Мораторий бизнес тынысын аша ма?

Мораторий бизнес тынысын аша ма?

Сәуір туысымен, кәсіпкерлерде де жағдай тәуір болатын түрі бар. Түстеп айтқанда,  шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлердің айы оңынан, жұлдызы соңынан тумақ.  Тексеруден әбден запы болған бизнестің бұл екі өкілі мемлекеттік органдардың жоспарлы тескеруінен ада болады. Нақтырақ айтсақ, Елбасының биылғы жылдың 27 ақпанындағы Жарлығына байланысты 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін аталған кәсіпкерлер санатына жоспарлы тексеру тоқтатылады.  Яғни, нәсібін кәсібінен тапқан, алым- салығын уақытылы төлеп, өзге жұртқа да нәпақа тауып беріп отырған  кәсіпкерлер енді мемлекеттік тексерушілерді бұйырса, бір жыл көрмейді. Одан кейін келесі жылдан тексерушілер кәсіпкерге тіпті, ат ізін салмақ емес. Сөйтіп, кәсіпкерлердің тексерушілерден көрген көрешегі кемімек. Олай деуімізге себеп те жоқ емес. Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы жария еткен деректерге сүйенсек, 2013 жылы 118 тексеру актісін прокуратура тіркеуден бас тартқан. Ал 98 тексерісті заңсыз деп тапқан. Бұл мәселеге байланысты «Алаш айнасы» журналистік зерттеу жүргізген еді.
Мораторий жариялауға кәсіпкерлер ірілі-ұсақты шенеуніктердің жүгенсіздігі ықпал етті деседі. Жөн-жосықсыз тексерістен көз ашпаған бизнесмендеріміз өнім өндіруді емес, қағаз жинаумен шұғылданып кеткен-ді. Тексеріс десе, осы күні кәсіпкерлер түнде түсінен шошып оянатын халге жеткен содан.  Мемлекеттік сатып алудағы жемқорлық,  келе-келе кәсіпкерлікке де  ұя салып, балалап алған-ды.
Мораторийді  Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы  кәсіпкердің алаңсыз кәсібін әрі дамытуға, өзін-өзі іштей тексеріп, мінін түзеуге берілген мүмкіндікке балап отыр. «Мораторий  кәсіпкерлердің еркінсіп, босаңсуына негіз емес» дейді Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ермек Әбілдин. Сондай-ақ ол кәсіпкерліктің адымын аштырмай, кежегесін кері тартқан мәселелерді шешуде Елбасы Жарлығының кәсіпкерлікке берері көп деп біледі.
Ермек Әбілдин, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының директоры:
–Президент Нұрсұтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылдың 27 ақпанында шағын және орта бизнес саласында қолданылатын шараларды үйлестіруге қатысты  Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл жарлықтың мақсаты – елімізде кәсіпкерлікті жақсарту. Аталған Жарлықты орындау 6 кезеңге бөлінген. Оның біріншісі –  мораторий. Екінші – 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап,  шағын және орта бизнеске жүргізілетін жоспарлы тексеруді алып тастау. Үшінші – ҚР Парламенті Мәжілісіне қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізуге ұсыныс жасау. Бұл арада нарық талабына жауап бермейтін заң нормаларына өзгерістер енгізу болып отыр.  2015 жылдың 1 қаңтарына дейін өзін өзі реттейтін ұйымдар қызметі мәселелері бойынша заң жобасын ұсынуы қажеттігін тапсырған Елбасы.  Сондай-ақ төртінші  кезең – 2015 жылдың  1 қаңтарына дейін мемлекеттік органдар арқылы ықтималдық  жүйесін анықтаудың тәсілін дайындау. Егер кәсіпкер заңның барлық талабын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлдем бас сұқпайды. Осылайша, үш дәліз қалыптасады. Жасыл, сарғыш, қызыл. Жасыл – бұл ешбір заңнаманы бұзбаған кәсіпкер үшін даңғыл жол. Бесінші – кәсіпкерлікте бір терезе жүйесін енгізу. Халыққа қызмет көрсету орталығы секілді кәсіпкерлердің қызмет көрсету орталығы арқылы кәсіпкер бір ғана құжат беретін болады. Ол – өтініш. Мысалы, бұрын кәсіпкер қандай да бір жер алу үшін 9 құжат жинауы керек еді. Енді ол құжаттарды соған жауапты органдар өздері жинақтайды. Алтыншы – Кәсіпкерлер  кодексі.  Бизнеске қатысты заңнамалар, кәсіпкерлікке қатысты нормативтер көптеп кездедеседі. Ал біз кәсіпкердің құқын бір ғана заңдық құжат анықтағанын мақсат тұтамыз. Кез келген кәсіпкер осы кодекстің нормаларын ұстанып, өз кәсібін жүргізе алады.

Кәсіпкерлікті дамытудағы жаңалықтың бірі – бизнес-омбудсмен институтының енгізілуі. Оның негізгі міндеті – мемлекеттік органдарда кәсіпкерлердің құқын қорғау. Сонымен қатар, 2014 жылдың 1 маусымына дейін Үкімет Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен бірге тиісті заңнамаларға түгел ревизия жүргізіледі. Кәсіпкерлік Палатасының айтуынша, қазіргі заңнамаларға Ұлттық Палата арқылы 217 өзгеріс, 93 түзету енгізу үшін ұсынысы жасалыпты. Ал мораторий кәсіпкерлерге не береді? Бұл - ең бірінші мемлекеттік органдардың беймезгіл дүркін-дүркін тексеруінен кәсіпкерлердің көзін ашпақ.
Геннадий Жмук, Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер бойынша  директордың орынбасары:
–Мораторий кәсіпкерге не беретіндігіне келсек, жұмсартып айтқанда, мемлекеттік органдар бизнес ортаны заңсыз, артық тексерулермен мезгілсіз мазалаймайды енді. Тексерулер бір күннен бірнеше айға дейін созылатын кездер болған. Сондықтан да бұдан былай кәсіпкерлер оларды тексеретін инспекторларға қағаз дайындаудан құтылады. Егер кәсіпкер тексеру қорытындысымен келіспесе, ол сотқа жүнігетін. Ол сот бірнеше айға созылған жағдайлар бар. 6 айға созылған сот үрдісі де бар.  Соның салдарынан сыбайлас жемқорлықтың ортасы қалыптасты. Енді олар жойылмақ.

Жоспарлы тексерулерсіз кәсіпкерлік жүгенсіз кетпей ме? Кәсіпкерлікті жоспарлы тексерудің баламасы ретінде жауапкерлішікті сақтандыру жүйесі жасалмақ.
Жомарт Алдоңғаров, «Еуразия кәсіпкерлерінің қауымдастығы ҮЕҰ» президенті:
–Жалпы кәсіпкерлерден түскен шағымдарға үңілсек, СЭС-ке көп  арызданады кәсіпкерлер. Мемлекеттік органдар  Елбасы тапсырмасын орындамай отыр. Бұдан бөлек жер комитеті, жергілікті билік бар. Былтыр біз прокуратурамен, облыс әкімдігімен бірлесе «Шенеунік және кәсіпкер» акциясын өткіздік. Сонда білесіздер ме,  5 ғана кәсіпкер қатысты. Себебі не? Өйткені, кәсіпкерлер қазір ешкімге сенбейтін болған. Тіпті, кәсіпкерлер өмірде кәсіпкерлік бөлімі бар дегенді білмейді. Елбасы қазір бизнес аяғынан тік тұруы үшін осындай мүмкіндіктер жасады. Елбасы мораторий жаряилауына түрткі болған шенеуніктердің бетімен кеткендігі. Сондықтан да қазіргі бизнес қауымдастық Елбасының ұсынысын қолдап, Ұлттық палатаға зор үміт артады. Егер қолдамасақ, біздің келешегіміз мүшкіл.

Палата отандық өнім өндірушілерге мораторийдің тиімді боларына сенімді. Олар жергілікті тауар өндірушілердің реестрін құрылатындығын айтады. Ең қызығы, олар «Қарағанды үйін» тұрғызуға ұсыныс жасаған екен жергілікті билікке. Оның 99 пайызын отандық жергілікті өнімдер қамтымақ. Ал тұрғызылған үйді жетімдерге беру керек дегенді және айтыпты кәсіпкерлер палатасы. «Қарағанды үйін» тұрғызу арқылы жергілікті отандық өнімдеріміздің, оларды өндірген кәсіпкерлеріміздің осал еместігін дәлелдеуді мақсат тұтса керек облыстық палата.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста