Елімізде металл сынықтарын жинап, экспорттау табыстың егемендік алғаннан бергі кезең ішіндегі ең сарқылмайтын көзіне айналды. Металл сынықтары Қазақстанның мұнайы мен газынан да өтімдірек тауар болып тұр. Себебі оны шетелдіктер тиын-тебенге сатып алады.
Бағалай білсек, металл сынықтары – байлықтың нағыз көзі. Өйткені оны домна пештерінде балқытып, жаңа металл құймасын алу терең жер қыртысынан руда қопарып, одан металл тотығын алып, соларды жиыстырып, ақыр аяғында балқыту арқылы металл құймаларын алудан әлдеқайда оңай, әлдеқайда аз шығында екенін түсіну керек. Бірақ бізде түсінгісі келмейтіндердің ықпалы күштірек болып келген сыңайлы.
«Ештен кеш жақсы» деген халықпыз ғой. Үкіметтің металл сынықтарын экспорттауға тыйым салған қаулысы шыққанда, қуанып қалдық. Ал осы қаулының күшін жыл аяғына дейін ұзарту туралы жаңа хабарды естігенде, қуанышымыз еселене түсті. Біз жалпы, металл сынықтарын елден экспорттауды түбегейлі және түпкілікті тоқтату керек деп ойлаймыз. Өйткені өзіміз металл шикізаттарды экспорттайтын ел екенімізді ойлап, өзімізге-өзіміз қастандық жасап жүргендейміз. Тиын-тебенге сатқан металл сынықтары жүздеген теңгеге жер астынан қопарып шығарған рудалардан алып, экспорт-тайтын металл құймаларымызға нақты бәсекелес болатынын түсінуге тиіспіз. Яғни тиын-тебенге мәз болғандарды қолдап, елімізге түсетін миллиондардан айырылып жатырмыз. Нағыз Қожанасырдың саудасы!
Десек те, металл сынықтарын жинаушылармен «күреспеу» керек. Мемлекет индустрияландыру бағдарламасы негізінде елімізде ең болмаса металл сынықтарын қайыра балқытып, өңдеп шығаратын бір кәсіпорын ашса, одан ұтылмайды. Бұл үшін қажетті энергия көзін беретін шикізат бізде жеткілікті. Айталық, домна пештері үшін таптырмайтын энергия көзі кокстелген көмір болса, Қарағандының көмірі нағыз кокстелетін сапалы көмір. Демек, металл сынықтарын өзімізде өңдеп, пайдаланатын мол мүмкіндік болып тұрғанда одан, яғни экспортталатын металл сынықтарынан өзімізге на-ғыз күшті бақталас жасау білімсіздіктің өзі. Біз Әсет Исекешов бастаған индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырушы лауазымды тұлғалар осындай игі іспен айналысса, «қой да аман, қасқыр да тоқ» деген жағдайды қа-лыптастырар едік.
Иә, металл – біздің басты байлықтарымыздың бірі. Ал оны өзіміздің байлығымыз емес, бақталасымызға айналдыру сын көтермейтін кемістік екенін мойындау қажет шығар.
Aikyn.kz
Металл сынықтарына неге мән бермейміз?
Последние статьи автора