Коллекторлар да қарызды кешіре ме?

Коллекторлар да қарызды кешіре ме?

Шынында коллекторлар 797 миллиард қарызы бар қазақстандықтарды қудалап жатыр. Бұған тосқауыл қою үшін Үкімет коллекторларды қарызды қайта құрылымдауға міндеттемек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстандықтардың несиеге белшесінен бату проблемасы ойдан шығарылған болып шықты: 10 борышкердің 9-ында тұтыну несиесінің көлемі екі жалақыдан аспайды, бұл бұрынғыдан да аз". Таяуда ақпарат құралдары осындай "сенсация" жариялады.

 

Бұған Ranking мониторинг агенттігінің сараптамасымағы түрткі болды.

 

"Қазақстандағы несие мәселесі өтірік болып шықты. Біз бұған дейін ҚР-да халыққа несие беруді проблема ретінде қарастыруға негіз жоқ деп жазған болатынбыз, енді Бірінші несие бюросы (БНБ) бұл деректі тағы да растады", – деп үзілді-кесілді баға берді Рэнкинг.

 

Тосын тақырып іздеген бірқатар ақпарат құралы соған сілтеме жасап: "Фейковая "закредитованность": кому и зачем выгодно" сияқты айғайлаған тақырыптармен шықты. Осы дүрмекке ат қосқан экономист емес, саясаттанушы Андрей Чеботарев: "Закредитованность казахстанцев – это просто хайп" деп салды.

 

Енді мұның бәрін Ұлттық банк деректері жоққа шығарып отыр. Негізі, әлгіндей тосын, бірақ қате ұйғарымға келгенде сарапшысымақтар тек халықтың алған тұтынушылық кредиттерін талдаған.

 

Бірінші несие бюросының дерегінше, Қазақстанда жеке тұлғалардың банктерден, микроқаржы ұйымдарынан алған қарызының жалпы көлемі биылғы 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 7,4 триллион теңгені құрады. Бір жыл ішінде 28,3% немесе 1,6 трлн теңгеге ұлғайып шыға келген.

 

Бірақ бұл жерде тек БНБ-мен шектелмей, коллекторлар дерегін назарға алған жөн. Жеке сот орындаушылары да бөлек. Бұлар сол бұрынғыдай, берешегін өтей алмаған борышкерлерді барлық құнды мүліктерінен, табысынан айырып, тіпті жалғыз баспанасын тартып алып жатыр. Солай бола тұра, бұл проблеманы "өтірік", "хайп" деп атап, күстәналау не үшін қажет болғаны түсініксіз.

 

Оның үстіне мұның халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған президенттік ірі бастамалардың бірі болып есептелетін жеке тұлғалардың банкроттығы институтының іске қосылуы қарсаңында жасалып отырғаны өкінішті.

 

Ұлттық банктің дерегінше, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша коллекторлық агенттіктерге 1 миллион 152 адамның қарызы берілген. Олардың арасында банктік қарыздар да, микрокредиттер борышы да бар. Коллекторлар тізеге салып, сол миллиондардан жалпы сомасы 797 миллиард теңгені өндіріп алып жатыр. Әрине, олардың арасында бірнеше жүз мыңнан бастап, бірнеше миллион теңгеге дейінгі қарызға ие адамдар бар.

 

"Азаматтардың проблемалық берешегінің жоғары көлемде сақталуы мемлекетті осы мәселені шешу үшін шаралар қабылдауға міндеттейді. Проблемалық берешектің өсуін болдырмау, сөйтіп, әлеуметтік шиеленісті төмендету маңызды. Дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу тетіктерін жетілдіру, борышкерлердің құқықтарын күшейту, сондай-ақ сот жүйесіне жүктемені азайту мақсатында 2021 жылғы қазанда проблемалық берешекті реттеудің бірыңғай сотқа дейінгі тәртібі енгізілді. Оған сәйкес, біріншіден, кредиторлар алдымен қарыз алушыны кредит бойынша міндеттемені орындаудың кешіктірілгені туралы хабардар етуге міндетті. Екіншіден, берешекті реттеу шарттары кеңейтілді, борышкер енді кредиторға өз ұсыныстарымен жүгінуге құқылы. Егер берешекті реттеу шарттары бойынша кредитормен өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмесе, онда борышкерге соны сұрап, уәкілетті органға жүгіну құқығы берілді", – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

 

Яғни, қаржылық реттеуші де сөз болып отырған проблеманың фейк емес, шын екенін және әлеуметтік шиеленіске себеп болар түйткілді шешу үшін шаралар қабылданып жатқанын білдірді.

 

Бұл ретте Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктерді, микроқаржы ұйымдарын қарыз шарттарының, микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгерту мәселелері бойынша проблемалық қарыз алушылардың өтінішін қарауға міндеттей алады. Осыған қажетті өкілеттіктер агенттікке берілді. Себебі билікке бірінші кезекте банкирлердің байығаны емес, елдің тыныштығы керек.

 

Ал енді халықтың қарызға батқаны өтірік екен деп, бұл салада шара қабылдамай, құр қарап отырса, билік қапы қалады, ұтылады.

 

Оның үстіне берешек банктер мен МҚҰлардан коллекторға өтіп кеткен соң қарыз батпағына батқан қазақстандықтар қорғансыз қалады.

 

Сондықтан қаржылық реттеу агенттігі "Коллекторлық қызмет туралы" заңына толықтыру енгізу туралы" жаңа заң жобасын әзірлеп шықты. Ол қолданыстағы заңның "Коллекторлық агенттіктің міндеттері" атты 15-бабын толықтырады.

 

Заң қабылданса, онда коллекторлар да, банктер сияқты, проблемалық қарызды қайта құрылымдау және реттеу шараларын қабылдауға міндеттеледі. Тіпті қарыздың белгілі бір бөлігін кешіруге тура келуі де ықтимал.

 

"Заемшылар коллекторлық агенттіктерге (КА) өтіп кеткен қарыздарды да қайта құрылымдауды сұрап, өтінішпен жүгінуде. Мұндай шағымдар саны барған сайын өсуде. Заң жобасына ұсыныстар борышкер мен КА арасындағы ықпалдастық рәсімдерінің айқындылығын арттыруға мүмкіндік береді. Осы орайда банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар өзіне өткенде, коллекторларды жеке тұлғаның берешегін реттеу жөнінде шаралар қабылдауға міндеттеу жоспарланып отыр", – деп түсіндірді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

 

Ведомствоның дерегінше, 2023 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 181 коллекторлық агенттік тіркелген. Алайда қазіргі кезде соның ішінде 58-і ғана банктер мен микроқаржы ұйымдарынан қарыз шарттары бойынша құқықтар мен талаптарды сатып алумен айналысады.

 

Бұл ретте 32 КА енгізілетін талаптарды орындау үшін қосымша ресурстарды тартып, шығындалуға тура келетінін, мысалы, қарызды реттеу, қайта құрылымдау тәжірибесі бар маманды жалдауға мәжбүр болатындарын хабарлады. Ал басқа 26 коллекторлық агенттік талаптарды жүзеге асыруға қолындағы ресурстардың жеткілікті екенін, қосымша шығындары болмайтынын мәлім еткен.

 

Жалпы "борышын айтып, бұқара жалған жылайды" дегенге саясатын әңгімелер коллекторлардың да сойылын соғып, сөзін сөйлейтін болса керек. Себебі бұл дәйектемелерге ден қойса, онда мемлекет артында күштік құрылымдардың бұрынғы бастықтары тұрған коллекторлық агенттіктерге жіті назар аудармас, оларға жаңа міндеттердің жүгін артпас еді.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста