Импорттың етегіне жармасудан не ұттық?

Импорттың етегіне жармасудан не ұттық?

Еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник өткен аптада «Қазақстанда өндірісті дамыту үшін біз өз рыногымызды үшінші елдердің импортынан сақтауымыз қажет. Барлық елдер осыны жасаған. Жапония мен Корея да мұны қолдап отыр. Бұл – протекционизм емес, бұл – өз өндірісімізді дамыту» деген мәлімдеме жасады. Школьник мырзаның осы мәлімдемесінен соң «елдегі өндірістің шырайы енді кіретін шығар» деп сенгің де келеді. Бірақ импортқа тәуелді мемлекет екендігіміз екпінімізді бәсеңдетіп тұрғаны жасырын емес.

Әлқисса...
Жалпы, Қазақстан – импортқа тәуелді мем­лекет. Отандық сарапшылар қанша жер­­ден әлемдік нарықта қазақтың ұлттық брендін асқақтататын өз өнімі болуы керектігін қадап айтса да, бұл салада тым ақсап жатырмыз. Қазақстаннан өзге ел ұлтының мәртебесін аспандататын өнім­дер легін бірінен соң бірін әлем базарына салып, пайдаға белшеден батуда. Ал біз біраздан бері әлемнің сауда базарында қа­зақтың атын шығаратын ұлттық брен­дімізді айшықтай алмай әлекпіз. Бағам­дасақ, Қазақстандағы ішкі жалпы өнімнің 20 пайызын ғана отандық кәсіпкерлер шы­ғарған тауарлар құрайды. Ал қалған қоғамға қат дүниенің 80 пайызын біз өзге елден тасымалдауға мәжбүрміз. Өкінішті­сі, «қажеттілікті өтейді» деген сол импорт­тың тасасында отандық өндіріс қана емес, ұлттық қауіпсіздігіміздің қалып жатқаны іштегі қыжылды оятады.
Біреудің қаңсығы – біреуге таңсық
Мойындау керек, қазір біз өзгенің қаң­сығын елге әкелуге тым құштар болып ал­дық. Алысқа бармай-ақ, талай қазақтың де­лебесін қоздырып, астындағы ат-кө­лік­ке айналған шетелдік автомобильдерді алайық. Сарапшылар бұл көліктердің әб­ден ескіргендігін, олардың кейбірі шет­ел­де әжетке жарамсыз болып қалғандығын қанша жерден дабырайтып айтса да, тың­дайтын құлақ жоқ. Шетелден тасымал­данатын азық-түлік өнімдерінің де сапасы сын көтермей жүргеніне күніне неше мәр­те көзіміз жетіп жүр. Бұл ретте экономика ғылымының докторы, академик Мең­лібай Мырзахметов:
– Ел боламын деген мемлекет әрбір пайдаланатын дүниесінің кем дегенде 30 пайызын өзінде шығаруы керек. Ал бізде, Өскеменде көлік шығаратын зауытымыз бар, оның өзінен түсіп жатқан пайда ша­малы. Таяуда мемлекетіміздің өнеркәсіп са­ласына өзіндік үлес қосып отырған Қа­рағанды, Өскемен, Шымкент тәрізді ай­мақ­тардың экологиялық ахуалын таразыға салып көрдік. Осы аймақтарда 25 мил­лиард тоннадан астам қалдық бар. Сол көзге сүйелдей болған қалдықтан қалай құ­тылуды білмеген біздің мамандар тау-кен саласынан шыққан қалдықты ақыры жол­ға төсеуді ойлап шығарды. Сонымен, «жартысының жартысын болсын, ұқсата­тын болдық» деп кең тыныстап жүргені­мізде, елімізге келген германиялық техно­лог­тар бұл жайтқа бастарын шайқап, біз­дің жол­дарымызды аяқтарымен басуға қи­май, қазақ жерінде өздерінен-өздері қуыс­та­нып, тартыншақтап жүрді. Ақыры шыда­май, бізге «Сіздердің жолдарыңыз алтын мен күмістен жасалыпты ғой» деген құпия­ның бетін ашты. Көрдіңіз бе, егер біздің 25 миллиард тонна қалдығымыз немістер­дің қолына түсетін болса, олар сол қал­дық­тың өзін синтездеп, қажеттеріне жара­тып алатын еді. Жалпы, қазақ өзінде өнім шығарғаннан гөрі өзгенікін пайда­лануды ыңғайлы санайды. Өсіп-өркен­деуді мақсат еткен елдің іс-әрекеті бұлай болмаса керек, – дейді.
Өзге елде қалай?
Ал бұл үрдіс өзге елде қалай? Біздің зерттеуімізше, басқа елдердің импортқа деген көзқарасы мүлде бөлек. Мәселен, Қытай мен Үндістанда импорттың көлемін, сапасын, сертификатын салмақтап, заң жүзінде бақылайтын арнайы мемлекеттік компаниялар мен мемлекеттік органдар жетіп-артылады. Бұл мемлекеттер сырттан тауар тасымалдайтын саудагерлеріне қа­таң талап қояды. Осы ретте экономист са­рапшы Мейрам Қабдырахманұлы:
– Қытай және Жапония мемлекеттері сырттан келетін 30 грамдық тауардың өзі­не 30 жерден талап қояды. Мысалы, Қы­тайға Ресейден балаларға арналған бояу заттары тасымалданады делік. Осыған бай­ланысты Қытайдың мемлекеттік ком­паниялары және мемлекеттік бақылау ор­гандары Ресейге тасымалданатын заттың салмағы қанша болуы керек, сандық құ­рамы, сапасы қандай болуы қажет – осы­ның бәрін жіпке тізгендей етіп хаттама тол­­ты­рады. Егер олардың жіберген затта­ры хаттамада көрсетілгендей талапқа сәй­кес келмесе, бір ғана қарындаштың құра­мында бір грамм қорғасын қоспасы кө­бейіп кетсе немесе бояуда химиялық зат­тар артатын болса, тауар кері қайтарылады. Осындай зиянды заттар кеденнен өтіп, саудаға түсіп кететін болса, сырттан ағы­латын тауарды бақылайтын мемлекеттік компаниялар мен мемлекеттік органдар қатаң жазаланады, – дейді.
Ал Қазақстанда қалай?
Біз керісінше, сырттан келетін тауарға салық көлемін азайтып, импортты құшақ жайып қарсы алып отырмыз. Экономистер «Қазақстан базарларының 90 пайызын импорт басып алды» деп қанша жерден даурыққанымен, бұған ден қойып жатқан жан баласы көрінбейді. Мысалы, Қазақ­станға өтер тұста шетелдік кәсіпкерлер кілемнің 1 шаршы метріне 0,3 доллар ға­на салық төлесе, олардың базарға шы­ғаратын бағасы 5-тен 40 долларға дейін көтеріледі екен. Сондай-ақ сырттан тасы­мал­данатын киім-кешектер мен ойыншық­тар көлемі де соңғы кезде 80 пайыздың көлемін құраған.
...Қазірде уақыт көші көптеген мем­ле­кеттерге импорттың етегіне жармасудың тиімсіздігін айқындап берді. Пайымдасақ, біздің де импортқа тәуелділіктен ұтылған жеріміз көп. Бүгінде экономикалық әлеуе­тін көтеруді мақсат тұтқан елдердің дені отандық тауарының айбынын асыруға күш салып бағуда. Демек, қазаққа да сырттан келетін импортты құшақ жая қарсы ал­ғаннан гөрі, отандық өнімнің жемісін кө­руге ұмтылу әлдеқайда тиімді...

Экономика ғылымының док­­то­ры, ака­демик Сағындық Сатыбал­дин:
– Жеңіл өнеркәсіптің халықтың әлеу­меттік хал-ахуалын арттыруға мұрындық болатынын ерте түсінген Қытай мен Үн­дістан қазір осы саланы дамытуға ай­рық­ша көңіл бөліп отыр. Алысқа бар­май-ақ, бауырлас өзбек, қырғыз аға­йын­дардың іс-тәжірибесіне көз жүгірт­сек, тоқыма және тігін саласында қан­шалықты есеміз кетіп отырғанын аң­ға­руға болады. Бұл күні киім-кешек пен аяқкиімді Түркия, Қытай, Қырғызстан елдерінен тасымалдауға мәжбүрміз. Импорт көлемінің артқаны бізді алаң­датуы тиіс. Сырттан келетін импортқа белгілі мөлшерде шектеу қою керек. Ондай әрекет жасамасақ, біріншіден, ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келіп жатыр. Екіншіден, жеңіл өнеркәсіп шы­ға­ратын кәсіпорындардың жұмысы алға баспауы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста