Индерде игі істер қарқын алды

Индерде игі істер қарқын алды

Атырауда бесінші көпір пайдалануға берілді. Бұл көпірдің өзгелерден екі айырмашылығы бар. Бірі – осы көпір Индер ауданы тұрғындарының жетпіс жыл аңсаған арманы болса, екіншісі – қос құрлықты жалғаған көпір еліміздің аймақтарындағы аудандарда бар көпірлердің арасындағы ең ұзын көпір болып есептеледі.

Атырау облысының Индер ауданы – табиғи қазба байлығымен ерекшеленген аудан. Алайда жарты ғасыр бойы еш өзгерісті бастан өткермеген, экономикалық-әлеуметтік жағынан тұралап қалған да осы Индер ауданы еді. Қарапайым халық сан жылдар бойы ауызсудың проблемасымен қатар, екі құрлықты мекен еткен тұрғындардың бір-бірімен қатынас орнатуына мүмкіндік бермеген көпір мәселесі болатын. Жаз мезгіліндегі паром мен қыстағы қатынасу қиындықтары өз алдына. Соңғы үш жыл ішінде осы түйткілге қозғау салынып, кеше индерліктерді ғана емес, барша атыраулықтарды қуанышқа бөлеген жаңа көпір пайдалануға берілді. Оның ашылуына облыс әкімі Бергей Рысқалиев пен облыс ардагерлері, жергілікті тұрғындар қатысты.

Сонымен, еліміздегі аудандардың ішінде 700 метрлік ұзындығымен ерекшеленген жаңа көпірдің ені – 14 метр. Сайып келгенде бұл көпірдің пайдалануға берілуі Атырау аймағында, соның ішінде осы Индер ауданында өндірілетін өнімдердің көрші аймақтар мен Ресей елдерімен тауарлық қарым-қатынасына жол ашып отыр. Қазіргі күні пайдалануға берілген көпірдің жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста