Ғылым мен бизнес түйіскен алаң

Ғылым мен бизнес түйіскен алаң

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында қазақстандық стартаперлер, ғалымдар, инженерлер мен іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен екінші «Инновациялық көпір: ғылым және бизнес» деп аталатын Диалог алаңы өтті. Екінші «Инновациялық көпір: ғылым және бизнес» Диалог алаңында 28 инновациялық жоба таныстырылады.

Шараға «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры Саябек Қанахин, iStartUp.kz сайтының негізін салушы, «Қазақстан стартап, инвестор сарапшыларының Қоғамдастығы» қоғамдық қорының президенті Константин Горожанкин, «ТАБЫС» венчурлік қоры тәуекел инвестициялық акционерлік қоры» АҚ президенті Олжас Сыздықов, Еуразиялық Одақтың ғылыми зерттеулер мен инновациялар бойынша «Көкжиек-2020» бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Камила Мағзиева, ҚР Азаматтық зерттеулер мен даму америкалық қорының (CRDF) өкілетті директоры Қанат Шакенов, Centras Venture Capital қоры президенті Тобыл Жылқыбаев, «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС директоры Кұрманғазы Омаров, Қазақстан Республикасы Банктер Ассоциациясы Атқарушы комитетінің басқарушы директорының орынбасары Әсия Тасболатова қатысты.
Диалог алаңы стартаптардың ғылыми-техникалық жобаларына қаржы көздерін тарту, инновациялық саладағы субъектілер арасында келісімшарт жасалуына ықпал етуді көздейді. Бұл шараны «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ ұйымдастырып отыр.
Қатысушы тараптар іскерлік ортаның, инженерлік және ғылым-білім саласының, ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерциализациялау мәселелерін жан-жақты талқылады. Айта кетейік, диалог алаңының бірінші отырысы ағымдағы жылдың 18 наурызында өткен болатын.
Екінші Диалог алаңының қатысушылары перспективалық ғылыми-техникалық зерттемелерді жалпы қоғам мен экономиканы дамытудағы ғылым мен бизнес арасындағы әріптестік байланыстың формалары мен әдістері мәселелерін талдады. Инновациялық жобаны коммерциализациялау, жаңа зерттемелерді нарықта кәдеге жарату және тұтынушы үшін күрес көзқарастары тұрғысынан қаралып, нақтылы анықталған шектеулер мен өзекті мәселелері сөз болды. Машина жасау, фармацевтика, агросектор, медицина, IT-технология, биотехнология, химия өнеркәсібі, мұнай өндіру, энергетика және тау-кен ісі салаларындағы жобалар таныстырылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста