«Мал өсірсең, қой өсір...»

Гемпшир және суффольк тұқымдарын будандастырған қазақ ғалымдары қой тұқымының жаңа типін шығарды. Оны ерте жетілетін етті бағыттағы қазақ қойы деп атап отыр. Алматы облысының Ақсу ауданындағы «Көктем» шаруа қожалығымен төрт жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары таңғаларлық нәтижеге қол жеткізді.
Алынған төлдің салмағы өзі қатарлы қозылардан анағұрлым артық. Мәселен, кәдімгі ақ қойдың төрт айлық қозысы он үш келі ет берсе, асылтұқымды қозы жиырма келіге дейін таза ет береді. Ал тірідей салмағы елу келіге дейін жетеді. Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу инсти­тутының кіші ғылыми қызметкері Нұрлан Жұмаділлаевтың айтуынша, асылтұқымды қойдың артықшылығы тек бұл емес. «Қой етінің құрамындағы май қабат емес, тамшы түрінде кездеседі. Сондықтан бұл ет диеталық болып есептеледі. Сондай-ақ бұл қой өте өсімтал. 100 аналық 150-160-қа дейін қозы береді. Яғни әр екінші саулық егіз туады. Және қозыларын екі айында бө­ліп алса, қолдан ұрықтандырылған саулық­тан жылына екі рет төл алуға болады»,– деді ол.
Жалпы, гемпшир тұқымы қазақ жеріне сонау 30-жылдары әкелінген. 1965 жыл­дағы есеп бойынша Қазақстандағы оның саны 62 мыңға жеткен екен. Бірақ Одақ ыды­раған соң, бұл тұқым да тарыдай ша­шы­лып кетті. Алматы облысының Ақсу ау­да­нындағы бірлі-жарым «қазақ гемпширін» жинаған шаруа үш жылдың ішінде 200 бас қойды 1500-ге жеткізген. Ұлыбританиядан, Жаңа Зеландиядан алынған суффольк ұрық­тарын институт өкілдері осы қазақ гем­пширінің жатырына енгізіп, міне, үш жыл қатарынан төл алып отыр. Шаруаға қол­дауды «ҚазАгроИнновация» мекемесі көрсетуде.
Айта кетелік, гемпшир де, суффольк та кәдімгі ақ қойға (мериносқа) ұқсайды. Тек гемпширдің сирағы мен басы сарғыш-қоңыр болса, суффольктар қап-қара ке­ле­ді. Әрі бұл қойдың арқасы жалпақ, сирақ­та­ры ұзын да қайратты. «Қыста қарды ар­шып жайылуға өте бейім» дейді маман­дар. Бұлардың қошқарлары 120-140 келіге дейін тартса, саулықтарының тірілей салмағы 70 келіге дейін жетеді. Суффольк таза етті бағыттағы мал болса, гемпшир етті және жүнді. Орта есеппен гемпшир қойы 5-6 келіге дейін жүн береді.
«Көктем» шаруа қожалығының жетек­шісі – Алмасбек Садырбаев. Оның айтуын­ша, жергілікті билік өкілдері шаруашы­лықты өркендетуге құлықсыз. «Мен жылына 5-6 тонна қой жүнін өткіземін. Соған субсидия алу үшін ауданға барсам, ондағылар анау жоқ, мынау жоқ деп кедергіні қолдан туғы­зып отыр. Қайта-қайта шапқылаудан шар­ша­дым»,– дейді шаруа. Былтыр қожалық 300-ден астам асылтұқымды қошқар сатқан. Қазір гемпшир мен суффолькқа ТМД елдері тарапынан, тіпті Ираннан да сұраныс түсіп отыр. «Бірақ қойды экспорт­тау­ға кедер­гілер көп. Карантинді бір деңіз, кедендік органдардың кедергісін екі деңіз, одан қала берді, шекарашылардың шарша­таты­ны тағы бар», – дейді шарасыз азамат. Елбасының биылғы халыққа жолдауында үкіметке мал шаруашылығының өзге са­ла­ларын, әсіресе қой шаруашылығын да­мы­ту туралы тапсырма бергенін ескерсек, кәсіп­керге кедергіні қолдан туғызып отыр­ғандар­ға бір түрткі керек-ақ тәрізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста