Криминалдық экономика: Тұтынушылардың контрафактілік өнімдерге деген екі жақты көзқарасы
Соңғы кездері контрафакт туралы көп айтылып жүр, латын тілінде contrafactio - жалған деген мағынаны білдіреді. Тауар белгілерін заңсыз пайдалану, бөтен брендтер қолдану, авторлық құқықтардың бұзылуы, бағдарламалық өнімдерді, аудио және видео жазбаларды заңсыз түрде көбейту, нарықта жақсы өтетін тауарларды жалған жасау контрафактіге жатады. Контрафакт брендттік тауарларды құртады. Әдетте, желілік немесе фирмалық дүкендерге контрафакт тауар түспейді. Сұр немесе параллельді импорт – құқық иеленушілердің жоспарларын шатастыру, санкцияланған тауардың өзге елге тасымалдануы. Сұр импорттың әр түрлі акторлары бар: ұсақ сауда фирмалары, ірі көтерме сауда компаниясы, алып - сатарлар және тіпті қайырымдылық қорлары.
Белгілі брендті жамылып, өз бетінше тауар таңбасына еліктеу, басқа өнім, бірақ атауы бойынша өте ұқсас және сыртқы ресімдеуге арналған танымал бренд, ол тұтынушыны жаңылыстыратындай етіп жасалады. Контрафактылердің әсерінен көптеген тауарлардың нарығында сұранысы азаяды. Контрафактілік өнімдермен ашық күрес жүріп жатқанымен, бастапқы өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылар практикада бұл мәселемен шынайы күреспейді.
Контрафактілік өнімдердің таралу проблемасы осыдан 300 жыл бұрын пайда болған. Оны ең алғаш болып испандық дін қызметкері байқаған болатын. Ол қытайлықтардың Еуропада көрген өнімдерді дәлме-дәл көшірме жасап шығарып жатқанын байқаған. Сол сәттен бастап осы мәселе бойынша күрес жүріп жатыр. Жаһандану бұл мәселені одан арман ушықтырып тастады. Соңғы он жылдағы көрсеткіштер бойынша контрафактілік өнімдердің әлемде өте көп тарауы, бұл мәселе бойынша қатаң шараларды қолдану керек екенін көрсетіп отыр. Мәселені шешу жолдардың бірден-бірі: бастапқы өнімді өндірушілер көшірме жасауға мүмкіндік болмайтындай жаңа қаптамалар ойлап тауып, сонымен қатар, өнімдерінің құрамы мен өндіріс әдістерін патенттеу арқылы шараларды күшейтуге болады. Алайда ғаламтордың пайда болуы қадағалауы өте қиын болатын көптеген заңға қайшы шаралардың орын алуына мүмкіндік берді. Солардың ішіне контрафактілік өнімдердің шексіз таралуы да кіреді.
Көптеген адамдар контрафактілік өнімдерге деген көзқарасы теріс екендігін айтуда, алайда сол өнімдерді сатып алуын жалғастыру үстінде. Осыған байланысты контрафактілік өнімдерге деген екі жақты көзқарас бар. Контрафактілік өнімдерді тұтынуға негіз болған себептер: төмен жалақы мөлшері, білім деңгейі төмен, контрафактілік өнімдерді тұтыну кезіндегі тәуекел жайында білмеуі және т.б себептер әсер етеді.
2000-нан астам адам қатысқан ресейлік және шетелдік зерттеулерді қарастыра келе, контрафактілік өнімдерге деген екі жақты көзқарас күрделі түсінік екендігіне көз жеткізуге болады. Себебі адамдардың, контрафактілік өнімдерді тұтынушылар мен сатушыларға деген көзқарасы әртүрлі, олардың көзқарасына маңызды әсер етуі - контрафактілік тауарларды сатып алу тәжірибесі. Контрафактілік өнімдер неліктен сатып алынады. Осы тәжірибеге байланысты кішігірім зерттеулер жүргізілген. Сол зерттеу бойынша көптеген сұрақтарға жауаптар алынған болатын. Мысалы, әртүрлі өнім санаттарында контрафактілік өнімдер қалай сатып алынады және адамның контрафактілік өнімдерге (сатып алуға) шынайы көзқарасы оның көрсеткен көзқарасымен байланысы қандай екенін анықтады.
Жалпы алғанда контрафактілік киім, аудио және бейне өнімдері, алкоголь өнімдері мен косметика жиі сатып алынады, бірақ осыған байланысты ерлер мен әйелдердің арасында әр түрлі тауарлар санаттарын сатып алуда айырмашылық бар. Мысалы, ер адамдар жиі жасанды алкоголь, ал әйелдер - косметика сатып алады. Алайда, егер бұл саналы іс - әрекет болса, контрафактілік киім, аудио және видео өнімдері жиі әдейі сатып алынады. Контрафактілі алкоголь, темекі өнімдері мен дәрі-дәрмектерді саналы түрде сатып алу кең таралмаған. Сонымен қатар, контрафактілі өнімдерді тұтынушылар жас аралығы бойынша да бөлінеді. Жастар контрафактілік киім, аудио және бейнетаспалар сатып алады, ал ересектер болса, керісінше жиі жасанды дәрі-дәрмектерді сатып алады.
Контрафактілік өнімдерден бас тартатындар көбінесе ересектер және табыстары жоғары адамдар. Бұл адамдардың контрафактілік өнімге деген пікірі жағымсыз, сондықтан олар бұндай тауарларды аз тұтынады.
Қорытындылай келе, бұл мәселе өте үлкен проблемалардың бірі, бұл тек Қазақстанда ғана көтеріліп отырған мәселе емес, барлық мемлекеттер проблемасы. Осы мәселенің туындап отырғанына және контрафактілік өнімдердің пайда болуына себепкер болған үлкен империя, Қытай мемлекеті, Қытай империясы деп айтсақта қателеспейміз. Себебі, контрафактілік өнімдердің өндіріліп шығуы 100% -дың 98%-зы Қытай мемлекетінде жасалады. Контрафактілік өнімдер көп жағдайда тиімді болғанмен, адамдардың өміріне зияны тиюі де мүмкін. Бұл мәселені толықтай тоқтату мүмкін емес көрінеді, алайда тоқтататындай мүмкіндік болса тағыда 300 жыл талап ететін сияқты.
Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы,
Зұлпухар Айғаным ,
Ботагөз Амандосова.
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы және технология мектебі