздар; дәнді дақылдардан- көмірсулар бөлінеді. Сондай-ақ көжеде-В1;В2;В6; А; Д; Е дәрумендері бар. Міне, осыған қарап расымен де Наурыз көженің құрамы мен қасиетіне қатысты насихатты күшейту қажеттігін пайымдайсың...
Нәр-уызды қолданысқа енгізген жөн...
Негізінде, наурыз парсы тілінен алғанда «нәр-уыз» – жаңа күн деген ұғымнан шыққан. Наурызды бирамалықтар «Су мейрамы» десе, тәжіктер «Гүл гардон», «Гүл наурыз» дескен. Хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган» деп те тойлатыпты. Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайында Омар Хайям, Махмұт Қашқаридың еңбектерінде тереңінен жазылған. Қалай десек те Наурызда барша бұқара қыстан аман-есен шыққанына шүкіршілік етіп, елдің аузы аққа тигеніне масайрайды. Заманында ата-бабаларымыз наурыз көжеге жаңа туған малдың уызын қосып та үйіндегі «қара қазанын» толтырған. Бұл әрине, бабаларымыздың «наурызда малым төлдеп, өрісім кеңейіп, қоңысым мерейленсін» деген тілегінен туған ниет екені даусыз. Ал қазір наурыз көжеге уыз қосу тәсілі мүлде ұмыт қалды... Сондықтан мамандар «наурыз көжеге жаңа туған малдың сүтінен жасалған нәр-уызды пайдалануды қолданысқа енгізсек оңды болар еді» дейді... Жалпы, кезінде қазақтар наурыз келерден бір күн бұрын үйіндегі қазан атаулыны «аққа» толтырып ыдыстарының бетін ашып қояды екен. Бұл «қай үйде ақ мол болады, сол үйге ырыс-бақ келіп қонады, дастарқаннан ақ үзілмейді» деген ырымнан туындаған пейіл. Ендеше «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деген ата-баба тілегі жалғасын табуы үшін осыбір Ұлы күннің басты белгісі наурыз көже жалпыхалықтық брендке айналуы тиіс. Бұған отандық кәсіпорындар бар ықылас-ынтасымен кіріссе түйткілдің түйіні тарқатылары даусыз...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста