Министр: Бұдан былай қант проблемасы болмайды

Министр: Бұдан былай қант проблемасы болмайды

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 
 
 Біз отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін көтерме баға енгіздік. Инфляцияға олар ешқандай әсер етпейді. Өйткені қазір бағалар теңдесуде, себебі теңге мен рубльдің айырмашылығы жақсарып келеді, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкіметте өткен брифингте. 
Айтуынша, қант өндірісін жақсарту шаралары қолға алынған. 

Біз өзіміздің қант зауыттарымыздағы қаржыландыруды аяқтадық. Жақын арада оны іске қосуға дайынбыз. Әрине, көп мөлшерде құрақ қанты болады, бірақ былтырғыдай проблема болмайды. Меморандумда оның ең жоғары бағасы 460 теңге деп көрсетілген. Бұл біздің дүкен сөрелеріндегі бағалар, - деді Премьер-министрдің орынбасары. 
Белгілі болғандай, өткен жылы отандық қанттың 306 мың тоннасы өндірілген. 

Былтыр біз құрақ қантынан 306 мың тонна қант пен 50 мың тонна қызылша қантын өндірдік. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бұған дейін өндіріс көлемі 100 мыңнан сәл ғана асатын, - деді Серік Жұманғарин. 
Еске сала кетейік, бұған дейін түрік компаниясы Шу қаласында қант өндіретін жаңа зауыт салуды жоспарлап отырғандары туралы жазған болатынбыз. «Konya» компаниясы инвестор ретінде тартылып, отандық қант саласын дамытуға жол ашады деп жоспарланып отыр. 

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста