Jusan Банктің акциялары Бостандық аудандық сотының талабы бойынша бұғатталды. Банк акцияларының бір бөлігіне иелік ететін «First Heartland Securities» компаниясы бұғаттаудың негізі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
Редакциядағы құжатта бұғат қарапайым және артықшылық берілген акцияларға салынғаны көрсетілген.
Олар бұғат салынған күнгі компания активтерінің жалпы құнының 67,58% құрайды.
Бұғатталған бағалы қағаздардың жалпы саны 131 млн данадан асады.
Талап қоюды қамтамасыз ету үшін бұғатталған жағдайда, мүлікті сатуға, сыйға тартуға, кепілге қоюға немесе шетелге шығаруға болмайды.