Мырзашөлдің қауындары бал татиды

Оңтүстік өңірдің диқандары бақша өнімдерін баптаудан алдыларына жан салмайды. Биыл мақатаралдық диқандар қауын-қарбыз егіп, рекордтық өнім алды. Мырзашөлдің қауындарына сұраныс жоғары.

 

Ұзындығы бір метрге жететін мырзашөл қауыны балдай тәтті дәмімен әлемге танылған болатын. Бүгінгі сұраныс басқа, тасымалға ыңғайлы болу үшін сол сортты будандастырып, қорапқа сыятындай етіп өсірген. Диқан Ердәулет Қазыбековтың айтуынша, Жиенбай қауынының бір жақсы жері дәмі тіл үйіреді және тасымалдауға төзімдіғ яғни ұзақ жолға бейімделген. Көлемі де ығайлы, бір қорапқа 5-6 қауын сыяды. Мырзашөл қауынының 100 тоннасы 5 миллиард теңгедей болады. Негізінен өнім кедендік одақ елдеріне жөнелтіледі. Сол елдерден сұраныс жыл сайын артып келеді.
« Мақтаарал қауынның отаны ғой. Бұл жердің қауынының дәмі ерекше. Мәскеу мен Минс қалаларының тұрғындары осы қауынға тапсырыс береді. Сондықтан жеткізіп тұрамыз», дейді Станислав атты тасымалдаушы.
Биыл ауа-райы да, нарықтың жағдайы да мақтааралдық диқандардың көңілінен шықты. Өнімділік жақсы, баға біршама қымбат және көрші мемлекеттердегі валюта бағамы біздің сол жақта сатуымызға тиімді.
«Өткен жылдары қауынның келісі 15-20 теңгеден өткізген күніміз де болды, биыл іріктелген жақсы қауынның келісі 90-100 теңге», дейді диқан Оразалы Бақтияров.
Мақтаарал ауданында биыл 23,5 гектар жерге қауын-қарбыз егілді. Ресейге күніне 20 шақты қауын-қарбыз тиелген көлік аттанады екен. Соларға арнап ауданда логистикалық орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Логистика орталығында 5 мың тонна өнім сыятын қойма болады деп жоспарлануда. Тұрақты сатып алушыларды жатын орынмен қамтамасыз ету де қарастырылып отыр. келушілердің құжаттарын рәсімдейтін арнайы бөлімше де ашылмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста