Көлік салығын төлеу жеңілдеді

Көлік салығын төлеу жеңілдеді

Салық кодексінің 368-бабының 1-пунктіне сәйкес, салық төлеуші салық төлеу кезеңіндегі салық мөлшерін әр көлікке арналған ставка арқылы өзі анықтай алады. Салық кодексінің жаңа редакциясының ерекшелігі – көлік құралының салығын анықтау ісі жеңілдетілді, өйткені кодекстен «түзету коэффициенті» деген түсінік алынып тасталды.

Салық заңнамасы өзгерістерінің тағы бір ерекшелігі – қозғалтқыш көлемі 4 000 текше сантиметрден үлкен жеңіл көліктерден басқа көлік құралдарының барлық категорияларына салық ставкасы төмендетілді. Бірақ қозғалтқыш көлемі аталған көлемнен бір бірлікке артқан сайын салық мөлшері де 7 теңгеге көбейеді.

Көлігі ұрланған азаматтардың салық төлеуден босатылуы Салық кодексінің тағы бір жаңалығы болып табылады. Әрине, ол үшін өкілетті органдардың осы деректі растайтын құжаттарын тапсыруы керек.

Көлік құралдары салығын төлеу мерзімі мен төлеу ретіне қатысты негізгі өзгерістер Салық кодексінің 369-бабына енгізілген. Жеке тұлғалар үшін салық төлеудің мерзімі салық төлеу кезеңінің 31 желтоқсанына дейін деп белгіленді. Салықты төлеу салық салынатын нысанның тіркелу орнына қарай жүргізіледі. Кодексте қаралған тәртіп бойынша жеке тұлғалар Көлік құралын тіркеу, қайта тіркеу немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өткізген жағдайда бюджет салығын осы әрекеттерді жүзеге асырғанға дейін төлеулері тиіс.

Алматы қаласының Салық департаменті мен қалалық ІІД Жол полициясы басқармасы «Жергілікті бюджетке көлік құралдарынан түсетін салық мөлшерінің толықтай түсуін қамтамасыз етуді бірлесіп қадағалау шаралары туралы» бірлескен бұйрық жобасын жасап, құжат биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Оған сәйкес салық органдары 2007-2009 жылдары салығы төленбеген көлік құралдарының және олардың иелерінің тізімін жасайды. Жол полициясы бұрынғы жылдарға салықтық берешегі бар және 2010 жылға салықтың төленгенін растайтын құжаттары жоқ көлік иелеріне автомоторлы құралдарды тіркеу, қайта тіркеу, мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге тыйым сала алады.

Сондай-ақ салық төлеуші жеке тұлғаларға транспорт құралы салығын «Халық банкі» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Альянс банк» АҚ, «БТА» АҚ банкоматтары, интернет арқылы, «Қазкоммерцбанк» АҚ Homebank жүйесі, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «БТА» АҚ web-киоскілері арқылы төлеуге болады. Homebank интернет қызметі арқылы төлем жүргізумен қатар салық мөлшерін есептетуге де болады.

Бұған қоса жол полициясы және сот әкімшілерімен бірлесе отырып қала көшелерінде рейд жүргізіп, салық төлемегендерден борышын өтеу талап етіледі, тіпті транспорт құралын айыппұл тұрағына енгізу шарасы да қолданылуы мүмкін. Жол полициясы және Алматы қаласындағы соттар әкімшісімен бірлесе отырып шығарылған бұйрықтарда жазылғандай, мұндай шаралар жыл он екі ай жүзеге асырылады.

Көлік құралдары салықтарының төленуін мейлінше жеңілдету үшін ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті көлік құралдары салығын есептеу ісін оңтайландырды. Бұл қызмет көлік құралының классификациясына байланысты осыған дейінгі кез келген бес салық кезеңінің салығын есептеуге мүмкіндік береді. Порталға кірген тұлға мәліметтерді енгізіп және анықтамалар мәнін таңдаған соң қызмет көлік үшін төленетін салық мөлшерін есептеп шығарады. Ол үшін азамат төленетін салық нысаны, қозғалтқыш көлемі, қуаты және өзге де деректерді енгізіп, салық төленетін кезеңді көрсетеді. Есептеу нәтижелері көрсетілген соң, порталға кірген тұлға есептің қандай мәліметтер негізінде шығарылғанын көріп, басып шығара алады. Бұл қызметті ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің www.salyk.kz порталынан тауып, пайдалануға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста