Майнерлердің 80% ел нарығынан кетуі мүмкін

Майнерлердің 80% ел нарығынан кетуі мүмкін

Майнерлердің 80% ел нарығынан кетуі мүмкін. Өйткені олар енгізілген жаңа ережелермен келіспей отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда, шенеуніктер де алған бетінен қайтар емес. Олар осы жаңашылдық арқылы, салық жүйесінің қызметін реттеуді көздеп отыр. 

 

Қарағанды қаласындағы мына шағын майнинг фермасы сағатына 80 мегаватт тұтынады. Ферма күндіз 14 сағат бойы тоқтап тұрады. Тек түн мезгілінде есептеуге тура келеді. Себебі, еліміз бойынша мәліметтерді өңдеу орталықтары мемлекеттік энерго жүйесінен ажыратылған.

 

Сондықтан, крипто өндірушілер энергияны сырттан сатып алуға мәжбүр. Оның тарифі қымбат, тек түнгі сағаттарда арзанға алуға болады.

 

Сембек Жайыпбеков, мәліметтерді өңдеу орталығының басшысы:

 

- Бұрын қазақстанның электр қуатымен тәулік бойы жұмыс істейтін едік,  небәрі 18-20 тенге тұратын. Қазіргі таңда бізді басқасына ауыстырды, ең арзан деген тарифті таңдап алдық. Күндізгі тариф  46 теңгеден асады, түнгі және мерекелік тариф деген бар. Олар сәл арзандау болады, шамамен бір киловаты сағатына  26 тенге. Сондықтан, түнгі он екінден бастап, таңертеңгі 10.00 ға дейін жұмыс істейміз. Шетелдік ең арзан тариф осы.

 

Сәуір айынан бастап, Қазақстанда майнерлерге арналған жаңа ереже заңдық күшіне енді. Енді барлығы лицензия алуға міндеттеледі.

 

Алайда, алдымен қолда бар жабдықтарды аппараттық-бағдарламалық кешеннің реестріне енгізу қажет. Бұл цифрлық активтер туралы заңның негізгі талаптарының бірі. Сәйкестік сертификаты деуге болатын құжат крипто өндірушілердің екі түріне беріледі. Яғни, мәліметтерді өңдейтін жеке орталығы бар тұлғалар алады.

 

Одан бөлек, орталығы болмаса да, арнайы жабдықтарды алғандарға беріледі. Алғашқылар үшін жарна 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде болса, екінші топ үшін небәрі 5 АЕК болады.

 

Ғиззат Байтұрсынов Электронды өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті директорының орынбасары:

 

- Қазір лицензия алатындар бірден ақша төлемейді. Алайда, келесі жылдың  яғни, 2024 жылдың 15- ші ақпанына дейін, 2023 жылы алға нлицензия үшін төлейтін болады. Лицензияның жарамдылығы (ұзақтығы ) үш жыл. Анығырақ айтқанда, аталған индустрияны жедел түрде реттеу үшін, осындай шешім қабылдадық. Салық кодексіне сәйкес, егер сіз жаңа салық немесе лицензиялық жинақ енгізетін болсаңыз, оны тек  2024 жылдан бастап енгізе аласыз. 

 

Одан бөлек, майнерлер салықтың бірнеше түрін төлейтін болады. Кейбірі былтыр енгізілді.  Мысалы, 2022 –ші жылдың қаңтар айынан бастап, пайдаланылған энергияның әрбір киловаты үшін, бір теңге көлемінде бекітілді.

 

Ал биылдан бастап, бұл мөлшерлеме тек жұмсалған электр қуатына байланысты емес, оның бағасына да байланысты болады. Яғни, сатып алынған ресурс құны қымбат болған сайын, оған төленетін салық мөлшері арзандайды. Немесе, арзан қуат алсаңыз, салықты көп төлейсіз. Жалпы, мөлшерлеме киловатына 1 теңгеден бастап, 25 теңгеге дейін болмақ.

 

Бұл орайда, Блокчейн Қауымдастығының өілдері крипто өндіруші таза пайда көргенге дейін, ресурсқа салық салынбауы тиіс деген пікірде. 

 

Сергей Путра, Қазақстандағы Дата орталықтары индустриясы мен Блокчейн қауымдасатығының вице-президенті:

 

- Яғни, бұл дегеніңіз, көлік жүргізушілер мен такси қызметін ұсынатындардың пайда таппай тұрып, бензинге салық төлегені сияқты ғой Немесе, металл өндіретіндер, өнім дайын болмаса да, тұрып, көмірге салық төлегенімен бірдей. Біз былтырғы жылдағыдай бір теңге көлемінде мөшерлеме бекітуді өтініп, ұлттық экономика министрлігіне тағы да ұсыныспен шықтық.

 

Экономист Әнуар Нұртазин керісінше, бұл жерде пайда табуға болатынын айтады.

 

Оның ойынша, майнерлердің жоғары табысы, оларды тиісті төлемдерді уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді. Дифференциация, корпоративті кіріс салығы және қосымша құн салығының есебінен,  мемлекет бюджеттің бүйірін толтырар еді. Ал ол қаржыға елдегі электр станцияларын жаңғыртып, және жаңасын салуға болады. 

 

Әнуар Нұртазин, экономист:

 

- Негізінде майнинг арқылы энергетика саласына инвестиция тартуға болады. Оның ішінде электр қуатын өндіруге. Бұл дегенің жылу электр орталықтары, өздеріңіз білесіздер, қазір проблемасы шаш етектен. Бұл жаңартылған энергия мен класикалық түріне дейін өндіретін әртүрлі үлгідегі электр санциялары. Осылайша, әрине, экономикаға, оның ішінде энергетика саласына жаңа серпін беруі тиіс.

 

Одан бөлек, цифрлық активтер туралы заңға сейкес,  отандық және шетелдік майнинг орталықтары аккредитациядан өтуі керек. Бұл заң талабы.  Әрі, әрқайсының аппараттық- бағдарламалық кешені Қазақстанның аумағында болуы тиіс. Және, біздің елдің ақпараттық қауіпсіздігі талабын сақтау міндеттеледі. Осының бәрі майнерлердің кірісін бақылау үшін жасалып отыр.

 

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

 

- Бұл бизнес Қазақстан аумағында, біздің нарықта іске асты деп айта алмаймыз. Майнинг компаниялары біздің, Қазақстанныың тек энерго ресурсын пайдаланып келді. Яғни, біздің елімізде тек мәліметтерді өңдеу орталықтары ғана жұмыс істеді. Ал майнингтің өзі басқа жақта, басқа юрисдикция аясында жүргізілді. Біз бүгінгі таңда, майнинг компанияларын жергілікті жерде тіркелуге міндеттеп жатырмыз.

 

Экономист Андрей Чеботарёвтың ойынша, майнерлерге арналған жаңа ереже Қазақстан нарығына деген қызығушылықты азайтады. Ал артылған электр қуатын тиімді бағаға сатып алуға мүмкіндік беретін квоталардан пайда жоқ. Себебі, елімізде ресурс онсыз да тапшы дейді сарапшы.

 

Қысқасы, электр қуаты артылып қалады деген үміт аз. Қазақстанда крипто өндіруге қызыққан шетелдік инвесторлардың өзі мұны әлдеқашан түсінген. Түк шықпасын білгенен кейін, басқа елдерге кете бастаған. 

 

Андрей Чеботарёв, экономист:

 

- Біздің заңдарымызды ұзақ уақыт бойы қарап, нақты база дайындадық. Себебі, Самұрық пен Кегок біздің елде бәрі жақсы, профицит бар деп сендірді. Ал барлығы іске асып, Қытайдан майнерлер біздің елге ағылған кезде, біз шамалы уақыт майнинг бойынша әлемдегі алдыңғы елдердің қатарына ендік, кейін электрэнергия бойынша профициттің жоқ екені белгілі болды.

 

Әзірге жаңа ережелерді таныстырып, қабылдауға дайындап жатыр. Маусым айының соңында күшіне енеді. Майнерлер заң талабына сәйкес, жұмысын оңтайландыруы үшін екі ай уақыт бар. Әйтпесе, крипто өндірушілерге айыппұл салынып, жабдықтары тәркіленеді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста