Инфляция – 21,3%

Инфляция – 21,3%

24 ақпанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімді қабылдады. Ақша-кредит саясаты комитетінің ұйғарымымен, мөлшерлеме осымен екінші рет 16,75 пайыз қалпында сақталатын болды.

Ресми орган салдарын әлі де болжау қиын гео­саяси жағдай, әлем бойынша байқалып отырған қым­батшылық сияқты сыртқы баға қымбаттайды деген болжам, тұтынудың, сұраныстың азаймай отыр­ғаны сияқты ішкі проинфляциялық фак­тор­лар ескерілгенін, қабылданған шешім болашақта инфляцияны төмендете алатынын мәлімдеді.
Айта кету керек, Ұлттық банк биыл инфляция дең­­гейі 9-12 пайызға дейін түседі деген болжам жа­сап отыр. Ал ақпан айының қорытындысы бойынша, инфляция деңгейі баяуламады.

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды

Базалық мөлшерлеме – ақша-кре­дит сая­са­тының негізгі құра­лы. Оны Ұлттық банк бел­гілейді. Оның өз­геруі ақша нарығының пайыз­дық мөл­шерлемелері және айырбастау ба­ғамы ар­қылы инфляция деңгейіне әсер етеді.

Теория бойынша, базалық мөл­шер­лемені көтерсе, ақша нары­ғы­ның пайыздық мөл­шер­­лемелері өсе­ді, одан кейін қаржы нарығындағы ақ­­ша құны қымбаттайды. Қарапайым тіл­мен айт­қанда, мөлшерлеме өссе, де­по­зиттер мен кредиттің пайызы өседі, тө­мендесе, төмендейді. Бұл ха­лық­тың және кәсіпорындардың ақша жұмсауға немесе жи­­­нақтауға, несие алуға қатыс­ты шешіміне әсер ете­ді.
Яғни, жоғары мөлшерлеме несие ресурс­та­рын қымбаттатып, тұ­тыну­ды төмендетуі ке­рек. Сол арқылы инфляция деңгейі төмендейді, валю­та нығаяды.

Жалпы, былтыр базалық мөл­шер­леме 9,75 пайыздан 16,75 пайыз­ға дейін 6 рет кө­теріл­­ген болатын. Осы­лайша, екінші рет қатарынан мөл­­шер­леме деңгейі өзгерген жоқ.
Дегенмен өткен жолы жазғаны­мыз­дай, 2023 жыл­ғы қаңтарда жыл­дық инфляция өсу қар­қынын жал­ғастырып, 20,7 пайыз болды. Ал ақ­панда 21,3 пайызға жеделдеді. Яғни, инфляция дең­­гейі әлі қарқынын баяулатқан жоқ.

– Ұлттық Банктің Ақша-кредит сая­са­ты коми­те­ті базалық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейде қал­дыру туралы шешім қабылдады. Макроэ­ко­номикалық көр­сеткіштер болжамын жаңартумен қа­тар, инфляция тәуекелдерінің ба­лан­сын да ба­ғаладық. Қабылданған шешім ел­дегі инф­ля­циялық процестерді баяу­ла­туға, ортамер­зімді перспек­тивада ин­фляцияны тұрақтандыруға және ны­са­налы мәндерге дейін төмендетуге ық­пал ететін бо­лады, – деді Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пір­матов бас­пасөз брифингінде.
Инфляцияның өсуіне азық-тү­лік­тің қым­баттауы басты қоз­ғау­шы күш болып отыр. Ұлттық ста­тис­тика бюросының мәліметінше, өт­кен ай­да азық-түлік тауарлары 1,5 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,8 пайыз­ға, ақылы қызметтер 1,3 пайызға қымбаттаған. Базалық ин­­фляцияның көр­сеткіштері баяулап келеді, бірақ дең­гейі әлі жоғары.

– Елдегі инфляциялық процес­тер бі­раз тұрақ­тал­ды. Бірақ жо­ғары ішкі сұ­ранысқа, логистика­лық жә­не өндіріс­тік тізбектердің қайта құрылуына, ын­­та­ландыру­шы фискалдық саясатқа, жо­ғары жә­не тұрақсыз инфляциялық кү­ту­лерге бай­ла­ныс­ты инфляция жо­ғары деңгейде қалып отыр, – деп тү­сін­дірді Ұлттық банк.
Себептер мен болжамдар

Ұлттық банктің мәлім­де­месіне сүйенсек, ин­фля­ция деңгейінің сақ­талуына әсер етіп отыр­ған бірқатар сырт­қы жә­не ішкі факторлар бар.

Ел ішінде инфляция одан әрі жал­ғасады де­ген қауіп, яғни инф­ля­­ция­лық күтім деңгейі де жоғары бо­лып отыр. Инфляция тек эконо­ми­ка­­­лық се­беп­тер­­­ден ғана емес, пси­хо­ло­гия­­лық се­бептер­ге де бай­ла­нысты өрши түседі. Қым­бат­шылық бо­­­­лады деген қауіп ха­лықты тауарларды мо­лы­нан сатып алу­ға мәж­бүр­лей­ді. Егер бәрі баға өседі деп бол­­жа­са, баға шы­нында да өседі. Бұл – инфляцияның бірінші заңы.
Осылайша, қымбатшылыққа, халықтың нақ­ты табысының тө­мен­деуіне қарамас­тан, тұтыну­шы­лар­дың сұра­нысы әлі де жоғары деңгейде. Яғ­­ни тұ­тыну деңгейі азаймаған. Тұ­ты­ну­шылық кре­дит­теудің өсуіне, жоғары инфляциялық күтулерге байланысты азық-түлікке жатпайтын тауарлар сау­дасы артып отыр. Бұл азық-түлікке жат­пайтын тауарлардың импорт көлемі өсуіне әсер етеді.

Жеміс-жидек пен көкөніс нарығындағы да ұсыныс бойынша күтпеген өзгеріске бай­ланысты азық-түлік бағасы тез өсуі мүмкін деген қауіп сақталып отыр.

Ұлттық банк мәлімдемесінше, мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі, рубльдің әлсіреуі мен санкциялардың әсерінен Ресейдегі ин­фляцияның жеделдеуі, еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық тарифтер мен жанар-жағармай на­ры­ғындағы реформалардың бағаға әсер етуі сияқ­ты факторлар базалық сценарийдің алғы­шарттарында ескерілмеген. Болашақта олардың іске асуы болжамның өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Жалпы геосаяси жағдайдың айқын болмауы және әлем бойынша байқалып отырған азық-түлік қымбатшылығы негізгі сыртқы проин­фля­ция­лық факторлар болып отыр.
Дегенмен қазір әлемде жағдай біртіндеп тұ­рақ­тала бастағаны байқалады, шикізат пен тауар нарығындағы қысым төмендеп, тауар жет­кізу тізбектері реттеліп келеді. Жалпы алғанда, жаһандық инфляция одан әрі төмендейді деген болжам бар. Бұған астық өнімдерінің мол жиналуы, бағасының төмендеуі және әлемдік экономикадағы өсудің баяулауы ықпал ететін болады.

Болжам бойынша, әлемдік мұнай нарығында да қалыпты оң динамика қалыптаспақ. Әлемдік сұраныс 2023 жылы рекордтық деңгейге дейін артады деп күтілуде. Базалық сценарийге сәйкес, Brent маркалы мұнай бағасының 2023 жылы қазіргі деңгейден 1 баррель үшін 90 долларға дейін біртіндеп көтеріледі деп болжанып отыр. Ұлттық банктің оптимистік сценарийі бойынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 1 баррель үшін 110 доллар, ал пессимистік сценарий бойынша,
1 баррель үшін 50 доллар болады.
Теңгеге қатысты нақты айырбастау бағамы да нығайып отыр.
Жалпы, былтырғы жоғары мөлшерлеме әсерінен жылдық инфляцияның шарық­тау шегі 2023 жылдың I тоқсанында болады деген бол­жам бар. Ұлттық банк жылдық инфляция 2023 жы­лы 9-12 пайыз, 2024 жылы 6-8 пайыз және 2025 жы­лы 4-6 пайыз шегінде қалыптасады деп мә­лім­деді.

Депозит те, несие де өскен

Сонымен, былтырғы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер депозиттер мен кредит кө­леміне қаншалықты әсер етті, әсері болды ма, шолу жасап көрейік.
Ұлттық банк дерегінше, былтыр депозиттік ұйымдардағы депозит көлемі 30,9 трил­лион теңгеге дейін өсіп, бұрын-соңды ең жоғары дең­гейге жетті. Өсім – 14,1 пайыз. Заңды тұлғалар­дың теңгедегі салымдары 17,6 пайызға өскен. Бұған теңгеде ақша жинаған азаматтарды қолдау және сыйақы мөлшерлемелерін арттыру бойынша қабылданған шараларға байланысты болған. Былтыр Үкімет осы мақсатта теңгемен сақталған са­лымдарға 10 пайыз өтемақы беру туралы шешім шығарған болатын.

Долларда сақталған депозит деңгейі бір жылда 36 пайыздан 31,6 пайызға дейін тө­мендепті. Заңды тұлғалардың доллардағы де­по­зиті – 33,6 пайыз болды, бұл соңғы 9 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Ал жеке тұлғалардың кредиттері бойынша мөлшерлемелердің ақша-кредит шарттарының өзгеруіне аса қатты ықпалы болмаған.

Жалпы, былтыр берілген кредит көлемі ұл­ғайған. Тұтыну және ипотека кредит­те­­­­рі­нің жылдық өсімі жоғары деңгейде сақталыпты.
2022 жылы екінші деңгейлі банктер берген жаңа кредиттер көлемі 12 пайызға артып, 24,1 трил­лион теңге болды. Соның ішінде жеке тұлға­лар­ға берілген кредиттер 12,4 триллион теңгеге дейін жетіп, 19,3 пайызға өскен. Көрсеткіш заңды тұл­ғаларға берілген кредиттерден асып түсті.
Ресми орган тұтыну несиелері инфляцияның кү­тілуіне, ал ипотека кредиттері жеңілдетілген ипо­текалық бағдарламалардың әсерінен өскенін ал­ға тартады. Жеке тұлғалардың көптеп несие рә­сім­деуіне тауарларды бөліп төлеу, маркетингтік ак­циялардың жиі өтуі әсер еткен.

Жәнібек Айғазин, AECR зерттеу орталығының бас директоры:

Болжамымыз бойынша, наурыз-сәуір айларында инфляция қарқыны тежеледі

– Базалық мөлшерлеме – нарықтық экономиканың негізгі элементі, осы арқылы экономикадағы ақшаның құны белгіленеді. Ал Ұлттық банктің негізгі мақсаты – елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Баға тұрақтылығы дегеніміз не? Яғни, бұл – бағаның бірден өсіп, не бірден түсіп кетпеуі. Базалық мөлшерлеме арқылы несие, депозит мөлшерлемелері анықталады. Мөлшерлеме жоғары болған сайын, жинақ көп болады немесе төмен болса, жинақ көлемі де төмен болады. Осы арқылы азаматтар қаражатын депозитке сақтау немесе қайта кредит алу-алмауға байланысты шешім қабылдайды.
Экономика «қызып тұр» делік, яғни экономикаға өте көп инвестиция тартылып жатыр, өнім өндіру деңгейі тым қарқынды және тағы басқа, бұл азаматтардың тұтынуын көбейтті. Экономика өз алдына бөлек тірі организм сияқты. Егер тым көп өнім өндірілсе, яғни ұсыныс сұраныстан өте көп артылып жатса, салдары жақсы болмайды. Ұлы депрессия кезінде осындай жағдай болған болатын. Міне, осындай жағдайда айналымды реттеу үшін немесе айталық, инфляцияны төмендету үшін, базалық мөлшерлемені көтеру керек болады, осылайша азаматтар аз тұтына бастайды.

Немесе дефляция жағдайын алып қарайық, бәрі арзандап, бағалар түсіп жатыр делік. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін базалық мөлшерлемені түсіру керек. Адамдардың тұтыну деңгейі өсіп, бизнеске салуы керек, өйткені ақша арзан. Мұндай жағдай Жапонияда болған. Оларда тіпті нөлдік мөлшерлеме де болған. Барлығы арзандай берген, өйткені халқы ештеңеге ақша жұмсағысы келмеген, жинай берген, бұл бір жағынан олардың менталитетіне байланысты болды. Бұл енді макроэкономикада сирек кездесетін мысал.

Ал енді базалық мөлшерлеменің сақталуына көшейік. Ұлттық банк мәлімдегендей, айлық инфляция баяулап келеді. Базалық мөлшерлемеден кейін Депозиттерге кепілдік беру қоры автоматты түрде мөлшерлемені көтеріп, азаматтар тұтынудың орнына жинауға көшті. Жалпы, бұл шешім барлық факторды ескере отырып қабылданды деп есептеймін. Мұның ішінде геосаяси ахуал, сыртқы әсерлер де бар. Оған қоса, инфляция әлемдік тренд болып отырғанын есепке алу керек. Одан бөлек, инфляциялық күтулер де бар. Ұлттық банк осы күтулерді тежеуге тырысып отыр.

Біз, AERС зерттеу орталығы ақпан айынан бастап инфляцияға байланысты өз болжамымызды жариялай бастадық. Болжамымыз бойынша, наурыз-сәуір айларында инфляция қарқыны тежеледі. Жылдық мәнде наурызда 17,84 пайыз, сәуірде 16,57 пайыз болады деп болжап отырмыз. Яғни, инфляцияның төмендеу үрдісі байқалатын болады. Жылдық деңгейге болжам жасамаймыз, себебі ол болжап-білуге келмейтін көптеген сыртқы-ішкі факторларға байланысты.
Асылхан АҢДАШЕВ, экономист:

Қаржы-несие саясаты елдегі тұрақтылықты бірінші орынға қоюы қажет

– Қаңтар айының қорытындысы бойынша, елдегі инфляция көрсеткіші 20,7 пайыз болды. Сондықтан Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені 16,75 пайыз көлемінде қалдыруы, кем дегенде, инфляциямен күресуге арналған бағыт қазір экономикалық өсім мен оны ынталандырудан қарағанда маңызды болып тұрғанын көсетеді. Қаңтар айындағы шешімінде де инфляциямен күресу алдағы уақытта жалғасатынын жеткізген еді Ұлттық банк.

Мұндай шешімге әсер еткен, кем дегенде 3 фактор бар:
1. Ай сайынғы инфляция көрсеткіші әлі де жыл сайынғы тұрақты көрсеткіштерден жоғары болып отыр. Сондықтан бұл пайыздық мөлшерлемені азайтуға әлі уақыт бар екенін көрсетеді.
2. Саяси және экономикалық дүрбелеңге толы 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда экономикалық өсім тіркелгендіктен, елде қазір экономикалық өсімге емес, инфляциямен күреске акцент қойған артық болып отыр. Қаржы-несие саясаты елдегі тұрақтылықты бірінші орынға қоюы қажет. Инфляцияны қолдан шығарып алса, оны қайта орынға келтіру қымбатқа түсетін болады. Оның дәлелі – Аргентина мен Түркия.
3. Қазақстанның басты сауда әріптесі саналатын Ресейде әлі де ахуал тұрақсыз. Ал мұндай жағдайда пайыздық мөлшерлемені азайтып, экономиканы арзан несиемен қамтамасыз ету – ертең қиын жағдайларға алып келуі мүмкін. Сауда әріптестеріміз бен Әлем экономикасында тұрақтылық – пайыздық мөлшерлемені азайтуға мүмкіндік болса, керісінше, әріптестеріміздегі тұрақсыздық – экономикадағы арзан несиелерді оңды-солды таратпаудың алғышарты.

Алайда Ұлттық банк екінші тоқсаннан бастап инфляция деңгейі түсе бастады деп болжап отыр. Сондықтан алдағы уақытта пайыздық мөлшерлеме инфляциямен күрестен, жылдағы тұрақты көрсеткіштерге қарай жылжуы орынды болады. Ал жыл соңында инфляция 9-12 пайыз болуы қиындау, дегенмен 2022 жылғыдан аз болатыны түсінікті.

Қазір дамыған елдердің барлығы пайыздық мөлшерлемені көтеріп, инлфяциямен белсенді түрде күрес саясатын ұстанып отыр. Ал дамушы елдер мөлшерлемені дамыған елдерге еріп көтермесе, ол валюта курсына да кері әсер етуі мүмкін.
Қорыта айтқанда, елдегі қымбатшылық деңгейі баяуламай тұр.
дегенмен болжам бойынша, жоғары базалық мөлшерлеме биылғы екінші жартыжылдықта ахуалды тұрақтандыруға ықпал етуі керек. Дегенмен әлі де ескерілмеген факторлар бар, жағдайды нақты болжауға келмейді.
Ұлттық Банк инфляциялық қысымды төмендетуге және бағаның өсу қарқынын баяулатуға бағытталған ақша-кредит саясатын жалғастыратынын мәлімдеді. Кезекті жоспарлы шешімі 7 сәуірде жарияланады.

 
turkystan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста