Идеялар банкі

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Өнертапқыштарды өрге жетелейтін заңдық нормалар керек

Жапонияның XX ғасырдың ортасында, яғни екінші дүниежүзілік соғыста қалай күйрегені тарихтан мәлім. Алайда олардың аз уақыт арасында экономикасын қарқынды дамытып, көшбасшы елдер қатарына қосылғанын да жақсы білеміз. Бұл - ерен еңбек пен сындарлы саясаттың жемісі. Олар жасап шығарған сапалы техниканы әлем мойындап, тіпті брендке айналды. Жоғары сұранысқа ие техникалар да осы елде өндірілуде. Ондай болса, біздің де отандық өнертапқыштарымызды босағадан төрге алып шығып, идеяларын игілімізге пайдаланып, бірегей өнім өндіруші елге айналуымыз ғажап емес. Әрине оған уақыт керек, қолдау қажет. «Алаш айнасы» осы тақырып аясында ой қозғап көрген еді.
Отандық БАҚ тарға берген бір сұхбатында «Самұрық-Қазына» қорының инновациялық саясат жөніндегі департаментінің жетекшісі Ғалым Әміреев былай деген болатын:
- «Ел іші, өнер кеніші». Ондай болса, халық арасындағы дарынды жандарды жарыққа алып шығу үшін біз түрлі конкурстарды жиі өткізіп тұруымыз керек. Мұндай бәйгелер өз кезегінде топ жарғандарды іріктеп алуда таптырмайтын құрал. Қажетке жарайтындарын өндірісте сынап көруге тиіспіз.  Сөйтіп, өндіріс орындары мен өнертапқыштарды ынтымақтастыққа шақырып, өміршең жобаларды қолданысқа енгіземіз. Айта кетейін, қаржы жағын мәселесін қарастырып,  грант бөлуге үкіметтің өзі мүдделі. Бүгінгі күні қуатпен қамтамасыз ету, балама энергетика және мұнай-газ саласы бойынша тың жобалар жетерлік. Отандық өндірісті дамыту үшін  ғалымдарымыздың идеяларын өндіріске енгізудің тиімді механизмдері қазір қолданыста. Соның бірі: кәсіпкер Инновациялық орталықтың сайты арқылы өнертапқыштармен байланысқа түсіп, біреуі ұсыныс жасап, екінші тапсырысты орындайды. Нәтижесінде идея, өнертапқыш, одан әрі өндіріс, ақырында тұтынушы арқылы өнімнің нарыққа шығу  процесі жүзеге аспақ.

Шенеуніктің дегеніне сенгің-ақ келеді...«Қолдау» демекші, үкіметке үлкен өкпе айту да артықтау болар. Арнайы бағдарламлар қабылданып, өнертапқыштарды ынталандыру саясаты дұрыс жолға қойыла бастағаны рас. Оны мойындау керек.
Десек те... «Бөлінген қаржы иесін таппайды, сыбайлас жемқорлық тағы бар» деп кейиді кейбір ғалымдар. «Мұндай түйінді түйткілдің шешімін табамыз» дегені қашан құзырлы орындардың. Алайда кейбір ғалымдардың сөздерін тыңдап, «баяғы жартас, сол жартас па» деп те қаламыз.
-Өндіріс орындары зәру болып отырған техниканы тек ойлап табумен бар мәселе шешіле қояр ма екен? Өкінішке қарай, біздің елде инновация мен ғылымды, ғылыv мен өндірістіықпалдастыру жағыақсап тұр.  Ғылым мен инновация қатар жүретін екі негізгі басымдық екенін айтуын айтып жатсақ та, іске келгенде іркіліп қалып жүрміз. Әсіресе отандық ғылымды әлемдік кеңістікке алып шығуда тым енжармыз. Қазақстанды экономикалық жағынан өсіруге және бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге отандық ғылымның орасан үлес қосуға әлеуеті жетер-ақ еді... Алайда үкімет тарапынан дұрыс қолдау болмай отыр десем артық айтқандық емес.
Нарықтың заңы қатал. Оған шығу үшін «тар жол тайғақ кешуден» өтуге тура келеді.  Мұндай қиындықтан басын алып қашатын кәсіпкерлер техниканы сырттан дайын күйінде алғысы келеді. Тіпті, оның қымбат бағасына да көз жұмып қарайды. Патенттеріміздің  шаң басып, батыстың экономикасының дамуына қомақты үлес қосып жатқанымыз өкінішті. Мемлекеттің отандық өндіріске жаңалық енгізіп жүргендерге жасап отырғаны әлі мардымсыз.
«Инновациялық жобаларды әкеле қал» деп отырған ешкім жоқ. Менің ойымша, кәсіпорындар үшін салықты жеңілдету керек. Сонда олар өзіміздің өнертапқыштарымыз ойлап тапқан өнертабыстарға қызығушылық танытар ма еді. Тағы бір мәселе, бізде патентті тіркету анау айтқандай оңай шару емес. Қағазбастылық діңкеңді құртып бітеді. Сондықтан да, өнертапқыштарды өрге жетелейтін заңдық нормалар керек. Міндетті түрде, - дейді,Д.Қонаев атындағы тау-кен институтының қызметкері, техника ғылымдарының докторы Б.Кораблев.
Инновация мәселесін дұрыс шешуді Елбасы жиі айтады. ҚР Президенті Н.Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 2-шы отырысында былай деп атап өткен болатын: «Біз әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылу мақсатында алдымызға жаңа міндеттер қойдық. Оны жүзеге асырсақ, еліміздің әлемдік өндіріске белсенді араласуына жол ашар едік. Бүгінгі отырыстың тақырыбы – «Қазақстанның инновациялық дамуы». Әлемдік экономикадағы бәсекелестік дәл осы инновацияға негізделген. Қазақстанда инновациялық қызметті қолдаудың 14 түрлі тетігі бар. Ғылымды қаржыландыру соңғы жылдары екі есеге артты. Ғылыми қызметкерлер саны болса, жеті есеге көбейді. Соңғы бірнеше жыл бедерінде отандық ғалымдар шетелден өз жұмыстарына 182 патент алды. Бұл жаман көрсеткіш емес. 454 инновациялық жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Мемлекетіміз дамудағы жаңа кезеңді қабылданып отырған «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдасы да айқындайды. Оны іске асырудағы ұйытқы болып отырған шараның бірі – ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі» дей келе, үкімет алдына мынандай келелі міндеттер қойды:
Бірінші: Білім жүйесін инновацияға қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге бейімдеу;
Екінші: Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыру;
Үшінші: Инновациялық жобаларға деген сұранысты арттыру;
Төртінші: Инновациялық қызметті реттеуді оңтайландыру;
Бесінші: Венчурлық инновациялық қор құру;
Сонымен қатар, елбасы жаңалық ашқандарға мемлекет тарапынан басымдығы жоғары қолдау көрсетілетінін атап өтті. Болашақта Елбасының тапсырмасымен «үш жеті бастама» жүзеге асырылуы тиіс. Нақтырақ айтсақ,  Қазақстанға әлемге танымал 7 ғалымды тарту, отандық 7 компанияны жоғары технологиялық тапсырыспен қамтамасы ету және 7 инновациялық старт-ап құруға қолдау көрсету.

Өнертабыс көптік етпейді
Өнертапқыштар арасындағы бәсекелестік барған сайын арта түсуде. Себебі, мына жаһанданған заманда адамдарды таңғалдыру оңай шаруа емес.Өнертабыс авторлары жаңалықтарының кереметі бірінен бірі асып түседі.
Іле Алатауының сыйы
Қазақстан азаматтарының жасын ұлғайту мәселесін қазір мемлекеттік деңгейде шешуге айрықша мән беріліп отыр.  Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылға халыққа жолдауында құзырлы салалар мен ғалымдарға осындай келелі тапсырма жүктеген-ді. Жалпы, адамныңөмір сүру жасын ұзарту - бүгінгі күні тек бізде ғана емес, бүкіл ғаламшарда өзекті. Назарбаев Университетінің атқарушы кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман Астана қаласында адам өмірін ұзарту мәселелері бойынша арнайы ғылыми зерттеу институтының ашылатындығын да хабарлаған еді. Оның айтуына қарағанда, институтқа негізінен білімді-білікті деген әрі әр сала бойынша тәжірибелі ғалымдар тартылмақ. Құптарлық қадам.
Жақында отандық ғалымдар Іле Алатаудың үш мың метр биіктігіндегі жәндіктерден сирек кездесетін кордицепс атты ұлпалы жасуша тапты. Бұл туралы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ұлттық ғылым академиясының академигіАбай Сағитов мәлімдеген болатын. Кордицепстің құндылығы оның микроэлементерге өте бай екендігінде болса керек. «Кордицепс әсерінен өлген жәндіктер ұлпасының сыртқы факторлардан қорғаныштық қасиеті зор. Бұл –  микроағзалардан қорғап тұратын табиғи антибиотик - кордицепиннің әсер» дейдіАбай Сағитов. Кордицепстің тек таудағы түрі ғана емдік қасиетті. Демек, отандық ғалымдардың адам жасын ұзартудағы еңбектері жемісті болмақ. Былайша айтқанда, кордицепстің көмегімен адам жасын 150-ге ұзартуға мүмкіндік тумақ. Кордицепс– бүйрекке өте пайдалы көрінеді әрі қан-тамырлар ауруларына ем. Сонымен қатар, тромбоцит пен лейкоциттердің орнын толтыруда таптырмайтын көмек. Қысқасын айтқанда «емдеуі қиынға соғатын гепатит, түрлі ісік аурулары, диабет, т.с.с дерт түрлерін Құдай қаласа,  жеңеміз» дейді мамандар. Айтпақшы,байырғы Қытай императорларының ең сүйікті тағамдардарының мәзірінде дәл осы кордицепс міндетті түрде қосылып отырған.
«Аталған кордицепс жасушасы түрі тек ғылымда ғана тиімді емес. Бұл– нағыз инновация. Инновациялық өнімді өндіріп, саудаға шығару арқылы біз отандық фарминдустрияның дамуына үлес қосамыз әрі шетелдік инвестиция тартамыз. Әлемдік нарықты мойындатамыз» дейді Абай Сағитов.

www.infobus.kz


Астана қаласы тұрғындарына жаңа бір жүйе қызмет көрсете бастапты. Нақтырақ айтсақ, қала тұрғындары бұдан былай, қыстың қақаған аязында аялдамада автобусты күтіп ұзақ тұрмайды. Жуырда іске қосылған сайттың (www.infobus.kz)көмегіне жүгініп, керек автобустың қаланың қай жерінде келе жатқандығын анықтап алады. Нәтижесінде, үйінен автобус аялдамаға жақындап қалғанда бірақ шығады. Қызмет – тегін. Мұндай жаңа жүйе сонымен қатар, жүргізушілерге де тиімді. Олар көлігіндегі бейнетіркеу құрылғысына арнайы чип қосып алып, олар да автобустың бағытын ажыратаалады. Ал ең кереметі – сөз болып отырған чип арқылы жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлікті алдын ала біліп отырады. Сөйтіп, сақтық шараларын күшейтуге мүмкіндік тумақ. Айта кетейік, бұл жүйе Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жасалған әрі жаңа жоба авторлары қазіргі кезде Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен қоян-қолтық жұмыс істеуде. 

Әмбебап техника

                                         youtube.com
Тараздық өнертапқыш Марат Аюбаев ойлап тапқан әмбебеп өрт сөндіру машинасы теорияда дәлелденіп, патентін де алыпты. Алайда, қаржының жоқтығынан техниканың «тиегі» ағытылмай тұр. Техника - екі тәулікке дейін тоқтаусыз жұмыс істей алатынға ұқсайды, нақтырақ айтқанда, 50 сағаттан көп. 67 жастағы Марат Аюбаев өрт сөндіру машинасының жобасын негізі 13 жыл бұрын жасап қойыпты. «Бір мүшелден кейін» қайта қолға алынған техниканың ерекшелігі - өртті 5 тәсілменөшіруге мүмкіндік бермек, яғни  көпсалалы өрт сөндіру машинасы бумен, бу аралас сумен, сумен, көбікпен және инертті газбен қатар жұмыс істей алады.Марат Аюбаевтің«өзі ойлап тапқан өнертабыстың әлі-ақ нағыз техникалық төңкеріс жасайтынына» күмәні жоқ. Олай дейтін себебі - «Аюбаев» өрт сөндіру машинасы Ресейден алынатын техникалардан 10 есеге арзан әрі тиімді. Жобасын арқалап, Аюбаев бірнеше мекемеге бас сұққан. Тіпті «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына да қатысқан. Бірақ қолдау таппай жүр. Автор медицина, энергетика салаларда жалпы 25 жаңалық ашқан екен. Оның 20-сы патентеліпті. Иә, «өнертапқыштарға есігіміз қашан да ашық, тек келсеңдер болды» дейді үкімет, кімге сенеміз..?

Мәңгілік қозғалтқыш

                                                          youtube.com
Ал маңғыстаулық  Сәттібай Дүйсенбаев «маған ешкім себейді» деп күйінуде. Ол «тоқтаусыз істейтін қозғалтқыш ойлап таптым» дейді. Бұрындары экскаватор игеріп, кейін ұзақ жылдар механизатор болып жұмыс істеген оның өнертабысы  - «отынсыз, мәңгілік жұмыс істейтін қондырғы». 
Әзірге өз әлемінде теңдесі жоқ, ғажайып двигательдің суреттегі үлгісі ғана бар. Сәттібай Дүйсенбаев қондырғыны ойлап табуға жиырма жыл арнапты.
Айта кетейік, двигатель ток өндіретін генераторға жалғанған. «Бұл қозғалтқыштың қуаты шектеусіз, құныбар-жоғы үш мың доллар ғана» деді ол. Өнертабысын дәлелдей алмай жүрген Сәттібай Дүйсенбаевқа сәттілік тілейміз біз.

Дараланған балалар

                                   expo2017astana.com
Біз жас өнертапқыштарымызбен мақтана алатын елміз.  Осыдан біраз уақыт бұрын Астана қаласында өткізілген «EXPO-2017 балалардың көзімен» тақырыбында «Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты халықаралық ғылыми практикалық форум болып өткен еді. Оған еліміздің барлық өңірінен180-ге жуық бала қатысқан-ды. Жобалар негізінен «жасыл» энергетика мен биотехнология саласы бойынша. Энергетика мен роботехникаға байланысты шығармашылық жұмыстар да кездесіп қалып жатты.
Соның бірнешеуімен таныстырып өтсек, қарағандылық Шыңғыс Смағұловтың жобасы халықты экологиялық таза газбен қамтамасыз ету негізделген. Нақтырақ айтсақ, ол малдың қиын қолдана отырып, табиғи газ алу әдісін ойлап тапқан екен. Табиғи газ ауырлау көмірсутектер мен метанның гомологтарынан тұратындығы белгілі. Ал  биогаздың тиімділігі – ол ауаға метан, яғни зиянды газдарды шығармайды. Сонымен қатар, ол экономикалық жағынан да тиімді. Ал қиды арзан отын көзі ретінде қолдануға болады.
Бидайды егуге, оны суғаруға, жинау науқанында ауылшаруашылығына бірнеше техниканы қатар қолдануға тура келеді. Қарағандылық Темірбай Сұлтан «бұл жұмыстың барлығын бір теникамен ғана атқаруға болады» дейді. Оның ойлап тапқан құрылғысы бірден 5 шаруаны тыңдырады. Ол GPS арқылы басқарылмақ. Жоба «Ауылшаруашылық техникасын дамыту және адамның жұмыстарын жеңілдету» деп аталады екен. «Біз ойлап тапқан құрылғының шөп шабатын шапкасы, екі жағындағы дәнсепкіші, соқасы, егерде болашақта истейтін болса, екі жағында су сепкіші болады» дейді жас өрен.
Қызылордадан келген Парасат Орынбасар өзінің инновациялық тәсілін қолдана отырып, Қызылорда облысындағы Бесарық өзенін өзінше жан-жақты тексеріп шыққан. «Суды тиімді пайдаланып, сол су арқылы электр қуатын өндіреміз» дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 180 оқушының инновациялық жобалары 5 номинация бойынша марапатталады. Ең үздік жоба иегері патент алу мен болашақта халықаралық көрмеге қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Картонның тағы бір кереметі


Ресейлік «1000 идея» атты сайты бойынша танымалдық жағынан көш басында қазіргі кезде картоннан жасалған велосипед ойлап тапқан адам тұр. Изхар Гафни Израиль азаматы. Бұрындары картоннан жасалған жиһаздарды білуші едік. Велосипедтің сапасы қандай болар екен? Велосипед майыспайды, ылғалға төзімді, адамның салмағын көтереді әрі қолыңмен  алып жүргенге де оңай,оның үстіне бағасы да арзан: бар жоғы он бес доллар.  Оның тағы бір тиімді жағы шикізаты  табиға таза.  
Әзірге мұндай велосипед жалғыз. Өнертапқыш әлеуетті инвесторлар іздестіруде. Негізі қызығушылық танытқандар аз емес көрінеді. Алайда Изхар асығар емес. Ол мұндай көлік түрін аса ірі көлемде түрде шығаруды жоспарлап отырғанға ұқсайды. Картоннан жасалған велосипед саудаға қашан шығады, оны уақыт көрсетеді. Әне-міне дегенше, Қазақстан нарығына да келіп қалуы ғажап емес.

«Бір сәтке болса да»


Француздық Тhe Mimi Foundation компаниясының тың идеясы мамандар мен қарапайым адамдар арасында жоғары бағаға ие болып отыр. Жыл басын жақсы жаңалығымен бастаған қайырымдылық қорының «Бір сәтке болса да»атты пилоттық жобасы тұсауын кескеннен кейін аз уақыт ішінде «хит» болып үлгерген. «Бір сәтке болса да» кампаниясының алға қойған мақсаты – қатерлі ісік ауруына шалдыққан жандарды психологиялық қолдау. Әуелде 20 әйел мен 20 еркекке сыналыпты. Нәтижесі күткендей болған екен. Былай қарасаңыз, науқастарға тым қарапайым ғана талап қойылған, яғни шаш үлгісін өзгертіп, бетті әрлеп, олардың түр-әлпетін ажарландандыру. Онкологиялық дертке шалдыққандар жандарды мамандар жұмыстарын аяқтағанша айнаға бір қаратпапты. Олар көздерін тек шаштараз, визажист, стилистердің рұқсатымен ғана ашқан. Расында да, сансыз дәрі-дәрмек, химиялық терапия сияқты ауыр-ауыр емдеу курстарынан кейін шаршап-шалдығып, еңселері түсіп жүрген жандар санаулы минуттарда өзгеріп, құлпырып шыға келгенде көздеріне жас алыпты. Дәрігерлердің пікірінше, адамның көңіл-күйінің ойламаған жерден осылай жақсарып шыға келуі ауруы жеңіп бара жатқан адамдар психологиясы үшін аса пайдалы екен. Кампанияның артын ала аталған шараға қатысқандардың суреттері шыққан кітап та жарық көреді. Идея авторларының айтуынша «Қатерлі ісікке шалдыққандар өмірі күрт өзгереді. Ешкіммен араласқысы келмей, өзін қоғамнан алшақтатып алады. Терең ойға түсіп кететін олар, өзін күтуден де қалып, күн өткен сайын нашарлай береді. Осыны ойлаған біз науқас адамға «Бір сәтке болса да»  қуаныш сыйласақ деген едік» дейді. Бейнеролик YouTube порталында көрсетілген екен, жазбаны екі апта ішінде он екі миллион адам көріпті. Көрермендер ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, кампанияны одан әрі жалғастыруларын сұрапты. Тhe Mimi Foundation компаниясының басшылығы болса, шараны бұрынғысынан де кең ауқымда өткізуді ойлап отыр.

Оқшау ой
Барынан не пайда, қолданысқа енгізе алмасақ....
Кезінде электронды оқулықтар шығаруға құзырлы министрліктің өзі мұрындық болып, бұрынғы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бір сөзінде «2012 жылы 2 миллиардтан астам теңге бөлінетіндігін» мәлімдеген болатын. Электронды оқулықты «инновациялық жоба» деп таныстырған Ұлттық ақпараттандыру орталықтарының басшылары отандық БАҚ-тар арқылы, «дұрыс бағыт алып келеміз. Қазіргі заманға сай білім беру еліміз үшін маңызды. Ондай болса, тәжірибеге электронды оқулықтарды енгізуде тынбай еңбек етуге тиіспіз» деген де, шыны керек, жөн екен дестік. Алайда оның артында үлкен түйін жатқанын сонда ешкім айтып жатпады.
Енді біліп жатырмыз, әлгі замануи оқулықтарымыздың көбісі пайдаға аспай, әлі ашылмаған күйі жатыр. Демек, миллиардтарды игілігімізге тиімді жарата алмай отырғанымыз ғой. Себебі, еліміздегі білім мекемелерінің компютермен жабдықталғаны 36 пайызы ғана екен. Әрине, оны қолданысқа енгізген мектеп оқушыларының білім сапасы жақсарған, оған дауымыз жоқ. Статистика солай дейді. Бұл мәселе Парламентте де көтерілді жуырда.
Осы тұста мынандай ой туындайды: әлгі миллиардтар арқылы алдымен орта білім мекемелерін компютерлермен жабдықтап алу керек пе еді... Әйтпесе біз есекті арбаның артына байлап қойған сияқты болдық. Тағы бір айтарымыз, құзырлы орындар не айтса, оны айтсын, бір білетініміз, ірі қалалар мен облыс орталықтарындағы мектептер болмаса, ауылдағы балаларымыз өркениеттен артта қалған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста