Көмірдің құны қызуынан жоғары болып тұр

Көмірдің құны қызуынан жоғары болып тұр

Қазақстан отын ресурстарына бай ел бола тұра, мемлекеті­мізде жыл сайын қатты отын түрлерінің бағасы шарықтап барады. Ресми деректерге жүгінсек, соңғы үш жылдың ішінде елдегі отын бағасы жыл сайын 20 пайызға қымбаттап отырған. Мәселен, орташа есеппен 2009-2010 жылдары халық тұтынатын көмірдің құны 7-9 мың теңгенің айналасында болса, биыл бұл отынның бір тоннасы 12-13 мың теңгені маңайлап тұр. Тіпті қайсыбір сарапшыларымыз «егер отын өндірісіндегі ахуал тап осылай жалғаса беретін болса, көмірдің бағамы 110-120 долларға дейін жетуі мүмкін» деседі...

Елімізде көмір өндіретін 34 ірі компания жұмыс істейді. Біз жылына 100 миллион тоннаға жуық көмір отынын өндіреміз. Елімізде көмірдің барша түрлерінің 150-160 миллиард тонна жиынтық қоры бар. Бұл – әлемдегі 8-ші көрсеткіш. Әрине, дәйектемелерге қарап, жиынтық қоры мол, тұтынушыларын отын түрімен толық­қанды қамтамасыз ете алатын ел екенімізге ешкімнің дау айта алмасы анық. Бірақ елдегі көмірдің құнына қарап қынжыл­масқа тағы болмайды. 
 Мәселен, біздегі көмірдің кеніштен шыққандағы бастапқы бағасы тоннасына 1500-1700 теңгені құрайды. Ресми ақпа­рат­тар нақ осы көмірдің халықаралық бир­жаларға шығарылғандағы құны 20-25 долларға дейін ғана көтерілетінін көрсетіп отыр. Демек, бұл Қазақстан көмірінің құны сыртқа шығарылғанда аса қымбаттай қоймайды дегенді білдіреді. Ал енді осы өнім түрі отандық тұтынушының сұранысын қанағаттандыруға келгенде неге сонша қымбат? Есептеп көрсек, көмірдің бастапқы кеніштен шыққан құны мен сатылым құ­нының арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Себеп неде?! Бұл ретте эко­но­­­мист-ғалым Үсен АМАНБАЕВ былай деді:
– Жасыратыны жоқ, көмірдің бағасы жыл сайын шарықтап барады. Ал бұл сауалды көмірді тасымалдаушыларға қоя­тын болсақ, олардың бұған деген жауабы дайын. Қазірде көмір тасымалдаушылар елдегі көмір кеніштерінің апатты жағдайын, кеніштердің геологиялық бітімінің күрде­лілігін желеу етіп, өнім бағасын аспандату­ды әдетке айналдырып алды. Мысалы, бізде 1 тонна көмір алу үшін жер қыртысы­ның 5-6 текше метр топырағын тазалауың ке­рек. Екібастұз кенішінде 1 тонна көмірге 2,5 текше метр, Қарағандыдағы Шұ­бар­көл кенішінде 4 текше метр қыртыстан келеді екен. Ал Қарағандыдан тоннасына 1600-1700 теңгемен шығатын көмір Ал­ма­тыға жеткенде 10-12 мыңның үстіне шы­ғып кетеді. Семейдің «Қаражыра» көмі­рі де Алматыға жеткенше 10-11 мың тең­геге аспандап кетеді. Бұған қоса, арадағы дел­далдар халықтың қалтасына ауыр салмақ салуда. Көмір бағасының алты-жеті есеге дейін өсуіне бірден-бір себепкер – осы арадағы делдалдар. Меніңше, бұл ретте, арадағы делдалдан құтылып, көмір сау­дасының халыққа тиімді басқа жолдарын қарастыру керек. Ол үшін алдымен көмірді қабылдап алатын жекеменшік фирмалар мен оны өндірушілер ешқандай делдалсыз келісім­шартқа отыруы шарт. Ал осы келі­сімдерге мемлекеттік құзырлы органдар жа­уаптылық танытып, оның ішінде моно­по­лия­ға қарсы жұмыс істейтін агенттіктер тасы­малдау жағын жіті қадағалауға алуы тиіс. 
Сөйтіп, маманның пайымдауынша, көмір саудасында алдымен делдалдардан арылғанымыз абзал. «Бұған мемлекеттік органдар атсалысып, қадағалау-бақылау істерін жүргізгенде саудаға өзіндік сипат енбек»... Әйтсе де қайсыбір мамандары­мыз бір ғана делдалдардан құтылу мәселені байыппен шешпесін де алға тартып отыр. Бұған қатысты экономист-сарапшы Жас­қайрат СҮНДЕТБАЕВ:
– Біздің елімізде кеніштерден шығатын көмірдің белгілі бір бөлігі экспортқа жі­бе­ріледі. Міне, осы жерде экспортқа іс жүзін­д­е өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала оты­рып, көмірдің әлемдік биржадағы құ­нына қарай экспортқа рента салығын есептеп енгізу керек. Рента салығының мөл­шерлемелері, мәселен, мұнайдың әлем­дік бағасына қарай 0 пайыздан (бір бар­рель үшін 20 АҚШ долларынан төмен баға кезінде) 32 пайызға дейін (бір бар­рель үшін 200 және одан жоғары баға кезін­де) белгіленеді. Міне, осындай салық түрі енгізілгенде бір реттілік орнайды. Мұн­дайда шетке арзан күйінше шығарылып жат­қан көмір мөлшеріне белгілі бір шектеу бо­лады. Осыдан соң ол өнім ішкі нарыққа жол тартып, отандық саудада өнім түрі кө­бейеді де, баға өзінен-өзі қалыпқа түседі, – деді...
Бұған қоса, мамандар көмір өндірісінде тек өнімнің бағасы ғана емес, сапасы да көңілді алаңдатып тұрғанын жасырмады. Мысалы, бұл тұрғыда физика ғылымы­ның докторы, профессор Насурлла БӨРТЕБАЕВ: 
– Біз 1 млн тонна көмір жақсақ, оның құрамындағы 1 тонна трансуран элемент­тері түтін арқылы ауаға шығып, жерге келіп түседі де, ол жердің бетін ластайды. Оның негізі – көмірдің, мұнайдың құрамында трансуран изотоптарының табиғи таралуы. Бір ғана осы тұрғыдан алатын болсақ, көмірді жағу кезіндегі радиациялық дең­гей соған қатарлас атом электр стансы­ла­рының қасындағы радиациялық деңгейден 40 есе артық. Егер мұны радиациялық қорқы­ныш есебінде сипаттайтын болсақ, атом электр стансыларының радиациялық дең­гейі көмірді жағу кезіндегі бөлініп шығатын ра­диацияға қарағанда 40 есе кем екенін ба­ғамдаймыз, – дейді. 
Ойсалар: Сонымен түйіндей келе ай­тарымыз, мамандар біздің еліміздегі өндірілетін көмірлердің радиациялық изо­топтардан толықтай тазартылмайтынын; осыдан барып көмірді жағу кезінде адам ағзасын улайтын заттар шамадан тыс бөлінетінін; сондай-ақ соңғы жылдары өнімнің құны шамадан тыс шарықтап кет­кені соншалық, көмірдің құны қызуынан жо­ғары екенін жасырмайды. Қазір де қай­сыбір кеніштерден алынатын көмірдің жану қабілеті тым мардымсыз екенін алға тарт­қан мамандар бұл жерде ұтылып, алда­нып, «әттеген-айлап» отырған бұқара ха­лық екенін айтып қынжылады... 
Рас, негізінде, айтылған ойлардың жа­ны бар. Өйткені қазірде қыстан қысылмай шығу­ды әлдеқашан ойластырып алған ел­дер көмірдің өзін хош иістендіріп, зиянды изотоптардан арылтып, арнайы әдемі қа­ғаз қапшықтарға салып барып тұтынушыға ұсынатын болғалы қашан?! Біздің мұндай игілікті істен құр қалып отырғанымыз өкі­ніш­ті-ақ... Осындайда біздегі тұтынушыға мұндай өнім түрін пайдаланудың ауылы әлі алыстау екенін амалсыз мойындауға тура келеді.
 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста