Мұнайдың арзандауы біреуге зиян болғанмен, біреуге пайда...

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы басқаруға келмей, күннен-күнге құнын жоғалтып барады. Кеше мұнай бағасы рекордтық көрсеткішке дейін құлдырап қара алтынның бір баррельі 45 долларды маңайлады. Мұнайдың бағамы біраз елдерді сан соқтырып, сары уайымға салып жатқан тұста нақ қазір қайсыбір елдер «біз бұдан пайда көреміз» деп те кеуде керіп отыр.

Сөйтіп, бағамдасақ, мұнай бағасының түсуінен ұпайларын түгендейтін елдер де бар. Бүгін «Алаш айнасы» арнайы мамандардың пікіріне жүгіне отырып осы жайттарды талқыға салуды жөн көрді.
Мұнай бағамы жайлы сөз еткенде алдымен қыркүйек айынан бері қара алтын құнының қалай төмендегінін арнайы сызба арқылы көрсетуді жөн көрдік.

Міне, әлемдік нарықтағы мұнай бағамының қалай-қалай құбылғанын осы сызбадан анық көруге болады.


Байқағанымыздай, мұнайдың бағамы бұрынғыдай болмай тұр. Бұл негізгі табыс көзін мұнайдан тауып отырған елдер үшін оңай болмайтынын Алаш айнасы бұған дейін де жазды.

Болжамдар жақсы емес
Жалпы, сарапшы қауым мұнай бағамына қатысты жағымды жорамалдар айтып отырған жоқ. Олардың басым бөлігі «алдағы уақытта мұнайдың бір барелльі 100 доллар болуы ықтимал деп үміттенудің өзі қиын» дейді. Сарапшылар 2016 жылдың өзінде мұнай бағамы 60-70 доллардың айналасында ғана болатынын жарыса айтуда. Ал 2015 жылы қара алтынның бағасы әрі кетсе 50-50,4 доллардың маңына көтерілуі мүмкін. Әлемдегі инвестициялық ең ірі Goldman Sachs банкінің сарапшыларының өзі кеше «2015 жылдың басында мұнай бағасының 83,8-90 доллар болады деп болжағанбыз. Мұнай бағасының бұлай құлдырайтынын жорамалдай алмадық» деп ақиқатын айтты. Ал жағдайдың бұлай ушығып отырғанына қарамастан мұнай қожайыны саналатын Сауд Арабия мұнай бағасын бұрынғыдай көтере алмайтынын, сұраныс аз болса да ұсынысты азайтпайтынын алға тартып отыр. Сауд Арабия «мұнай бағамы 20 долларға дейін түссе де пайдамыз кемімейді» дейді. Сауд Арабиядан бөлек мұнай бағамының құлдырағанынан пайда көретін елдер де бар. Тіптен олар кеше «мұнай бағамы 10 долларға кемісе де қазынамыз ортаймайды» деп салды.

Бағаның арзандауы кімдерге пайда?
Жалпы, көмірсутегі шикізатының арзандауынан әлемдегі жалпы ішкі өнім өспесе кемімейді. Бұл туралы Лондондағы Capital Economics қаржылық консалтинг компаниясы «мұнай бағасы 10 долларға дейін төмендесе де әлемдегі жалпы ішкі өнім көлемі 0,5 пайызға артады» деседі. Аталмыш қаржылық компанияның мамандары «мұнай бағасының төмендеуі қазірде жеңіл өнеркәсібін жолға қойып алған Қытай, Үндістан, АҚШ, Түркия, Бразилия, Индонезия, Оңтүстік Африка елдерінің экомикасына пайдалы, оны біз қазірдің өзінде байқап отырмыз. Сондықтан бұл арада жеңіл өнеркәсібін жолға қойып алған елдердің жалпы ішкі өнімі ортаймайды» дейді.

Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшысы:
– Мұнай бағасы төмендеп жатқанымен, бір ғана Үндістанның ЖІӨ 2014 жылы 5,6 пайыз болса, 2015 жылы 6,4 пайызға, 2016 жылы 7 пайызға өседі деп болжанып отыр. Мұндай пайданы Үндістан жеңіл өнеркәсібі арқылы, технологиялық қуаты арқылы табуды ойластырып қойған. Мұнай бағасы қанша жерден түссе де қылы қисаймайтын елдердің бірі Қытай. Қытай елі де жеңіл өнеркәсібін жолға қойып алған, технологиясы мен ғылымын дамытқан мемлекет. Сол тәрізді Түркия да жеңіл өнеркәсібі арқылы өзіндік бренд қалыптастырған ел. Ал осы арада біздің жеңіл өнеркәсіп саласына мән бермеуіміз. Ғылымды дамытуда шетелдік технологияға ғана сүйенуіміз пайданы еселемейтінін тағы бір дәлелдеді. Біз киім-кешекті, тұрмысқа қажетті барлық заттарды, тіпті азық-түлікті, елімізде мұнай көп бола тұра жанар-жағармайды сырттан тасимыз. Мұнай бағасы бұрынғыдай болмайтыны қазір нақиты айтылып жатыр. Уақыт өте келе отандық өнімнің ауадай қажеттілігі бізге одан әрі сезіле түседі. Қандай ел болсын қазір жеңіл өнеркәсібін жетілдіруге, өзінен өнім шығаруға барын салуда. Бізге де осы бағытты ұстанбай болмайды. Олай етпесек экономикалық әлеуітіміз нықталмайды. Нақ қазіргі уақытта бізге осыны ұғыну керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста