Мұнайдың қашан таусылатыны әрі оның орнын қандай энергия алмастыратыны айтылды
Қытайдың оңтүстік технологиялық университетінің президенті әрі Қытай ғылым академиясының мүшесі Сюэ Цикунь жердегі ең басты қазбалы энергия ресурсының 50 жылдан соң таусылатынын мәлімдеді.
Бұл жайында islam.kz порталы Қытайда арық көретін The Paper мерзімді басылымында жарияланған мақалаға сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Қытай ғалымының айтуынша, соңғы 250 жылда қазбалы энергия көздері белсенді пайдаланылып, әлем бойынша үш өнеркәсіптік төңкеріс орын алған.
Қазіргі әлемдік экономика даму қарқынынан таймаса, жарты ғасыр шамасында көміртекті ресурс таусылмақ. Осыған байланысты адамзат қапы қалмасы үшін баламалы энергия көздеріне көшу керек.
Сюэ Цикунь осылай дей келе ешуақытта сарқылмайтын күн энергиясының адамзаттың одан арғы дамуының негізіне айналатынын жеткізді.
Бұдан бөлек, газ бен көмірді сутекті отынмен алмастыру мүмкіндігін қарастыру керек екеніне тоқталды.