Ақтөбе облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасы 2011 жылдың маусымы мен 2013 жыл аралығында Ақтөбе қаласының бас жоспарына түзетулер енгізді. Болашақта шаһардың көптеген бау-бақша учаскелері мемлекет есебіне қайтарылып, басқа да үлкен өзгерістер орын алуы мүмкін.
Облыс орталығының көп орталықты сипатта (ретсіз) дамуы қала жоспарлауында кейбір қиындықтарды туындатып отыр. Жағымсыз факторлардың қатарына магистральды темір жолдың Ақтөбе территориясы арқылы өтуін, әуежай кешенінің қала маңында орналасуын және жақын маңдағы елді мекендер мен алыс аудандар арасындағы көлік қатынасының жеткіліксіз түрде дамуын жатқызуға болады.
Нұрлан БОРАНБАЕВ, «Облыстық архитектура және қала құрылысы басқармасының» басшысы:
- Ақтөбе қаласының ретсіз дамуы қаланың орта бөліктерінде ескі жеке құрылыс массивтерінің көптеп пайда болуына әкеп соққан. Инженерлік коммуникациялар мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бұл жерлерге жақындығын ескерсек, қазіргі таңда бұл аудандарға инвестициялық қызығушылықтың артып отырғаны байқалады. Мысалы, «Мәскеу» шағын ауданынында болашақта көп қабатты үйлер салып, атауын «Москва-ситиге» өзгерту жоспарлануда.
Бас сәулетші Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайының нашарлағанын да атап өтті. Қаламыздағы автокөліктер санының күн санап өсуіне, өнеркәсіптік және индустриалды ортаның қарқынды дамуына байланысты облыс орталығындағы экологиялық жағдайы едәуір нашарлаған. Соның ішінде, қаланың солтүстік өнеркәсіптік зонасында зиянды заттар мөлшерінің бірнеше есе көбеюі байқалған.
Сәулет және қала құрылысы органдарының ақпараттары бойынша, бүгінгі таңда Ақтөбеде ауданы 2592 га аумақты алатын, кейбір мәліметтер бойынша 40 мың адам тұрақты мекен ететін 32026 бау-бақша учаске тіркелген. Бас жоспарды жобалаушылар қаланың экологиялық ең қолайлы аудандары ретінде Сазды су қоймасы және Қарғалы өзені сағасына жақын аумақтағы бау-бақша ұжымдарын сақтап қалуды қарастырып отыр.
Бүгінгі таңда бау-бақша ұжымына қатысты тәртіпсіз құрылыс және бақша массивтерінде қоныстану, жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану, әлеуметтік инфрақұрылымның болмауы секілді проблемалар кездесуде. Сонымен қатар бұл ұжымдарда қоныстанушылар туралы мәліметтер жинақтау және олардың әлеуметтік құрамының анализін жасақтауда қиындықтар пайда болады. -Соған байланысты бау-бақша ұжымының құрылысы мен жер телімдерін түгендеу, саяжай және бау-бақша ұжымының басқармалары мен төрағалардың жауапкершілігін және рөлін күшейту арқылы қызметін үйлестіру қажет,- дейді Нұрлан Ақабайұлы.
Саяжай және бау-бақша құрылысын дамыту үшін, бас жоспарды жобалаушылар Орск және Хромтау бағытында орналасқан аумақтардан сәйкес учаскелерді беруді ұсынады. Бау-бақша ұжымының аумағын дұрыс ұйымдастырмау және құрылыс салумен байланысты мәселелерді ескермеу, болашақта әлеметтік шиеленісу ошақтарының пайда болуына әкелуі мүмкін,- дейді өңірдің бас сәулетшісі.
Нұрлан Ақабайұлының айтуынша, өндірістік зонаға жақын орналасқан саяжай учаскелерінде өсірілген ауылшаруашылық өнімдердің тұтынушыларға зиянды әсерін тигізеді. Бұл аймақтың топырағы мен суы қатты ластанған және су басып кету қауіпімен жоғары. Сол себепті өндірістік зона аумағындағы саяжай учаскелерінің пайдалануын шектеп, кейін учаскелерді кезең-кезеңімен қайтарып алынады. Болашақта бұл аймақты орманды саябақ зонасына айналдыру жоспарланған.
Сазды, Елек өзендерінің сағасында орналасқан бау-бақша учаскелері де өзгеріске ұшырауы мүмкін. -Бұл учаскелер орманды саябақ зонасы белдігінде орналасқан және жерлерді бау-бақша керегіне жарату жасыл көшеттер алаңының азаюына әкелді. Әзірше аталған аумақта тек маусымды бақша өсіру рұқсат етіледі, кейін кезең-кезеңімен учаскелерді қайтарып алу жоспарлануда.
Әуелі пайдалануын шектеп, кейін қайтарылып алынатын жер учаскелерінің келесі тобына болашақта көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланған реконструкциялық зонада орналасқан учаскелер жатады. Бұл жерлер қала аумағына жалғасумен және инженерлік-коммуникациялық, әлеуметтік инфрақұрылымды нысандарға жақындығымен сипатталады.
Құрылыстың бірінші кезеңі 2017 жылда басталмақ. Бұл кезде қала халқының саны 450 мың адамға жетеді деп болжанған. Сонымен қатар жоспарлаушылар 2030 жылы Ақтөбе қаласы тұрғындарының саны 625 мыңға, ал 2040 жылы 1 млн адамға жетеді деген п болжам айтады.
Қазіргі таңда барлық жобалық жұмыстар аяқталды. Жобалық құжаттарды ендігі кезекте министірліктер мен ведомоствалардың бекітуі тиіс.
"МОСКВА-СИТИ" АҚТӨБЕНІҢ БІР АУДАНЫ ҒАНА
Последние статьи автора