Елбасы Жолдауында «Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау — ұлттық экономиканың бастапқы қуаты» деп атап көрсетілді.
Облыс аумағында шағын және орта кәсіпкерлікте тіркелген субъектілер саны былтыр жылы он пайызға ұлғайды. Жалпы осы салада жұмыс істейтіндердің саны 117,4 мыңға жетіп, экономикалық белсенді тұрғындар санының төрттен бірінен астамын құрады.
Егер кәсіпкерлік саласы бойынша өндірілген өнім көлемін байыптайтын болсақ, оның мөлшері 380,7 млрд.теңгеге жетті.
Облыста кәсіпкерлікті қолдау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Есепті кезеңде барлық қаржыландыру көздерінен 48,5 млрд.теңге мөлшерінде қаржы-несиелік қолдау жасалды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұрған өндірістерін жаңғыртуға және жаңа өндірістер ашуға, сервис кәсіпорындарын құруға, жобаларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым өткізуге көмектесуде. Осы ретте 1,8 млрд.теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
Аталмыш бағдарлама бойынша 154 жоба бекітіліп, соның ішінде 116 қарыз алушыға жалпы сомасы 10,8 млрд.теңге несие берілді. Жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымдар құрылысына 1 млрд. теңгеге 22 жоба қаржыландырылды.
Осындай шаралар облыста 2,4 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Ал бағдарлама қатысушылардан салық түсімдері мөлшері 3,2 млрд. теңгені құрады.
Ақтөбе аймағы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруда республикада көшбасшылардың бірі болып есептеледі.
Кәсіпкерлерді қолдаудың бір тармағы — жас кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-кеңесші» курстары жұмысы. Мұнда біліктілік дәрістерінде 794 кәсіпкер оқыды.
Биылға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына 1,5 млрд. теңге қарастырылды. Оларды толық және тиімді игеру маңызды.
Жаңа басталған жылда кәсіпкерлік субьектілері санын ұлғайту көзделуде. Соған байланысты осы салада жұмыс істеушілер құрамы көбейтілмекші. Кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелеріне қоғамдық бірлестіктердің қатысуы жандандырылады.
Тағы бір жаңалық — Ақтөбе қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары құрылады.
* * *
Қазақ туған айдың тураған етпен тең екендігін айтады. Жыл да солай. Әр жылдың басталуы көңілге көп үміт әкеледі. Биылғы жылы Ақтөбе өңірінде көп шаруа атқарылу көзделіп отыр. Оның бірсыпырасына біз тоқталып өтті.
Ең бастысы — алдыңғы жылдардан қалыптасқан жақсы із бар.