Күкірт көбейіп, күлкі азайып барады

Абай Омаров (коллаж)

Атыраудағы мұнай алпауыттарының бірі «Теңізшевройл» компаниясына қарасты Жылыой ауданы аумағындағы күкірт тауларынан тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар тұтастай Атырау өңірі зардап шегіп отыр десек қателеспейміз. Мұндағы жылдар бойы жинақталып келген күкірт таулардың биіктігі бес қабатты үйден артық болмаса кем болмайды.

Мұнайлы аймақтың мұңы
Компанияның өзі таратқан мәліметтерде бұл «байлықты» сатудың көлемі 35-40 пайызға көбейгенмен, күкірттің азаятын түрі көрінбейді. «Теңізшевройл» кәсіпорны игеріп жатқан «Теңіз» кен орнынан өндірілетін шикі мұнай мен ілеспе газдың құрамында күкірт әртүрлі концентрацияда кездеседі. Ал газ өңдеу зауытында «қара алтын» мен ілеспе газды күкіртті сутегіден тазалайды. «Теңіз» кен орнына жақын бармай-ақ, сол жердегі ағайын-туыстарыңызға қонақтап бара қалсаңыз, қайтқанша асығасыз. Себебі мұрныңыз бен аузыңызды қанша бассаңыз да, шіріген жұмыртқа секілді жағымсыз иістен арыла алмайсыз.
Ресми баспасөз таратқан мәліметтерге көз салсақ, ТШО өткен жылы 3,2 млн тонна күкірт сатқан көрінеді. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 145 пайызы-мыс. Әртүрлі халықаралық құжаттарға сүйенсек, күкірт – өндірістік өнімдер қатарына жатқызылатын көрінеді. Бұдан шығатын қорытынды: ТШО ешқандай шектеусіз, лицензиясыз күкіртті өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға, сатуға, сыртқа шығаруға құқығы бар. Әлгі күкірт біз күнделікті өмірде қолданатын көптеген тұрмыстық бұйымдардың құрамына енетін көрінеді. Қысқасы, күкірт – өндірістік қалдықтарға ешқандай қатысы жоқ шикізат. Бұл – ресми ақпарат.
Ал атыраулық эколог мамандардың пікірлері бұған тіпті қарама-қайшы. Олардың ойынша, күкірт – қауіпті өнім. Қоршаған орта мен онда өмір сүріп жатқан сіз бен бізге берер пайдасы да жоқ. Канадалық ғалымдардың айтуынша, күкірт қышқыл бөліп шығаруға бейім бактериялардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасайтын өнім көрінеді. Температура 18-ден асқан кезде әсері де күшейе түседі екен. Ал Атырау өңіріндегі климаттың қандай екендігін, әсіресе жаз мезгіліндегі аптап ыстықты ойласаңыз, күкірттің әсерінен қоршаған ортаға тарайтын зиянды заттардың шаш-етектен екендігін салмақтай беріңіз.
Муфтах ДИАРОВ, аймақтық экологиялық проблемалар орталығының директоры:
– Мен өз ұсыныстарымды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жолдаған едім. Олар мен ұсынған маңызды экологиялық мәселелерді шешудің орнына, бір-біріне сілтейді. Жылыой ауданының халқы зиянды өндірістен зардап шегіп отыр. Оларды тез арада құтқару керек! Өз басым күкіртті жердің астында да, үстінде де сақтауға қарсымын. Атыраудың экологиялық жағдайы әлі де ушыға түседі. Себебі Қоршаған ортаны қорғау министрлігі шетелдік мұнай компанияларының айтқандарына бас шұлғып, Атыраудан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Қарабатанда ең ірі мұнай химиялық кешенінің құрылысын салуға рұқсат берді. Мұнда Батыс, Шығыс Қашағандағы тіпті басқа да кен орындарында өндірілген мұнайды күкірттен тазарту процестері жүрмек. Бұл жердің құрылыс үшін таңдалып алынуы да бекер емес. Шетелдіктер теміржол, ауызсу, электр энергиясы көздерінің жақын жерде орналасуын ойлап отыр. Бірақ адамдардың денсаулығына алаңдап отырған ешкім жоқ.

Аурулардың саны артып келеді
Қазір Теңіз кен орны орналасқан Жылыой ауданының халқы таза ауамен емес, күкіртпен дем алатынына мына деректер куә: Алматы қалалық денсаулық сақтау қоғамы институтының мәліметтерінде Атырау облысының басқа аудандары тұрғындарымен салыстырғанда, Жылыойдағы халық қан айналым жүйелері ауруларымен – 2,5 есе, асқазан ауруларымен – 3,2 есе, жүйке ауруларымен – 6 есе, эндокриндік аурулармен 4 есе көп ауыратын көрінеді. Бұл мәліметтер бер жағы ғана. Жиі ауыратын үлкендер ғана емес, тепсе темір үзетін жастар. Дәрігер-мамандардың айтуларына қарағанда, аталған аурулармен ауыратындар қатарының көбеюіне күкірттің адамның миына әсер етуі себеп болатын көрінеді. Туыла сала атауы өңі түгіл түсіңе де кірмейтін неше түрлі ауруларға ұшырайтын балалар да осы ауданнан және табылады.
 «Теңізшевройлдың» күкіртімен қоса, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тағы бір кен орны – Қашаған болмақ. Мұндағы мұнайды өндірген соң, аймақтың экологиялық жағдайы тіпті ушыға түсуі мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша, Қашаған кен орнындағы күкірттің көлемі Теңіздегі күкірт көлемінен 24 пайызға көп болуы мүмкін.

Дерек дәйек
«Теңізшевройлдықтар» болса, күкірт қалдық емес, өнім деп отыр. Мұның «шындыққа жанасатындығын» дәлелдегісі келді ме қайдам, тіпті Атырауда өткен қоғамдық іс-шаралардың бірінде аталған компания қызметкерлерінің бірі жұрттың алдында күкірттің бір бөлшегін аузына салып жіберіп, айды аспанға бір-ақ шығарған. Күкірттің жануға бейімділігі – әрі шындық. Әсіресе Атыраудың 45 градустан асқан аңызақ аптаптарында «сары таулардың» өздігінен тұтанбайтындығына ешкім де кепілдік бере алмайды. Ол-ол ма, 2008 жылдың наурыз айының 4-інде және 9-ында Атырау облысындағы Теңіз кен орнында «Теңізшевройлға» қарасты қоймада күкірттің жану оқиғасы тіркелді. Бірінші жағдайда өрт ошағы тез сөндірілгенмен, 9-ы күні болған оқиғада күкірт бақандай 4 сағат бойы жанды. Белгілі болғандай, мұнайды өңдеу кезінде алынған қалдықтардың (яғни күкірттің) 9 мың тоннасы жанып кеткен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста