Министрдің шешімі тығырыққа тіреді - Отандық жүк тасымалдаушылар

Министрдің шешімі отандық жүк тасымалдаушыларды тығырыққа тіреді. Қазақстанның халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы бүгін осындай мәлімдеме жасады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мамыр айының басында ресейлік және беларустық тасымалдаушыларға біздің елде жүгін тиеп тіркеуге рұқсат берген болатын, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Одақтың айтуынша, бұл шешім қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық бағытта жұмыс істеу мүмкіндігін шектейді.

 

Өйткені өзге елдерден келетін барлық жүкті ресейлік және беларустық жүргізушілер жеткізетін болады.

 

Еуропа мемлекеттерінен келген жүк бүгінде Беларусь Республикасынының аумағындағы логистикалық қоймаларда сақталады. Сәйкесінше, енді жүкті тиегенде соларға басымдық беріледі.

 

Санкцияларға байланысты былтырдан бері елімізге осы екі мемлекеттің көлік компаниялары келе бастады. Басында кәсіпорын ретінде жұмыс істесе, қазір қазақстандық тіркеуді алып жатыр. Қазақстан берген рұқсат бланкпен олар жұмысын ың-шыңсыз жалғастырып жатыр. Пайданың 90 пайызы шетелдіктерге кетсе, екі ортада біздің жүргізушілер жер сипап қалатын түрі бар,- дейді одақ президенті Мақсат Сақтағанов.

 

Мақсат Сақтағанов, Қазақстанның халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағының президенті:

 

- Біздің министрлік ресейлік және беларусиялық көлік жүргізушілердің пайдасына қалай шешім қабылдай алады? Ол өз азаматтарын табысссыз қалдырады ғой! Қазақстандық компаниялардың аузынан жырып алған табысты Ресей мен Беларусь тасымалдаушылары өз еліне алып кетіп, сол жақтың бюджетіне ақша құяды. Ал біз тұтынушылар ретінде шетелдік компанияларға тауарды жеткізу ақысын төлейміз. Осы кезге дейін тасымалмен айналысқан мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста